Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгін ауыл тірлігін тіптен ерте бастап кетті. Күн шығардағы шыңылтырды суықты елемей алма бетінің ұшын аяз сорып қызартса да қыңқ етпей мерекелік күйге еніп қарбаласып кеткен қауымның қағанағы қарқ. Өйткені, бүгін Тұңғыш Президентіміз жалпы Қазақ елінің тумысында тұңғыш рет президент деген сөзді иеленген күні желтоқсан айының бірінші жұлдызы. Қан мен термен келген азаттықтың аясында пайда болған қастерлі күн болатын.


Мемлекеттік Әнұранмен ашылған дәстүрлі салтанатты шара округ әкімі Е.Мазыбаевтың жерлестерімізді мерекелік құттықтауымен басталды. Ауыл басшысы құттықтаудан соң бүгінгі күннің берекелі бірлігіне тоқталып, ауыл тірлігіне белсене араласып жүрген біраз азаматтарға алғыс білдіріп, марапат жасады. Өз кезегінде «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы төрайымы, зиялы ұстаз әпкеміз С.Чалова барша жұртқа ақ тілегін айтып, бүгінгі мерекеге сәйкес Елбасымыздың ерен еңбегі мен ерлігіне бас иіп, ежелден еркіндік аңсаған бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы жеткен алтын ғасырының тарихнамасын жадымызға салып өтті. Ауылдың қадірлі қариясы, Көкпекті ауданының құрметті азаматы Қуан Түсіпбеков ақсақал осынау ұлық мерекеге ойлы орнықты сөздерін арнаса, «Жас Отан» жастар қанаты атынан жас мұғалима «Нұр Отан» партиясының мүшесі М.Жүнісова да жалынды жас тілектерін жолдады. Әр кезең сайын музыкамен өрнектеліп отырған мәдени іс-шараның соңына қарай сахна төріне Тассайдың төлтумасы, аймаққа аты мәлім «Атымтай-жомарт» ауылдасымыз «Қалиқанұлы» шаруа қожалығының басшысы М.Халиков шақырылды. Сонау бір жылдары кіндік қаны тамған ата жұртына тағзым ете келіп «Бөдес Баба» мешітін салып беріп, күні бүгінге дейін халық қамқоршысы боп жүрген бауырымыз Марат баршаға ілтипат білдіре, бүгінгі мерекемен орайластыра еңбегін адал атқарып жүрген біраз еңбеккерлерге өз құттықтауын айтып, құнды сыйлықтар тарту етті. Мерекелік шараның жалғасы Омск-Майқапшағай тас жолы бойындағы жол қиылысында Тассай елді мекенін айшықтап тұратын айдарлы белгінің (Арка) ашылу салтанатының тұсаукесері өткізіліп, ел жиылып, бас қосып, үлкендер шашу шашып батасын берісті. Бәрекелді!
Түс ауа «Әли» дәмханасына М.Қалиқанұлы ауылдастарын мерекелік дастарханға шақырып, құрмет көрсетті. Мәдени іс-шарада ауыл көр-кемөнерпаздары да бар өнерлерін ортаға салды.

К.Байжұманов, Тассай ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз