Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы бойынша әкімдердің халық алдындағы қорытынды есебі Бастаушы және Мариногорка ауылдық округтерінде жалғасты.
Алқалы басқосуға Шығыс Қазақстан облысы әкімі апаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Ринат Арыстанбекұлы Арыстанбек және ауыл жұртшылығы өкілдерімен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, мәслихат хатшысы Талғат Сарманов баспасөз өкілдері, мекеме, ұйым жетекшілері болды.


Халық жиынын округ әкімі Қайдар Сұрашев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібі бойынша ауыл әкімі «Мариногорка ауылының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы» баяндама жасады.
- Мариногорка ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының негізгі бағыты – егін шаруашылығы. Округ бойынша барлығы 51 ауылшаруашылық бірлістіктер бар. Ауылшаруашылық өндірісінде пайдаланатын жерлердің аумағы 16539 га, оның ішінде егістік 12432, 2 га, шабындық 2 442 га, 2016 жылы дәнді дақылдар – 7529,5 га, күнбағыс – 2951,1 га алқапқа егілді, - деді округ әкімі. Тұрғындар тарапынан әкімге көптеген сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді.
Ауылда өткен жиында ұсыныс-пікірлерін білдірген тұрғындар еңбек ардагері И.Кенжинов ауылдың мәдениет ошағына жөндеу жүргізілсе деген тілегін және жедел жәрдем көлігіне жүргізушінің жоқтығы туралы айтты. «Фацелия» ШҚ басшысы, омарташы А.Шаров Көкпектідегі Қ.Раев атындағы балалар үйінің жабылып қалғанына өкініш білдіріп, жаз айында осы кәсіпті үйрететін шәкірттерінің жоқтығын тілге тиек етсе, мектеп ұжымының атынан ғаламтор желісінің баяулығы туралы ескертілді. Жиналыс барысында тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлерге байланысты аудан әкімі тиісті жауаптарын берді.
Ал, Бастаушы ауылдық округі әкімінің есептік кездесуі клуб үйінде өтті.
Алдымен сөз алған округ әкімі Айнұр Отаршина баяндамасында Бастаушы ауылдық округтің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы сөз қозғады.
Әкімнің айтуынша, Бастаушы ауылы биылғы жылды табысты аяқталғанын аңғардық. Сондай-ақ, округ әкімі алдағы жылдың міндеттері мен мақсаттарына да тоқталып өтті. Ал, ауыл ша-руашылық саласы жылдан-жылға табысты болып келе жатқанын баяндады.
Күн тәртібі бойынша сөз алған учаскелік инспектор Азамат Мүрсәлімов округ бойынша қылмыстық жағдайларға тоқтала келіп, жыл бойы 148 әкімшілік хаттама толтырылғанын айта келе, кез-келген азаматтың заңды бұзбай, қылмыстың алдын-алу азаматтық борышы екенін тілге тиек етті.
Ауыл әкімінің баяндамасын талқылауға Көк-жота орта мектебінің ұстазы, әйелдер кеңесінің төрайымы Гулжанат Конгулова және Абай атындағы орта мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Лаура Маткаримова қатысты.
Сөз алған азаматтардың барлығы ауылдық округ әкімінің берген есебіне қанағаттанарлық деген баға берді. Бұдан соң сұрақ-жауапқа кезек беріліп, бірқатар азаматтар әлеуметтік сұрақтар төңірегінде келген бөлім басшыларынан тиісті жауаптарын алды.
Әрине, шешілмеген, қордаланған, түйткілді істер де көп. Айнұр Баянғалиқызы округ әкімі болғалы бері нақты істер қолға алынғаны және атқарылып жатқаны ауыл халқына белгілі.
Жалпы алғанда былтырғы жылы ауданда іргелі істер мен ірі жобалар іске асырылып, көптеген жұмыстар қолға алынды. Аудан әкімінің бір жыл бойы атқарған жұмысына аудан халқы оң бағасын берді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз