Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр жыл мерзімінің өзіне тән қызығы бар. Соның ішінде жер бетін ақ көрпесімен қымтаған қыс мезгілі де кіршіксіз аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, ұйқыға кетіп мүлгіген тауларымен ерекше.

Толығырақ...

Міне, көптен күткен Жаңа жылымыз да келіп қалды! Халық арасында «Ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әр кірген Жаңа жылдың дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады» деген ұғым бар. Осы ұғымға сай әр адам, мейлі сәби болсын, мейлі ересек адам болсын Жаңа жыл мерекесінен бір ғажайып күткендей күйде болады.

Толығырақ...

Ақындық пен әкімдікті қатар алып жүру Нұрлан Үмітқазыұлы Назархановтың шабытына шабыт қосып, беделін үстем етуде. Адамдардың қуанышы мен қиындығы, өмірдің ақ пен қарасы ақындар тілімен айтылады. Осындай ақындардың бірі Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов жырымен сан додаға қатысып жүр. Қазақстан ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырған Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздікке тарту» атты жыр мүшәйрасына қатысып, бас бәйгені жеңіп алды. Аталмыш додаға қатысқан 300-ден астам ақындардың арасында Көкпекті ауданының намысын қорғап қайтты. Жыр мүшәйрасында ол Көкпекті ауданы тұрғындарын Қазақстан Ұлттық телеарнасы арқылы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Нұрлан Үмітқазыұлы топ алдында сөз алса, тілге шешен, халқының алдында беделі биік әкім. Өз ойын ақындық тілмен жеткізіп жүретін жандардың бірі.
Ауданымыздың әрбір азаматы осындай биіктен көрініп жатса, елінің қуанышы, өзінің жеңісі, ұрпағына көрсеткен үлгісі емес пе?!
Ақындық жолындағы бұл жеңісін тағы да құптап, оған шығармашылық табыс және әкімдік қызметі мен ақындық қаламы ұштала берсін демекпіз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Аптаның алғашқы күні аудан орталығындағы Қ.Алтынбаев атындағы Мә-дениет үйінде Көкпекті ауданы әкімінің атынан ата-ана қамқорлығынан айы-рылған, қамқорлықтағы, патронаттық тәрбиедегі, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың 9 – 13 жас аралығындағы бал-ғындарына арналған жаңа-жылдық шыршатой өтті.
«Кел, төрлет, құтты ме-нің Жаңа жылым!» деп барша бала сағына аңсап жүретін, бір ғажайыптың күшімен арман-тілектерінің орындалуын үміт артып күтетін, ғаламат пен сиқырға толы мерекені балдырғандарға тарту ететін осындай игі дәстүр азаттығымызбен бірге келгені баршамызға аян. Ел Тәуелсіздігінің ширекғасырлық ұлы мерейтойына сәйкес келуі бүгінгі шамдары жарқырап, түрлі-түсті әсем ойыншықтарман жасанған шыршаны одан сайын көріктендіре түскендей.
Сұлу шырша жанындағы шат мерекеге сан түрлі ертегі кейіпкерлері болып киінген, ауданның түкпір-түкпірінен аудан әкімінің өздеріне арнаған ғажайыпқа толы мейрамына асыққан балақандарды аудан әкімінің орынбасары Алмагүл Әкімова құттықтап, жүрекжарды ақ тілегін арнады.

Толығырақ...

Биғаш ауылдық округінде «Тәуелсіздік- ата-бабам аңсаған» атты салтанатты мерекелік шара өткізілді. Округ әкімі Қ.Ахметқалиев ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдіріп, аудан әкімі Р.Н.Сағандыковтың атынан, ауыл тұрғындары А.Лискевич, Ж.Қасымов, Р.Мұхаметқалиевті алғыс хатпен марапаттады. Ал, Тәуелсіздіктің төл құрдастары Ж.Әлімбаев пен Э.Ақжановаға шағын сыйлықтар тарту етті. Биғаш ауылдық округінің бұрынғы әкімі, қазіргі таңда ауыл ақылшыларының қатарына қосылған, зейнеткер Рауия Наурызбаеваға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі тағылды.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындарына Тәуелсіздік жылдарында өз үлестерін қосқан ұлы тұлғалар жайлы презентациялар көрсетіп, әдеби-монтаж, қойылымдар ұсынды. Кітапханада «Желтоқсан шежіресі - елімнің мәртебесі» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Ал, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Ұшқыр ой» тақырыбында топтық сайыс өткізілді. Сайыскерлер өз өнерлерін көрсетіп, жеңімпаздарға мақтау қағазы мен сыйлықтар тапсырылды. Мерекенің соңы ауыл жастарына арналған би кешіне ұласты.
А.Момбаева, Биғаш ауылдық округінің
кітапхана меңгерушісі

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз