Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үлгілімалшы ауылында Қазақстан Респуб-ликасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» атты үлкен мерекелік шара өткізіліп, халықты бір қуантып тастады. Мерекеге ақсақалдар алқасы, мектеп ұжымы, әкімшілік қызметкерлері ауыл тұрғындары және оқушылар қатысты. Салтанатты жиында 16 желтоқсан құрбандарына арналған әдеби-монтаж, сахналық қойылымдар, слайдтар, бүктемелер қойылды.
Тәуелсіздік – еркіндігім, елдігім
Елім дербес, өзге елмен тең бүгін.
Тәуелсіздік - азаттығым ,арманым,
Алдағы арман қуанышым сол менің, - деген өлең жолдарымен, Қазақстан Республикасының Әнұранымен салтанатты жиын ашылды. Ең алғашқы құттықтау сөзді Көкпекті ауданынан келген өкіл - ветеринария бөлімінің басшысы Ербол Төлешов, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Шақан Төлеубайұлы және мектеп директоры Е.Құсайынов ыстық лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, Үлгілімалшы ауылына талай жылдар еңбегі сіңген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Толығырақ...

ЕСЕЛІ ЕҢБЕК ЕТУ АБЫРОЙЛЫ БОРЫШЫМЫЗ

Қазақы қаймағы бұзылмаған Бастау-шы ауылдық округінің бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай ауылға да үлгі бола алады. Ауыл әкімі Мақсат Зарыпқанұлы Қапшықовтың айтқан сөздерінен де талай жайтты аңғару қиын емес:
- Бастаушы ауылдық округіне Бас-таушы және Көкжота елді мекендері кіреді. Округтегі тұрғындар саны 1323 адам. Округ бойынша егін шаруашылығымен 33 ШҚ айналысады. Округтегі негізгі шаруашылықтың бірі - мал шаруашылығы. Ауыл тұрғындары бақуатты, өздерінің жекеменшік мал бастары да жылдан-жылға артып келеді.
Елбасының Жолдауында жұмыс-сыздықты азайту, техникалық мамандарды даярлауға баса көңіл бөлінгенін, оның ішінде қайта даярлаудан өту, несие алу, кәсіпкерлікке үйретуге, дамытуға көп жағдайлар жасалатынын атап айтты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы бір адам кәсіптік білім алды, 7 адам несие (барлығы 18,5 млн. теңге) алып, өз кәсіптерін ашып отыр. Оның екеуі құс өсіруге, екеуі жылқы өсіруге, төртеуі ірі қара мал өсіруге. 2014 жылы 6 адам ірі қара мал өсіруге, бір адам тұшпара цехын ашуға несие алды. Бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік (А.Нұрғазин) ашылды. Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту барысында округте 6 сауда дүкені, 3 май сығатын цех, компьютерлік қызмет көрсету орталығы, 1 көкөніс бригадасы жұмыс істейді.
Екі мектептің спорт залдарында күнделікті сабақтан тыс уақыттарда оқушыларға және ауыл жастарына спорт үйірмелері мен секциялары (волейбол, баскетбол, күрес, тоғызқұмалақ т.б.) жұмыс істейді. Секциялардың кестесі бекітіліп, жауапты адамдар тағайындалған. Сонымен қатар округ көлемінде ұлттық ат спортын дамытуға бағытталған «Дархан» ат спорты клубы бар. Бастаушы ауылдық округі жігіттерінен жасақталған Республика, облысқа кеңінен танымал аудандық көкпаршылар командасы кейінгі жас жеткіншектерді ұлттық патриотизмге, салауаттылыққа тәрбиелеуде үлкен үлгі-өнеге болуда. Округ көлемінде 2 клуб үйі, 3 кітапхана жұмыс істейді. Алға қойған негізгі мақсат–міндеттерге, халықтың сұраныс-ұсыныстарына байланысты төмендегідей жұмыстар атқарылды: «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауылды абаттандыруға, әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстарына ШҚ, ауылдан шыққан азаматтар тартылып біршама жұмыстар атқарылды, Бастаушы ауылындағы «Мектеп» көшесін жарықтандыруды «Ғабдуалиұлы» ШҚ басшысы Раханов Нұрлан Ғабдуалиұлы (14 баған орнатты, 1,5 млн.теңге) және Құсайынұлы ШҚ басшысы Құмаров Бақытбек Құсайынұлы (7 баған орнатты, 1,0 млн.теңге) жүргізді. Алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз. Көшелерді жарықтандыруда Көкжота ауылы бойынша 240 метр қашықтыққа 1 149,0 мың теңге қаражат (республикалық бюджеттен) бөлініп, жарықтандыру жұмысы 2014 жылғы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жүргізілді. Абай орта мектебінің құрылысына құны 64 млн.теңге жобалық-сметалық құжат дайындалды «Казгидроцветмет» ЖШС басшысы Т.Шайжүнісов демеушілік көрсетті. 2015 жылдың қыркүйек айынан бері құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыстың құны 624 млн. тенге.
Бастаушы ауылында «Ақбұлақ» таза ауыз су бағдарламасы бойынша сметалық құжат дайындалып, 2015 жылға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланды. Бастаушы ауылындағы «Жеңіс» саябағына ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай жаңадан обелиск орнатылды. Негізгі азық-түліктерге бағаны тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қоры құрылды. Енді ауылға байланыс мұнарасы орнатылатын болады. Оны құрастыру жұмысы басталып қойды.
Болашағымызды айқындайтын 7 стратегиялық басым бағыттардан тұра-тын Президенттің маңызды құжаты экономикамыздың серпінді дамуына, қарапайым халықтың әл-ауқатының артуына зор ықпал жасайды. Мемлекет басшысы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті өркендету, орта және шағын бизнесті қолдау, адамдарды жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықты азайтудың іргелі мәселесін ұсынды. Ендігі жерде біздер бастаушылықтар, халық болып қауымдасып, ауылымызды көркейту мен абаттандыру сияқты ауқымды істерді жүзеге асыруға атсалысуымыз қажет. Еліміз үшін еселі еңбек ету әрқайсымыздың абыройлы азаматтық борышымыз деп білемін.

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Дариға Дәулетқалиқызы Арғынова жетекшілік ететін ауылдық дәрігерлік амбулатория ұжымы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша еңбек етуде. Дәрігердің айтуынша, бұл бағдарламаның ең пайдалысы, яғни ерте диагноз қоюға мүмкіндік береді. Скринингтен жастар мен орта жастағылар ғана емес, 65 және одан жоғары жастағылардың да өтетінінің пайдасы көп болып тұр.

Толығырақ...

Аталмыш саланың ел экономикасын дамытудағы, Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асырудағы орны өте зор. Жыл сайынғы дәстүр жалғасын тауып, биыл да Белое ауылдық округінде ауылшаруашылық қызметкерлері күні аталып өтілді.
Бұл мереке қараша айының 19 күні ауылдық округке қарасты тірек ауылдарындағы шаруа қожалықтарының басын қосқан, әсерлі де әдемі мерекелік кеш болды. Белое ауылдық округіне қарасты 15 шаруа қожалықтары ірілері «Құсайынұлы БК», «Нұрпейісов СР», «Құнғожа», «Еңбекші» және тағы басқа шаруа қожалықтардың басшылары кәсіпкер Марат Хасеновтың дәмханасында мерекелік кеш өткізді. Бұл кешке аудандық маслихаттың депутаты К.Кожаева келіп, құттықтау сөзінде: «Ел экономикасында ауыл шаруашылығы саласының алатын орны ерекше, себебі ол мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі, халықтың әл-ауқатының негізі болған және солай болып қала береді де. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қамқорлығының арқасында экономиканың осынау секторы бүгінде қарқынды дамып келеді. Бұл айтулы мереке біз үшін – атқарылған істерге баға беру күні болып саналады. Берекелі еңбектің берері мол. Сол себептен де, еңбектеріңіз жана берсін. Халқымыздың алтын бесігі, асыл қазығы – ауылдарымыз көркейе түссін», - деп, барлық шаруашылық сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Күз - байлықтың, берекелі бірліктің, молшылықтың мезгілі, сондықтан да оны алтын мезгіл деп атайды. Ежелден келе жатқан егіншілер мен жұмысшылардың мерекесі сабан тойдан қалған дәстүр бүгінде Алтын күз мерекесі жер-жердегі оқу ордаларында күздің әсемдігі мен жаз бойы тер төккен еңбекшілер қауымының еңбегін паш ету мен еңбектің қадірін өскелең ұрпаққа ұғындыру мақсатында аталып өтеді.

Қазан айында мектебімізде 1 сынып қыздарының арасында «Күз ханшайымы» байқауы өтті. Сайысқа 5 қыз қатысып, өнерлерін көрсетті. «Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас биікке ұшпай» - демекші, қыздарымыз, жиналған қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен тамсандырды. Байқау таныстыру, өнер, күзгі сән үлгісі, танымдық сайысы тәрізді кезеңдер бойынша өткізілді.
Таныстыру кезеңінде үміткерлер мәнерлеп оқу шеберлігін көрсете білді. Көрерменнің көңілінен шыққаны – өнер сайысы. Бұл кезеңде үміткерлеріміз бойларындағы бар өнерлерін көрермендер назарына ұсынды. Танымдық сайысында табиғатқа, қоршаған ортаға, құстарға байланысты сұрақтар қойылып, үміткерлердің білім деңгейіне баға берілді.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Нұрай Баяхмет, І орынды Нұрай Маркален, ІІ орынды Томирис Ержан, ІІІ орын Ислана Жақыпбекованың еншісіне тиді. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Күзгі бал көптің көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың бойында патриоттық сезімдерді де қалыптастыратыны сөзсіз.

Қ.Байбусинова,  1 «Б» сынып жетекшісі, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп

 

 

 

Самар ауылындағы жалғыз бастаудың суы бүкіл ауыл тұрғындарының тіршілігінің көзі. Бастаудан ауыз суын алса, одан ағып жататын бұлақтан малын, бау-бақшасын суарады. Көктемде қар еріген кезде таудан түскен судан осы бұлақ суы молайып, тасиды. Ол судың жүретін жолы да бар.

Болғанбаев көшесі арқылы да осы су ағатын жыра ежелден келе жатыр. Бастаудың көзі бітеліп бара жатқанындай, су жүретін арна да жайдақталып, жан-жағынан су қашып, жолындағы өткелдер топырақ пен қоқысқа толған. Осыдан барып су жан-жағына жайылып, үйлердің аулаларын, ұраларын су басады. Осыны жыл сайын көріп жүрген осы көшенің тұрғындары, жас отбасылардың бір-бір азаматы қолдарына күрек алып, су жолын тазалады.
Сергей Пискунов, Сергей Замашний, Александр Саросев, Анатолий Резников, Азамат Ракишев бірнеше күн бойы ұзындығы 500 метрдей болатын жерді Октябрь көлденең көшесімен қиылысатын жерге дейін тазалап шықты. ЖҚБ-14 басшысы А.Калинин көмек беріп, трактор бөлді, айналадағы көршілер қаржы жинап, тракторға жағармай құйып, біраз шаруа сонымен бітіп қалды. Ал тас жолдың ортасымен өтетін және жолдың екінші жағындағы өткелдің (үлкен дөңгелек бетон) ішін олар қолмен тазалады. Әлденеше жыл бойы тазаланбаған құбырлардың іші әбден толып қалыпты. Қолдарына күректерін ұстаған жігіттер айналасы үш-төрт күннің ішінде жұмысты аяқтады. «Енді көктемде ауламызға су кіріп, ұралар суға толмайтын болады», - дейді жігіттер.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз