Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздікке апарған ұлы да, ұзаққа созылған жол тайғақ кешуден тұрады. Бұл жолда ата-бабаларымыз ұлан-ғасыр жерімізді сырт жаулардан қорғау үшін ғасырлар бойы күресіп келді. Талай батыр ұл-қыздарымыз толарсақтан саз кешіп, еркіндікті аңсады. Ұлы даламызды қазіргі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Тәуелсіздігіміз жарияланған күн – Отанымыздың тарихында алтын әріппен жазылып, көкейімізден кетпейтіндей сезімде қалатын күн. Тәуелсіздігімізді ардақтау, оны ерекше атап өтудің жөні бір бөлек. Бодандықтан шығып, бостандыққа жеткен, елдігімізді аңсап, ертеңгі күнге жеткізген 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні ұлық мерекемізге 25 жыл толды.


Бұл мерекені атап өту үшін Үлкенбөкен округ әкімшілігі аппараты мен ауылымыздағы мектеп-балабақша кешенінің ұжымы да бір кісідей қатысты. Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары С.Тоқтамысова, көркемдік жетекшісі С.Мұрзабаева, талантты музыкант М.Нұрғалиевтің және мектептің кішкентай жұлдыздары Алуа Ахметкаримова, Мөлдір Тасилова, Нұрай Барлыханова, Дулат Манарбектің, жас маман А.Дерингтің әндері және Жанель Қалибектің мың бұралған биі көрерменнің көңілінен шықты. 6 «А» сынып оқушыларының орындауындағы «Мекенім - Қазақстан» атты флешмоб көрерменді кереметтей әсерге бөледі.
Аулымызда әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Қазақтың «қара жорғасымен» шығып, сосын украин, өзбек, орыс халқының ұлттық билерін билеп, ұлттар достығын паш еткен «Шаңырақ» биі мерекелік концерттің шарықтау шегі болды десек артық айтпағанымыз.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, егемендігіміз баянды болсын!
Г.Калиева, Үлкенбөкен мектеп
балабақша кешенінің ұстазы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз