Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жеңіс күні 9 мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мереке екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.


Биыл, міне, сол жеңіске де 72 жыл толыпты. Ер-азаматтар қолдарына қару алып майданға аттанса, қарттар, әйелдер, балалар күн-түн демей ең-бектенді. Халқымыз Отан үшін от кешіп, елдік пен ерлік сынға түскен сәтте, қас қақпай өмірлерін құрбан еткен батыр ұл-қыздарын қастерлеп, қадір тұтады. Бірақ, бізге тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады.
9 мамыр Жеңіс күні Самар ауылында Даңк Мемориалы ескерткішінің алдында мерекелік шара өтті. Жиынға соғыс, тыл ардагерлері, мемлекеттік органдар мен құқыққорғау органдарының өкілдері және қонақтар, ауыл тұрғындары қатысты. Жиында алдымен Көкпекті ауданының жауынгерлерінің ерлігі туралы естеліктер айтылды. Бұдан соң жиналғандар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кездесу барысында, ең ресми сәті түсті. Қан майданда шайқасқан, жау қолынан қаза тапқан батыр бабаларының соғыста қаза тапқан майдангерлердің ұрпақтары, ауыл тұрғындары қолдарына Ұлы Отан соғысына қатысқан әке-аталарының, туған-туыстарының портреттерін ұстап «Мәңгілік полк» шеруі жүріп өтті. Бүгінгі ұрпақ қиян-кескі соғыста ерлік көрсеткен майдангерлердің есімі мәңгі өшпейтінін осылайша білдіріп отыр.
- Отанымыз үшін ерлік жасаған ата-ағаларымыздың суретін көрсетіп шықтық. Бұл кісілердің ерлігі мәңгі өшпейді, өлмейді. Бұл жерде кішкентай баладан еңкейген қартқа дейін жүр. Әрбір сурет – өзінше бір тарих. Олардың әрқайсысы – жаумен күресте жеңіске жету үшін, келешек ұрпақ үшін өмірін қиған ерлердің бейнесі. Сол үшін де батырлардың портреттерін тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқан ұрпақтары мақтанышпен ұстап жүр, - дейді Самар тұрғыны Күлбану Мужебаева.
Суреттері көп, бірақ өздері жоқ. Жүздерін көрмесек те, батырлық бейнелері қалды. Бірі әкесінің, бірі атасының, енді бірі бауырлары мен туған-туыстарының суреттерін мақтанышпен ұстап, орталық көшелермен жаяу жүріп өтті. Ұрпақтары батыр бабасы болғанын мақтан тұтады.
Даңк Мемориалы ескерткішінің алдында аудан әкімі орынбасары Алмагүл Әкімова, ауылдық округ әкімі А.Күдербаев бастаған жергілікті атқарушы биліктің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөзін соғыс ардагерлердің ұрпағы Александр Федосов жалғастырды. Барлық жиналған қауымға бейбітшілік, ашық аспан тіледі. - Біз – жеңімпаз әкелердің балаларымыз. Біз көрген қиындық кейінгі ұрпақтың басына келмесе екен дейміз. Біз бала кезімізден жұмысқа кірісіп кеттік. Соғыстан кейін халықтың жағдайы қандай болғанын біз жақсы білеміз. Бір үзім нанға зәру болған күніміз болды. Ал қазір, Аллаға шүкір, еліміз тыныш, халықтың қарны тоқ. Алла Тағала осы күнімізден айырмасын, - деді қадірлі ардагерлер Насылғазы Бойтұманов, Төлеген Қабдиев, Құсайын Ақтайлақов.
Жергілікті өнерпаздар соғыс жыл-дарындағы әндерді шырқады. «Дәншік» балабақшаның бүлдіршіндері «Соғыс балалары» атты әдеби композиция ұсынды. Колледж, мектеп оқушылары салтанатты сап түзеді.
Мерекелік шара соңында аудан әкімінің орынбасары Алмагүл Әкімова Валентина Степановна Федосованың үйіне атбасын тіреп, ақ жаулықты әже, аяулы ана, аудандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ішіндегі жалғыз әйел адамды мерекемен құттықтады. Аудан басшылығының құттықтауын тыңдаған Валентина Степановна үлкендерге көрсетілген құрметі үшін алғысын білдіріп, жас өрендерге ақыл-кеңесін айтты. Сая-си жаңалықтарды қалт жібермейтін, азаматтық ұстанымы белсенді Валентина апамыз биыл 94-інші көктемді қарсы алып отыр. Қымбатты ардагерлер, әлі талай жылдар арамызда, жүре беріңіздер, біз Сіздердің алдарыңызда мәңгілік қарыздармыз!

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз