Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

08 Мамыр 2017

ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ

Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар. Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз қазақстандық жас ұрпақтар үшін өнегесі мол тамаша үлгі!

ҚЫМБАТТЫ АРДАГЕРЛЕР!

Ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұту. Қазіргі таңда арамызда жүрген Нұрмұханбет Ақшалов, Балахонов Павел Яковлевич, Халиуллин Мустафа, Цепков Петр Иванович, Гарганов Федор Кузьмич, Винников Семен Михайлович, Кинбаев Елеусиз, Икласов Муталят, Кожаев Кусман, Тваровский Эдуард Юльевич, Чумаков Николай Иванович Федосова Валентина Степановна сынды ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету.

Сіздердің ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін, құрметті ардагерлер, Сіздердің алдарыңызда бас иеміз!!!

Е.Қалдыбаев, аудан әкімінің м.а.

Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз