Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстандықтар үшін теңдесі жоқ тарихи күн - Төл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өткен қайырымдылық акциясы негізінде аудан әкімінің орынбасарлары Алмагүл Жанахметқызы Әкімова, Марат Қапарұлы Теміржанов, Ерлан Қабайұлы Қалдыбаевтың басшылығымен ауылдық округ әкімдері және баспасөз өкілдерімен бірге Ұлы Отан соғысы ардагерлерін арнайы барып, Ұлттық мерекемен құттықтап, оларға кәдесыйлар табыстап шықты.


Көкпекті ауылдық округінде тұратын ардақтыларымыз, бүгінде қарттық жеңіп, денсаулық жағдайы сыр бере бастаған сүйегі асыл жандар - Мұстафа Халиуллин ата, Илья Иванович Бирюков, Петр Иванович Цепков өздеріне көрсетіліп жатқан аялы қамқорлық пен қолдауға қатты қуанып, бір жасап қалды десек артық емес. «Біз өзімізді бақытты деп санаймыз. Сонау сұм соғыстың отты майданынан аман қалып, Қазақстандай қойнауы кенге, дархан даласы малға толы, кеңпейіл халқының бірлігі жарасқан бейбіт елде ұрпақтарымыздың молшылықта, шаттықта өмір сүріп отырғанының куәсі болып отырмыз. Біз сол алапат жылдардағы ерлігіміз бен еңбегіміздің зая кетпегеніне қуанамыз. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен барша жерлестерімізді қуана құттықтаймыз. Береке-бірлігінің қаймағы бұзылмаған көпұлтты Көкпектіміз жылдан-жылға көркейе, гүлдене берсін», - деп өздерін құттықтауға келген А.Әкімоваға ізгі тілектерін жаудырды.
Сондай-ақ, бұл күні Үлкенбөкен ауылдық округіндегі соғыс ардагерлері Елеусиз Кинбаев, Семен Михайлович Винников, Преображенка ауылында тұратын Федор Кузмич Гарганов, Нұрмұханбет Ақшалов сынды ескінің көзі, алтынның сынығындай қымбаттыларымыз да назардан тыс қалған жоқ. Соғыс ардагерлерін әдейілеп атбасын бұрып, аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов округ әкімшілігімен бірге құттықтап шықты. «Сіздер біз үшін орындарыңыз ерекше жансыздар. Өйткені, Ұлы Отан соғысының қанды қырғынында елді жау басқыншылығынан аман сақтап қалу үшін бойларыңыздағы күш-жігерлеріңізді салып, батылдық пен жанқиярлықтың үлгісін көрсеттіңіздер. Жау оғына кеуделеріңізді тосып, аналар мен балалардың алаңсыз өмір сүруі үшін күрестіңіздер. Сол күндердегі қаһармандықтарыңызды бүгінгі ұрпақ әрқашан үлгі тұтатын болады», - деп Марат Қапарұлы өз қолымен сый–сияпаттарын ұсынды.
Самар ауылдық округінде тұратын 2 соғыс ардагерінің бірі - Мүтәләп Ықласов ата қанқұйлы соғыстың алапат өртінен аман қалып, одан кейінгі ауырпалығы мол жылдары еңбек майданында тер төккен құрметті ақсақал. «Қымбатты Мүтәләп ата, сізді егемен еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Кейінгі ұрпақтың бақытты өмірі үшін жасаған ерлігіңізге ризалығымды білдіремін. Бұдан былай да денсаулығыңыз сыр бермей, ұзақ жасай беріңіз», - деген құттықтау тілегін арнады аудан әкімінің орынбасары Е.Қалдыбаев.
Келесі кезекте, құрамында ауылдық округ әкімі А.Күдербаев еріп жүрген құттықтаушы топ соғыс ардагері, зенитші, Кеңес Одағы кезеңіндегі партия белсенді қызметкері Валентина Степановна Федосованың үйіне кіріп шықты. Аудан басшылығы тарапынан ардагерлерге көрсетіліп жатқан осындай сый-құрметке шын көңілден ризалығын білдірген Валентина Степановна мен Мүтәләп атаның қуаныштарында шек болған жоқ. «Еліміздегі тұрақтылық пен татулық, экономикалық-әлеуметтік өрлеу, ұрпақтарымыздың бақытты да алаңсыз тіршілігі, ардагерлерге деген ерекше құрмет үшін баршаңызға үлкен рахмет», - деп шексіз алғыстарын жеткізді. Соңынан Сарыбел округінде тұратын Павел Балахоновтың үйіне кіріп амандығын сұрап, сый-сияпаттарын жасаған аудан басшылығы қарияның алғысын арқалап, ақ батасына бөленді.
Саусақпен санарлықтай болып ортамызда жүрген ҰОС ардагерлерінің қатары жылдан-жылға сиреп бара жатқаны, әрине, көңілімізге қаяу салатыны рас. Әйтсе де, біз осы ардақтыларымыз жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып, олардың бақытты өмір сүріп жүргенін медеу қылып, әлі де арамызда жүре тұрғанын қалаймыз. Аман-сау болыңыздаршы, қарт майдангерлер!
Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз