Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Ақынның хаты өлмейді, батырдың аты өлмейді» демекші, қазақ халқы қашан да өз батырларын естен шығарған емес. Сондай батырлардың бірі - Көкпекті ауданы Өрнек ауылының тумасы, Кеңес Одағының батыры, батыл әрі ержүрек Қойгелді Аухадиев. Батырды еске алу мақсатымен оның есімімен аталып, ескерткіші орнатылған «Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» КММ-де аудандық дәрежедегі спорттық «NOMAD MMA» жарысы өтті. 

 

Мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.Мамаев оқушыларға патриоттық, Отанға деген құрмет пен қорғау сезіміне тәрбиелеуді мақсат тұтып, «NOMAD MMA» жарысын ұйымдастырды. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жарысқа жиналған қатысушыларға, құрметті қонақтарға, көрермендерге мектеп оқушылары би мен ән орындап, өнерлерін тарту етті. Іс-шарада «Батырдың өмір жолы» атты баяндама оқылып, интерактивті тақтадан алдын ала дайындалған суреттері көрсетілді.
Жүрекжарды тілектерімен мектеп директоры Т.Шаймарданов, Теректі селолық округінің әкімі Е.Күзембаев, Қойгелді Аухадиев батырдың немересі Д.Қойгелдин және Р.Жақыпбеков жас қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Бұл жарысқа ауданның барлық мектебі атсалысып, өздерінің жоғары дайындықтарымен келгендігін көрсетті. Жарыстың қызу әрі тартысты өтуінен, жас спортшыларды дайындап әкелген жаттықтырушылардың көп тер төккені көрініп тұрды.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орын дәрежесіне қарай мақтау грамотасымен марапатталып, медальдар тағылды. Сонымен қатар, қатысушыларды баптап әкелген жаттықтырушылар да Теректі селолық округі әкімінің және мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.
Аудандық ауқымды іс-шараны ұйымдастырып, жоғары дәрежеде өткізілуіне Теректі селолық округінің әкімі Е.Күзембаев, «Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» КММ- нің директоры Т.Шаймарданов және жеке кәсіпкер АТП «Жұлдыз» басшысы Р.Жақыпбеков демеушілік көрсетті.
«NOMAD MMA» жарысы дәстүрге айналып, жыл сайын өтілуіне Теректі селолық округінің әкімі үнемі қолдау көрсететінін айтып өтті.
Ж.Сейтқазы, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі


ҮЛГІЛІМАЛШЫ
Қайырымдылық айлығы аясында Үлгілімалшы селолық округінде аз қамтылған 2 отбасыға демеушілердің атынан көмір берілді. Аудан әкімі атынан аудан әкімі орынбасары М.Теміржанов соғыс ардагері Т.Сыдыков атаны үйіне барып құттықтаса, жастар ісі жөніндегі маманы, аудандық жастар маслихатының депутаты Е.Көкенов бастаған Абай атындағы «Мектеп балабақша» кешенінің тимуровшылар көмек тобы соғыс ардагері Т.Садыков атаның, жалғыз басты зейнеткер ана Қ.Елеусізованың отынын дайындап, сенбілік жұмыстарын жүргізіп берді.
Т.Әмиева, жастар ісі жөніндегі маман


САРЫБЕЛ
Ауылдық округ әкімінің м.а. Санат Батанұлы Қарымсақовтың шақыруымен Көкпекті аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ербол Төлешов келіп, ауыл тұрғындарымен кездесті. Сарыбелдіктерге қазіргі жағдайда мал шаруашылығы саласында аса ушығып тұрған жұқпалы мал ауруы бруцеллезге қарсы алдын алу жұмыстары жайлы әңгімелеп берді. Ауру малдың сүті мен етін пайдалану барысында оның иелеріне қалай жұғатынын, одан қалай сақтану керек екендігін түсіндірді. Сондай-ақ, басқа аумақтан мал келген жағдайда қандай шаралар жүргізілетіні туралы толық мәлімет берілді. Ауыл тұрғындарының қойған сұрақтарына Ербол Тұрлыбайұлы толық жауап беріп, ашық диалог алаңы орнады.


Ауылдық округ әкімшілігі ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз