Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

15 Мамыр 2017

ШАҒЫН АУЫЛДАҒЫ ҮЛКЕН МЕРЕКЕ

Шалғайда жатқан шағын ауыл Егінбұлақта Ұлы Жеңіс мерекесі «Ауыл күні» деп аталған ауқымды шараға ұласты. Дала төсі дүбірге бөленіп, алыстағы Егінбұлаққа ағылған ағайынның қарасы көп болды. Аудан орталығы Көкпектіден, Семейден, көршілес Биғаш және Жарық ауылдарынан келген қонақтарды ауыл тұрғындары құшақ жая қарсы алды. Аудандық маслихат депутаты Нұржихан Абдрахманова, ауылдық округ әкімі Қайрат Айыпқазыұлы, құрметті ардагер Рауия Алпысбайқызы да бұл күні мерекелі ауылға ат басын тіреп, көппен бірге болды.

Read more

ЕРЛЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ МӘҢГІЛІК САҚТАЛАДЫ

Жеңіс күні 9 мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мереке екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Read more

ЖЕЛБІРЕ, ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ!

Миллиондаған адамның жанын қиып, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 72 жыл толып отыр. Тарихи маңызы мол, адамзат баласын қырғынға ұшыратқан соғыста Жеңіс күнін жақындатуға қазақстандықтар өлшеусіз үлес қосты. Бұл күнде уақыт көші соқпағының сүрлеуі аяқталар тұста, Жеңісті жақындатып, елге оралған батыр ағаларымыздың қатары сиреп, санаулы ардагерлеріміз қалды. Елі үшін жанын пида еткен аға ұрпаққа қандай құрмет көрсетсек те артық емес.

Read more

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БАТЫРЛАР ТУҒАН ТОПЫРАҚТА

Облыс әкімі Даниал Ахметов Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Көкпекті ауданына келді. Үш бірдей Кеңес Одағының Батырлары туған қасиетті Подгорное топырағында болып, соғыс майдангерлерінің рухына тағзым етті. Даниал Кенжетайұлы Көкпекті ауданының соғыс және тыл ардагерлерін құттықтап, Елбасының ыстық ықыласын да жеткізді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз