Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптаның сейсенбісі күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындары Самар өңірі көркемөнер-паздарының күшімен дайындалған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Бұл - Алаш қозғалысының 100 жылдығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын атап өтуге орай, Көкпекті ауданы ауылдық округтері арасында ұйымдастырылған «Қазақстанның көк туы желбірей берсін» атты көркемөнерпаздар байқауының жалғасы.


Аудан көлеміндегі барлық округтердің өнерсүйер қауымының басын біріктірген байқауды өткізудегі басты мақсат – тәуелсіздігіміздің тұғырлы екендігін паш ету, ел тұрғындарының бойындағы патриоттық рухты нығайту, сан ұлттар өкілдерінің татулық пен ынтымақтастықта мамыражай өмір сүріп жатқанына ризашылық сезімін қалыптастыру болып табылады.
Самар округінің өнерпаздары осындай шараларға жоғары дайындықпен келетіні аян. Әртүрлі жанрды қамтып, сахна сәнін келтірген әншілер мен бишілерді, вокалдық топтарды көрермен қызу қолшапалақпен қолдай отырды. «Қазақстан», «Ауылым», «Одна калына» украин әнімен МСУ вокалды тобы, ауданаралық аурухана бишілері орындаған «Русский танец», «Цыганский танец», агротехникалық колледж ұжымынан Айдархан Сарбасовтың термесі мен Динара Солтанбекованың «Туған жер» әні, Айжан Бекмұрат пен Ерлан Читояковтың орындауындағы туған жер туралы және махаббат сырын шертетін әндерін көкпектіліктер жылы қабылдады.
Қысқа да нұсқа болған концерт соңында Көкпекті ауылдық окгугі әкімінің м.а. Ерлан Қизатоллаұлы Ниязбаев сахна төріне көтеріліп, самарлық өнерпаздарға алғысын жеткізді. Сонымен бірге, аудан тұрғындарына жағымды сәт сыйлағаны, әр ұлт өнерінің бұлағынан сусындатқаны үшін Мақтау грамотасы мен естелік сыйлығын ұсынып, келгендерге биік жетістіктер, еліміздің тыныштығы мен жұртымыздың амандығын тіледі.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз