Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биғаш ауылдық округі бойынша 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, ауылымызда қыз-келіншектердің қатысуымен “Ана - өмірдің шырағы” атты мерекелік ойын-сауық өтті. Оған Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері, көп балалы аналар және қыз-келіншектер шақырылды. Ауылымыздың әкімі Р.Наурызбаева аналарды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ауыл жастары және мектеп оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қызықты тамаша қойылымдар қойылды. Тамашаның тарландарына ауыл кәсіпкерлері Р.Тоқпанова, Н.Ахманбетова, О.Камзаев демеушілік жасап, ақылай сыйлықтар табыс етті. «Алтын алқа» «Күміс алқа», көп балалы аналарды жеке кәсіпкерлер Г.Нұрғалиева «Заря», А.Чинтемиров «Сәт», С.Қалиев «Мысыр», Б.Амренов, М.Әкежанов құттықтап, бағалы сыйлықтар таратты.
Сонымен қатар, учаскелік инспектор полиция майоры Р.Ибраев, ауылымыздағы 100 жасқа толатын әжеміз Галиева Қамияны құттықтап, сыйлығын табыс етті.
А.Момбаева,
кітапханашы, Биғаш ауылы

Мектебімізде Ауған соғысына қатысқан ардагерлерді еске алу-ға арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға мектебіміздің ұстаздары мен 7-11 сынып оқушылары қатысты. Мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі В.Онищенко Ауған со-ғысы туралы берген қысқаша мағлұмат берді. - 1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ау-ғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. 1989 жылы бұл қырғи-қабақ соғыс аяқталып, 15 ақпанда барлық сарбаздар Ауған жерінен шығарылды. Қазақ жерінен Ауғанстанға 22 269 сарбаз жіберілген. Олардың 920-сы майдан даласында опат болса, 21 сарбаз із-түзсіз жоғалып, 1015 жас елге мүгедек болып оралған, - дейді. Сондай-ақ, жиында 10-11 сынып оқушылары әдеби-музыкалық монтаж, Ауған соғысына арналған шағын бейнебаян көрсетілді. Мектебіміздің кітапханашысы Г.Рахимова сол соғыстың бел ортасында болған ерлеріміз, өзіміздің жерлесіміз Қанат Букетовтың өмірімен таныстырды. Қанат аға 1968 жылы 27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Қойтас ауылында дүниеге келген.1975 жылы Қойтас бастауыш мектебін тәмамдап, білімін Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектептен 8 сыныпты аяқтаған екен. Аудан орталығы Самар ауылындағы №27 кәсіптік-техникалық училищесінде оқыпты. 1986 жылы жолдамамен Алматы облысындағы Талғар ауылшаруашылық техникумына түседі. 10 қараша 1986 жылы Кеңес әскер қатарына шақырылған. Ауған жерінің Джалалабад қаласында 66-атқыштар бөлімінде, (саперлер) бөлімше командирі қызметін атқарды. Кеңес әскерін жау шебінен өткізу кезінде, олардың жүретін жолдарын минадан тазартты. 28 сәуір 1988 жылы әскери тапсырма орындау кезінде өз бөлімшесін аман сақтап, ерлікпен қаза тапқаны туралы білдік.
Міне, өкінішке орай, қарапайым ауыл жігітінің және жүздеген, мыңдаған Қанат ағамыз сияқты интернационалдық әскер қатарына алынған жа-уынгерлердің ғұмыры қыршынынан қиылды.
С.Ғазизова, 9 «а» сынып оқушысы,
Октябрь мектеп-балабақша кешені

Биғаш ауылындағы Маяковский атындағы негізгі мектепте 2 - 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: шығармашылық пен махаббат педагогикасы» атты онкүндік болып өтті. Тарқатып айтар болсам, онкүндіктің бастауы С.Әлімбаеваның жетекшілігімен «Бақытты жанұя – бақытты ел» атты тізілімнен басталып, 1 сыныптың мұғалімі Ш.Трашбаева «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты тақырыпта ертеңгілік өткізсе, 2 сыныптың мұғалімі Г.Жұмақанова өз сыныбымен «Жақсылық жасай білейік» атты тәрбие сағатын және 5-9 сынып оқушылары мен ұстаздарға арнап, «Өзін-өзі тану» пәні арқылы тұлғаға адамгершілік–рухани тәрбие беру» атты баяндама оқыды. Н.Құжыров 7-9 сыныптармен Сара Алпысқызының 75 жас мерейтойына арналған «Мейірімге толы жүрек» атты мәнерлеп оқу ұйымдастырса, 3-4 сыныптың жетекшісі Г.Нұртазина «Тәрбие бастауы - отбасында» атты танымдық сабақ өткізді. Іс–шаралар тізбегі шығарма жазу, сурет көрмесі, презентация сабақтармен жалғасын тапты.
С.Әлімбаева,
Маяковский атындағы негізгі мектептің
тәрбие ісінің меңгерушісі

Самар ауылдық округінде өткен есеп беру жиынына ауылдық округтің үш елді мекенінен жиналған тұрғындар Мәдениет үйіне лық толды. Округтегі білім беру, денсаулық қорғау, шаруа қожалықтары мен басқа да кәсіпорындардың қызметкерлері мен жұмысшылары, зейнеткерлер де залда көп болды. Күн тәртібіне сай алдымен ауылдық округ әкімі С.Дүсіпов есеп берді.
Округ әкімінің баяндамасында 2015 жылы әкімшіліктің алдына қойылған барлық міндеттер мен мақсаттар толықтай орындалды деп атап көрсетілді. 2015 жылы ауыл тұрғындарынан 160 жазбаша арыз-шағым, 11 ұсыныс түскен олардың барлығы уақытында қаралып, тек бір ғана мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Ол- Қайыңды ауылындағы электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінің теңгерімге қойылу жағдайы.Округте облыс әкімінің сүт өндіру бағытында мал өсіру тапсырмасын орындау бойынша жұмыстар жолға қойылған. Округте сүт жинауға арналған екі танкер сатып алынды, 28 бас сауынды сиыр алынған. Сонымен бірге сүт тасымалдайтын автокөлік алуға «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша несие бөлінді.

Толығырақ...

Табиғаттың тентек мінезімен тайталаса «Мешін» Тассайға да келді. Мәдениет отауының іші-сырты қайнаған тіршілік. Ғимарат қабырғаларымен Жасыл шыршаға тағылған қызылды–жасыл шамдар жымыңдай, жұмбақ жарқылдап өзіне еріксіз тартып, сырлы бір дүниеге ынтықтыра түскендей. Ырық бермейтін рахатқа батып, беймарал бір сезімді күйге түсесің де қуанышыңды ірке алмай, бір сәт барлық тірлікті ұмытып жарқ ете қаласың.
Дүрсілдеп тұрған музыка кенет тына қалды.
- Уа, халайық, Хош келіпсіздер! Жаңа жылдарыңбен!
Жайлы шыққан қоңыр үн жаппай қозғалыста жүрген дүйім жұрттың қимылын тежеп, назарын бірден өзіне аударды.
Алдымен сөз алған, округ әкімінің міндетін атқарып жүрген бас маман Мұрат Ноғайбайұлы Оспанов бұқараны ұлық мерекемен құттықтап, әлеуметке бақытты ғұмыр, толағай табыстар тілеп «Шырша» мерекесін бастап кеп жіберді.
Берекелі Тассайдың білікті азаматтары мерекені ұдайы мейлінше ұлықтап, қолтықтай отыруды үрдіске айналдырған. Осындай ізгі ниетті жігіттің бірегейі, белді кәсіпкер «Дарын» шаруа қожалығының басшысы Қанат Тілебалды мырза Демеушілік қорының жалпы сомасы 300 мың теңгені құрайтын «Жаңа жыл шыршасы» мерекесінің барлық қажетін көтеріп алды. «Өзіңді өзің пір тұтсаң, жат жанынан түңілер» деген. Тассайдағы осынау тағылымы мол жақсы әдетті сонау өткен ғасырдың тоқсан тоғызыншы жылдары ауылдың дархан азаматы Жанат Ибрагимов бастап берген болса, іле қостап кеткен Данияр Ызғұтты, Марат Байжұманов пен Мауытбек Оразбаев сынды жайсаң жігіттер болатын.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз