Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көп күттірген жарқыраған мамыр күндері де келді, онымен бірге күннің сәулесі молынан жерге төгіліп, ағаштардың жапырағы жайлып, құстар сайрап қанаттарында мерекені әкелді. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
1 мамыр күні Самар ауылында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шеру өтті, оған округтің мекеме, шаруа қожалық ұжымдары атсалысты.


Салқын ауа райына қарамастан самарлықтар көтеріңкі және тамаша көңілімен 1 мамыр мерекесін қарсы алды. Ең бастысы, бұл шараға бүлдіршіндер өте көп жиналды, мерекенің сәнін келтіріп жіберді. Олар күліп-ойнап, ашық аспан, бейбітшілік өмірге қуанышты. Иә, біз бірлік, бұлтсыз аспан, ынтымақпен мақтан етеміз. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз мемлекеттік ұлттық саясатты айтқан кезде, халықтар арасындағы тұрақты бейбіт қарым-қатынастардың сақталуын, сондай-ақ ұлттық мәдениеттердің өздері сақталуын ғана емес білдіреді».
1 мамыр мерекесі Елдің мемлекеттік рәміздері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы аясында өтті. Әсіресе, қымбатты мамыр күні мейрамы біздің Республика көп ұлтты халқының ортақ тарихи, дәстүрі біріктіреді.
Құттықтау сөзінде Самар ауылдық округінің әкімі А.Ф.Күдербаев: – Бүгінгі күн мемлекетімізді мекендейтін көпұлтты халықтың бірлігінің және бейбітшілігінің символы. Біздің округте 12 ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанның көпұлтты татулығы, ынтымақтастығы - ең бірінші байлығы. Құрметті жерлестер! Барлықтарыңды Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын! Әр отбасына береке-бірлік, татулық, баянды бақыт тілеймін! - деді Ахмет Фазылұлы
Келесі құттықтау сөздерін Самар орта мектеп директоры В.Ф.Кутателадзе болгар тілінде жеткізді. - Әрбір киелі қазақ жерінде тұрып жатқан адам - Қазақстан туған жеріне, өз шаңырағына айналды. Мұнда біз өмір сүріп жатырмыз, бала өсіріп, ата -бабаларымызды еске аламыз, оларға Қазақстан туған Отанына айналды. Мерекемен құттықтаймын! Ашық аспан, бейбітшілік өмір тілеймін!
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, байырғы ұстаз А.В.Сычев орыс халқының атынан бейбітшілік пен еңбек мерекесімен құттықтады. Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицей оқушысы Үмида Хайдарбекова өзбек тілінде Қазақстан Республикасының бірыңғай шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін, - деді сұлу ару.
Фольклорлық әжелер клубы «Асыл қазына» құрылғанына бес жыл толды. Осыған сәйкес, мерекелік шара барысында әжелер тобына аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Қалдыбаевтың атынан алғыс хат, естелік сыйлық табысталды. Тамаша мерекелік шара түсті де тартымды концертке ұласты.
Бірлік пен ынтымақтың, бостандық пен бақыттың, еркіндік пен ерліктің қасиетті жері - Қазақстан! Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі отандастар тебіреніспен, ерекше екпінді леппен елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елі нығайып, өркендеуіне өз үлестерін қоса берсін!

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз