Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

САМАР
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған Самар ауылдық округінде мерекелік салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынға мемлекеттік қызметкерлер, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Жиналған қауымды ауылдық округ әкімі А.Күдербаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Э.Степанова, жастар атынан С.Қонақбаевалар мерекелерімен құттықтады. Жиын мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған мерекелік концертімен жалғасты.
4 маусым күні мектептерде тарих пәнінің мұғалімдері мемлекеттік рәміздердің тарихы мен калыптасуы туралы сынып сағаттарын өткізді. Ал, спорт модульда жастар арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа үш команда қатысты. Жеңімпаздарға мадақтама қағаздар және сыйлықтар табысталды.
Осы мерекенің шеңберінде біршама ісшаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, рәміздер күніне орай орталық кітапханада көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, көрмеге еліміздің рәміздеріне байланыс-ты кітаптар мен энциклопедиялық басылымдар және мерзімді басылым беттерінен жарық көрген мақалалар таныстырылды. Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімдерін кеңейту, оларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу болып табылады.

 

БИҒАШ
Биғаш ауылдық округінің ауылдық клуб үйінде және кітапханада Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 25 жыл толуына орай «Менің Отаным - Қазақстан» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты мемлекеттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыра түсу, қатысушыларды авторларымен таныстыра отырып, патриоттық сезімдерін ояту, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу. Сондай-ақ, «Менің Қазақстаным» тақырыбында сурет байқауы, кітапханада «Атамекен - ұрпақтар сабақтастығы, 25 жыл тағлымы» атты кеш өткізілді. Кеш барысында танымал еңбек ардагерлері – Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері А.Наурызбаев, Еңбек ардагерлері Д.Жақсыбаев, қарт ұстаз С.Қалиевтермен болған кездесу оқырмандардың көңілінен шықты.

ҮЛКЕНБӨКЕН
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым күні елімізде рәміздер күні мерекеленеді. Үлкенбөкен ауылында да бұл мереке аталып өтті. Іс-шараның шымылдығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Жиналған қауымды округ әкімі Н.Назарханов мерекемен құттықтап, ауылымыздың қоғамдық өміріне белсене араласқан, белгілі бір салада жетістікке жеткен жерлестерімізді алғыс хаттармен марапаттады. Округте өтетін шараларға демеушілік көрсететін ШҚ-на да алғыс хаттар беріліп, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер табыс етілді. Ауылдық емхана меңгерушісі З.Атимановаға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Мерекеге арнап мектеп оқушылары М.Амангельдинова, Т.Оралова, А.Ахметкаримова, А.Зейнолаева ән айтса, Ж.Қалибекова би билеп, көрермен қауымға тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады.

К.Баймолдина, клуб меңгерушісі

МИРОЛЮБОВКА
Мерейлі мерекеге қарсы ауылымызда түрлі іс-шаралар өткізілді. Ал, мектепте оқушылармен мемлекеттік рәміздер жайлы дөңгелек үстел барысында кеңінен өрбітті. Сондай-ақ, бұл күні Көкпекті ауданы әкімнің алғыс хатымен Миролюбовка мектебінін тәрбие ісі бойынша орынбасары Л.Мұсанбекова марапатталды. Барлық мекемелерде Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Жастардың патриоттық тәрбиесін көтеру үшін өткізілген іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерері фонында естелік суреттерге түсумен аяқталды.

ТАССАЙ
Ауылдық клубта мемлекеттік рәміздер күні мерекесінің 25 жылдығы құрметіне «Мәңгілік Елдің елтаңбасы» атты салтанатты іс-шара өтті. Бағдарламада мемлекеттік рәміздерді ерекше қастерлеу, құрметтеу және оны өзге жұрттарға мақтан тұту насихатталды. Сондай-ақ, Әнұранымызды жатқа айтумен қатар, Әнұран авторларының да кімдер екенін жатқа білу әрбір Қазақстандықтың қасиетті борышы екенін жеткізетін, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттайтын зияткерлік бағдарламада «Мәңгілік Елдің» болашағы туралы ой-өріс кеңіту сұрақ-жауаптар тағы басқа да сауалдар қойылып, тұшымды да ұтқыр лайықты жауаптар алынды.
Отырысқа ұжым жетекшілері және ауылдың белсенді жастары, сонымен бірге, Қазақстанды Отаным деп санайтын өзге ұлт өкілдері де құрметтеп шақырылды. Салтанатты шарада мерекелік құттықтаулармен қатар, Отан туралы, Астана, туған жер туралы, патриоттық ой-толғаулар мен пікір сайыстар топтамасы, сондай-ақ, ауыл өнерпаздарының орындауында музыкалық сәлемдеме жолданып отырды.

ҮЛГІЛІМАЛШЫ
Абыройы асқақ арайлы мерекеге орай әкімшілік залында Әнұран орындалып, мекеме қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасының рәміздеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Және тәуелсіз еліміздің ұлттық нышандарына арналған кітап көрмесі қойылып Әнұран, Ту, Елтаңбаға толықтай ақпараттар айтылды. Сонымен қатар, викториналық сұрақтар қойылып, еліміздің нышандары жайлы танымдық сұрақ жауаптармен алмасты.

М.Мырзабекова,
клуб меңгерушісі

БАСТАУШЫ
Ауылда Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынмен басталған іс-шара мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Жиналған қауымды округ әкімі А.Отаршина, ақсақалдар алқасының төрағасы Ш.Ғабитов құттықтады. Сонымен қатар, қоғамның дамуына үлес қосқан, қажырлы еңбегі үшін Р.Құдайбергенова аудан әкімінің атынан Алғыс хатпен марапатталды. Округ әкімінің атынан алғыс хатпен кітапханашы Ж.Маулханова, ақсақалдар алқасының төрағасы Ш.Ғабитов марапатталды. Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.
Бұдан бөлек, аудан әкімінің орынбасары М.Теміржановтың бастамасымен, округтегі ірі қара малдарға, сарп ауруына байланысты алдын-алу шараларының екпе жұмыстарын жүргізу мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Екпе жұмыстарына ау-дандық мал дәрігерлері жұмылдырылды. Жұмыстар ұйымшылдықпен атқарылды. Сондай-ақ, округтің мал дәрігерлері ұсақ малдардан қайталама қан алу жұмыстарын жүргізуде.

МАРИНАГОРКА
Маринагорка ауылдық округінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар өтті. Маринагорка ауылдық округінің бас маман хатшысы С.Санатова ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Жастар маманы мен кітапхана меңгерушісі мемлекеттік рәміздер туралы баяндамаларын оқып, слайд көрсетті. Мерекелік іс-шарада мемлекеттік рәміздерді білуге арналған интеллектуалды-танымдық сайыс өткізілді. Екі топқа бөлінген жастар бір-біріне мемлекеттік рәміздер туралы сұрақтарын қойып білімдерін шыңдады. Мәдениет үйінің меңгерушісі И.Кенжинов көрермендерге туған жер туралы патриоттық әндерін тарту етті. Ауыл жастарының ұйымдастыруымен «Ту, Елтаңба, Әнұран аясында лайықты жүреміз!» атты марафон өтті.

Т.Бахытжан, жетекші маман

САРЫБЕЛ
Сарыбел ауылдық округінде 4 маусым - Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай әкішілік қызметкерлері мен белсенді ауыл тұрғындары біріккен дөңгелек үстел отырысы болды. Тәуелсіздік еліміздің рәміздері тарихымен қалыптасқаны туралы таныстырылып сұрақ-жауаптар болды.
Еліміз үшін аса маңызды күнді мерекелеу барша қазақ елі үшін абырой.

А.Жапарқұлов, бас маман

ПАЛАТЦЫ
Палатцы ауылдық округінде Қазақстан Рес-публикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Елдігіміз бен ерлігіміздің белгілері» атты мерекелік салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға барлық тұрғындар жиналды. Шараны ұйымдастырушы жетекші маман Б.Шалғынбаева және ауылдық клуб меңгерушісі С.Қайсенова кіріспе сөз айтып, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Ал, ауылдық округ әкімінің м.а. Р.Оразаева құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты. Сондай-ақ, Рәміздер күні аясында «Болашақ сенен басталады» атты дөңгелек үстел өткізілсе, 3 маусым күні мектептерде тарих пәнінің мұғалімдері мемлекеттік рәміздердің тарихы мен қалыптасуы туралы сынып сағаттарын өткізді. Ал, округ кітапханасында «Рәміздер – мақтанышым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мерекеде Палатцы ауылының алаңында жастар арасында шағын футбол жарысы өткізілді. Жарысты ауылдық округ әкімі ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жеңімпаздарға мадақтама қағаздар және сыйлықтар берілді.

КӨКЖАЙЫҚ
Ауылдық округ кітапханашысы А.Кешубаеваның ұйымдастыруымен Мемлекеттік рəміздердің 25 жылдығына орай Көкжайық ауыл тұрғындарына шағын əдеби кеш өткізілді. Рəміздеріміз ұлықталған мерекелік шара мəдениет үйіндегі концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Ф.Абдрахманов, Г.Далбина, Г.Насымханова, Н.Мейірманова көпшілікке патриоттық əндерін жолдады.

Е.Әзімбаев, жастар кеңесінің мүшесі
Дайындаған: Қанат АПСАДЫҚОВА
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз