Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биғаш ауылдық округінде ауылшаруашылық қызметкерлері күні аталып өтілді. Ауылдық округке қарасты тірек ауылдарындағы шаруа қожалықтарының басын қосқан, әсерлі де әдемі мерекелік кеш болды. Биғаш ауылдық округіне қарасты «Арна», «Көктерек», «Заря», «Виктория», «Жаннұр», «Мысыр», «Байназар», «Мерей» ШҚ басшылары кеш қонағы болды.


Ауыл әкімі Д.Оспанов мереке иелеріне құттықтау тілегін арнап, жылды табысты аяқтаған шаруалардың жеткен көрсеткіштерін дәріптеп, оларды Алғыс хатпен марапаттады. Мерекелік жиын соңы ақ дастарқан басындағы берекелі басқосумен жалғасып, округтің әкімшілік аппараты ұйымдастырған концерттік бағдарлама көрермен қауымды шаттыққа бөледі. Бұл жерде қызықты ойындар ойнатылып, еңбек адамдарын бір серпілтіп тастады.


Ж.Байсеңгірова, Биғаш селолық округінің клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз