Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Миллиондаған адамның жанын қиып, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 72 жыл толып отыр. Тарихи маңызы мол, адамзат баласын қырғынға ұшыратқан соғыста Жеңіс күнін жақындатуға қазақстандықтар өлшеусіз үлес қосты. Бұл күнде уақыт көші соқпағының сүрлеуі аяқталар тұста, Жеңісті жақындатып, елге оралған батыр ағаларымыздың қатары сиреп, санаулы ардагерлеріміз қалды. Елі үшін жанын пида еткен аға ұрпаққа қандай құрмет көрсетсек те артық емес.


«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» дейді ұлы батыр ұрпақтары. Олар ұрпағының болашағы, бейбіт заман, азат өмір мен ашық аспан үшін қасық қаны қалғанша күресті. Олай болса, Отан үшін от кешкен отты жылдар естелігі мәңгі өшпек емес! «Жеңіс» саябағында орналасқан ескерткіш алаңы 9 мамыр күні халыққа толы болды. Алаңға жиналған көкпектіліктерді аудан әкімінің м.а. Е.Қ.Қалдыбаев құттықтады.
- Бүгiн 9 мамыр - Жеңiс күні. Бүгінгі күні Отан үшiн от кешiп, кеудесiн оққа тосқан ардагерлердiң қатары саусақпен санарлықтай ғана қалды. Ұлы Отан соғысы жыл санап тарихтың қойнауына бойлап бара жатса да, оның қаһарлы сызы ешқашан ұмытылмақ емес. Халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарының майдандағы ерлiктерiн, «Бәрi де майдан үшiн, бәрi де жеңiс үшiн!» деген ұранмен еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің ерлiк iстерiн үлгi тұту - бәрiмiзге ортақ міндет. Кейінгі ұрпақ олардың мәңгiлiк өшпес рухы алдында бас иедi! Ұлы Жеңiс күнi құтты болсын! - дедi өз сөзінде Ерлан Қабайұлы.
Мерекелiк шара мәңгiлiк алауға гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді жиналған қауым бiр минуттық үнсiздiкпен еске алды. Сөз кезегінде соғыс ардагері Елеусіз Кинбаев, тыл ардагері Камалбек Кисин және Көкпекті ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы капитан А.П.Цыбенко, Ж.Шайжүнісов ом М.Қалматаев атындағы әскери клубтың мүшесі Ерасыл Баяхмет жиналғандарды айтулы күнмен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Құттықтау сөзден кейін Ұлы Жеңістің 72 жылдығына әзірленген сахналық көріністер көрермендерге қарай жол тартты. Сахналық қойылымның соңы Ұлы Жеңіс күніне ұласты. Қазақ даласында, қазақ елінде тойланып жатқан Жеңіс тойы. Осындай мағынасы терең, ауқымы кең сахналық қойылымдарды дайындап, актерлік шеберліктерін байқатып, шынайы образ жасай білген Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 9-10 сынып оқушылары және мәдениет үйі әртістеріне аудан халқы риза болып, қошемет көрсетті. Бұдан кейін мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері салған әсем ән Жеңіс күнін шырайландыра түсті.
Сондай-ақ, бұл күні Көкпекті ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне облыс әкімінің атынан 500 мың.теңгенің сертификаты және Көкпекті аудан әкімінің атынан 61 мың теңге сыйға тартылды.
Сонымен қатар, салтанатты жиыннан соң, Көкпекті ауылдық округі әкімінің м.а Ерлан Ниязбаев округтегі тыл еңбеккерлерінің үйлеріне арнайы барып, сыйлықтар таратып, мерекелерімен құттықтады. Тыл еңбеккерлеріне сый-құрмет көрсетуге демеушілік көрсеткен жерлестеріміз Г.Нұрғалиева, А.Бойков, Х.Фахрудинов және С.Сұлтановтың игі істеріне алғысымыз шексіз.
Ұлы Жеңістің ерлікке толы, тарихи күндері ешуақытта ұмытылмайды. Майдангерлеріміздің Отан қорғауда жасаған ерліктері мәңгілік, ол уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгі-өнегесін көрсеткен жеңімпаз бабаларымыздың рухына бас иеміз. Тәуелсіз мемлекетімізде, қазақ жерінде Көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін, елімізде бейбітшілік мәңгі орнасын!
Әрин және Бақытжамал Кемербаевтар, зейнеткерлер, еңбек ардагерлері:
- Мен 12 жастан сиыр сауып, еңбек еттім. Соғыстан кейінгі жылдардың ауыртпалығын көп көргендердің бірімін. Бүгінде 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр анамын. 14 немере, 3 шөберенің ортасында бейбіт өмір сүрудеміз. Сондықтан да Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан әрбір ардагерге кейінгі ұрпақ атынан мың мәрте алғыс айтамыз. Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Күлия Ғабдуллина, тыл еңбеккері:
- Жеңіс күні тек соғыс ардагерлерінің ғана емес, барша қазақстандықтардың айрықша мерекесі. Бұл сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің, қиян-кескі ұрыстан аман келген ата-әжелерді құрметтеудің нағыз үлгісі көрсетілетін күн. Биыл да Жеңістің 72 жылдығы мерекесі ауданымызда ерекше сән-салтанатпен аталып өтуде. Төлеу Әмірғалиева, зейнеткер:
- Бұл барлығымызға ортақ мереке. Жерлестеріміздің Жеңіске қосқан үлесі өлшеусіз. Сіздер сыйлаған бейбіт өмірде бүгінде еліміз дамып келеді. Сіздерге әрқашан құрмет көрсету біздің парызымыз, мерекелеріңіз құтты болсын!
Сартай Батырбекова, тыл ең-беккері:
- Ұлы Жеңіс күніне орай ұйым-дастырылған мәні зор мерекелік шараға жыл сайын қатысып тұрамын. Өзім 8 баланы дүниеге әкелген Алтын алқалы анамын. Ұлы мерекемен барша көкпектіліктерді құттықтаймын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілеймін!
Әлия Жапарова, зейнеткер, Батыр ана:
- Ұлы Отан соғысы біздің халқы-мыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан оқиға болса, Ұлы Жеңіс күні аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Сондықтан, барлық жерлестерімізді жарқын мерекемен құттықтаймын!
Советқали Айдарғазин, еңбек арда-гері:
- Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Отан соғысында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз. Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз, бұл күнді қазақтардың әлі талай буыны мерекелейтін болады.
Қуандық Сағалов, еңбек ардагері:
- Қан майданнан оралмаған батыр қандастарымыздың есімі мәңгі ел есінде, ал, осы күнге жеткен қазыналы қарттарымыз, ардагерлеріміз әрқашанда мемлекеттің ерекше қамқорлығында.
Қымбатты соғыс және тыл арда-герлеріне осынау айтулы мерекеде мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, шаттық тілеймін.
Кеңес Оспанов, еңбек ардагері:
- Ардагерлеріміздің ерен ерліктері арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты ғұмыр кешудеміз. Жерлестерімді Жеңіс күнімен шын жүректен құтықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір бен береке-бірлік тілеймін
Қалкен Ұлтарақов, еңбек ардагері:
- Киелі соғыс аяқталғанына, міне, 72 жыл болды. Бұл күн әр отбасы үшін әділдік пен салтанаттың нышаны ретінде айтулы мерекеге айналды. Соғыс ардагерлеріне сұрапыл жылдарда Кеңес әскерінің жеңілістер мен қиыншылықтарын басынан кешіріп, жеңіске сеніммен қарап, өз халқы үшін барлық күштерін аямағандары үшін алғысым шексіз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз