Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Табиғаттың тентек мінезімен тайталаса «Мешін» Тассайға да келді. Мәдениет отауының іші-сырты қайнаған тіршілік. Ғимарат қабырғаларымен Жасыл шыршаға тағылған қызылды–жасыл шамдар жымыңдай, жұмбақ жарқылдап өзіне еріксіз тартып, сырлы бір дүниеге ынтықтыра түскендей. Ырық бермейтін рахатқа батып, беймарал бір сезімді күйге түсесің де қуанышыңды ірке алмай, бір сәт барлық тірлікті ұмытып жарқ ете қаласың.
Дүрсілдеп тұрған музыка кенет тына қалды.
- Уа, халайық, Хош келіпсіздер! Жаңа жылдарыңбен!
Жайлы шыққан қоңыр үн жаппай қозғалыста жүрген дүйім жұрттың қимылын тежеп, назарын бірден өзіне аударды.
Алдымен сөз алған, округ әкімінің міндетін атқарып жүрген бас маман Мұрат Ноғайбайұлы Оспанов бұқараны ұлық мерекемен құттықтап, әлеуметке бақытты ғұмыр, толағай табыстар тілеп «Шырша» мерекесін бастап кеп жіберді.
Берекелі Тассайдың білікті азаматтары мерекені ұдайы мейлінше ұлықтап, қолтықтай отыруды үрдіске айналдырған. Осындай ізгі ниетті жігіттің бірегейі, белді кәсіпкер «Дарын» шаруа қожалығының басшысы Қанат Тілебалды мырза Демеушілік қорының жалпы сомасы 300 мың теңгені құрайтын «Жаңа жыл шыршасы» мерекесінің барлық қажетін көтеріп алды. «Өзіңді өзің пір тұтсаң, жат жанынан түңілер» деген. Тассайдағы осынау тағылымы мол жақсы әдетті сонау өткен ғасырдың тоқсан тоғызыншы жылдары ауылдың дархан азаматы Жанат Ибрагимов бастап берген болса, іле қостап кеткен Данияр Ызғұтты, Марат Байжұманов пен Мауытбек Оразбаев сынды жайсаң жігіттер болатын.


Мешін жылына арналған мерекелік ойын-сауық кеші қаншалықты қызықты өткені Аяз Ата мен Қарша қызды қарсы алған қалың қауымның сайран құрып шат-шадыман күйге түскен ажарлы әлпетттерінен ақ білінеді.
«Құтты болсын Жаңа жылым – Жаңа жылым құтты болсын!» Сазды әуен аяқтала бере ортаға шыққан бас демеушіміз Қанат Асырандыұлы мен зайыбы Дина ханым жерлестеріне мерекелік тілек айтып, маска киіп келгендерге сыйлықтар табыстады. Әйтсе де мереке болғаннан кейін бәйге бермей болмас, I, II және III орын алған мейрамшыларға қос-қостан қымбат бағалы сыйлықтар беріліп, Шырша мерекесінің аясында Кәкең, өз қоластында яғни, «Дарын» шаруа қожалығында еңбек етіп жүрген жұмысшылары мен балықшы бауырларын да ұмытқан жоқ. Азаматтардың адал еңбектерін бағалап, құнды сыйлықтар тарту етіп, тағы да бір жақсы бастамаға арқау болды. Бұдан соң Қанат Тілебалды келесі «Тауық жылын» қорландыру құрметін Тассай аулының төл тумасы, Семей қаласында тұратын белгілі кәсіпкер «Айша» сүт өнімдерін шығаратын зауыттың қожайыны Марат Қалиқанұлы Халиков мырзаға ұсынды. Марат бауырымыз көрсетілген құрметті мәрттікпен қуана қабылдады.
Мешін жылының басты мерекесінің аяқталу салтанаты Тассай ауылдық округінің болашақ әкімі, Зай-сан шаһарынан қоныс аударған өз жерлесіміз, Ержан Құдайбердіұлы Мазыбаевтың туған ауылына арнаған ізгі тілегімен тәмамдалды.
Сағат тілі түнгі он бір жарымды көрсетіп тұр. Жұрт дән риза. Біздің де басты мақсатымыз осы.
Жаңа жыл жұғысты болсын, әлеумет!
Катрен Байжұманов,
Тассай ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз