Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр жыл мерзімінің өзіне тән қызығы бар. Соның ішінде жер бетін ақ көрпесімен қымтаған қыс мезгілі де кіршіксіз аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, ұйқыға кетіп мүлгіген тауларымен ерекше.


Күннің аязына қарамай, өткен сенбі күні Көкжайық орта мектебі әкімшілігінің ұйымдастыруымен сенбілік өтті. Әр оқушы, мектеп ұжымы ауызбіршілікпен сенбілікте белсенділік танытты. Сенбілік жұмыстарына 7-11 сыныптардан ер балалар және ер мұғалімдер тартылды. Оқушылар алдымен өздерінің сүйікті алаңдарын, яғни хоккей қорабын қартан тазартып, соңынан мектеп ауласына кірісті. Ал ер мұғалімдер болса, барлық сақтық шараларын сақтай отырып, мектеп төбесіндегі белуардан келіп жатқан қарды көзді ашып-жұмғанша күреп шықты.
«Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, осы сенбілікті ұйымдастырған мектеп әкімшілігінің түпкі мақсаты, мектепті қардан тазартып алу емес, осы жұмысқа тартылған әр баланың бойына еңбексүйгіштік қасиетті сіңіру.

Н.Меирманова,
жетекші маман, Көкжайық ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз