Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

ЕСЕЛІ ЕҢБЕК ЕТУ АБЫРОЙЛЫ БОРЫШЫМЫЗ

Қазақы қаймағы бұзылмаған Бастау-шы ауылдық округінің бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай ауылға да үлгі бола алады. Ауыл әкімі Мақсат Зарыпқанұлы Қапшықовтың айтқан сөздерінен де талай жайтты аңғару қиын емес:
- Бастаушы ауылдық округіне Бас-таушы және Көкжота елді мекендері кіреді. Округтегі тұрғындар саны 1323 адам. Округ бойынша егін шаруашылығымен 33 ШҚ айналысады. Округтегі негізгі шаруашылықтың бірі - мал шаруашылығы. Ауыл тұрғындары бақуатты, өздерінің жекеменшік мал бастары да жылдан-жылға артып келеді.
Елбасының Жолдауында жұмыс-сыздықты азайту, техникалық мамандарды даярлауға баса көңіл бөлінгенін, оның ішінде қайта даярлаудан өту, несие алу, кәсіпкерлікке үйретуге, дамытуға көп жағдайлар жасалатынын атап айтты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы бір адам кәсіптік білім алды, 7 адам несие (барлығы 18,5 млн. теңге) алып, өз кәсіптерін ашып отыр. Оның екеуі құс өсіруге, екеуі жылқы өсіруге, төртеуі ірі қара мал өсіруге. 2014 жылы 6 адам ірі қара мал өсіруге, бір адам тұшпара цехын ашуға несие алды. Бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік (А.Нұрғазин) ашылды. Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту барысында округте 6 сауда дүкені, 3 май сығатын цех, компьютерлік қызмет көрсету орталығы, 1 көкөніс бригадасы жұмыс істейді.
Екі мектептің спорт залдарында күнделікті сабақтан тыс уақыттарда оқушыларға және ауыл жастарына спорт үйірмелері мен секциялары (волейбол, баскетбол, күрес, тоғызқұмалақ т.б.) жұмыс істейді. Секциялардың кестесі бекітіліп, жауапты адамдар тағайындалған. Сонымен қатар округ көлемінде ұлттық ат спортын дамытуға бағытталған «Дархан» ат спорты клубы бар. Бастаушы ауылдық округі жігіттерінен жасақталған Республика, облысқа кеңінен танымал аудандық көкпаршылар командасы кейінгі жас жеткіншектерді ұлттық патриотизмге, салауаттылыққа тәрбиелеуде үлкен үлгі-өнеге болуда. Округ көлемінде 2 клуб үйі, 3 кітапхана жұмыс істейді. Алға қойған негізгі мақсат–міндеттерге, халықтың сұраныс-ұсыныстарына байланысты төмендегідей жұмыстар атқарылды: «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауылды абаттандыруға, әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстарына ШҚ, ауылдан шыққан азаматтар тартылып біршама жұмыстар атқарылды, Бастаушы ауылындағы «Мектеп» көшесін жарықтандыруды «Ғабдуалиұлы» ШҚ басшысы Раханов Нұрлан Ғабдуалиұлы (14 баған орнатты, 1,5 млн.теңге) және Құсайынұлы ШҚ басшысы Құмаров Бақытбек Құсайынұлы (7 баған орнатты, 1,0 млн.теңге) жүргізді. Алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз. Көшелерді жарықтандыруда Көкжота ауылы бойынша 240 метр қашықтыққа 1 149,0 мың теңге қаражат (республикалық бюджеттен) бөлініп, жарықтандыру жұмысы 2014 жылғы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жүргізілді. Абай орта мектебінің құрылысына құны 64 млн.теңге жобалық-сметалық құжат дайындалды «Казгидроцветмет» ЖШС басшысы Т.Шайжүнісов демеушілік көрсетті. 2015 жылдың қыркүйек айынан бері құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыстың құны 624 млн. тенге.
Бастаушы ауылында «Ақбұлақ» таза ауыз су бағдарламасы бойынша сметалық құжат дайындалып, 2015 жылға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланды. Бастаушы ауылындағы «Жеңіс» саябағына ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай жаңадан обелиск орнатылды. Негізгі азық-түліктерге бағаны тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қоры құрылды. Енді ауылға байланыс мұнарасы орнатылатын болады. Оны құрастыру жұмысы басталып қойды.
Болашағымызды айқындайтын 7 стратегиялық басым бағыттардан тұра-тын Президенттің маңызды құжаты экономикамыздың серпінді дамуына, қарапайым халықтың әл-ауқатының артуына зор ықпал жасайды. Мемлекет басшысы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті өркендету, орта және шағын бизнесті қолдау, адамдарды жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықты азайтудың іргелі мәселесін ұсынды. Ендігі жерде біздер бастаушылықтар, халық болып қауымдасып, ауылымызды көркейту мен абаттандыру сияқты ауқымды істерді жүзеге асыруға атсалысуымыз қажет. Еліміз үшін еселі еңбек ету әрқайсымыздың абыройлы азаматтық борышымыз деп білемін.

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Дариға Дәулетқалиқызы Арғынова жетекшілік ететін ауылдық дәрігерлік амбулатория ұжымы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша еңбек етуде. Дәрігердің айтуынша, бұл бағдарламаның ең пайдалысы, яғни ерте диагноз қоюға мүмкіндік береді. Скринингтен жастар мен орта жастағылар ғана емес, 65 және одан жоғары жастағылардың да өтетінінің пайдасы көп болып тұр.


Бүгінгі күні ауылдық округ бойынша бруцеллез, туберкулезбен науқас-танушылар тіркелмеген. Қант диабеті, жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратындар саны артып отыр. Сонымен бірге онкологиялық науқастар да кездеседі. Бірақ, олардың барлығы дер кезінде анықталып, есепке қойылып, емдік шаралары жасалады. Есепте тұратын адамдарға тегін дәрі-дәрмек те беріледі. Ауылдың демографиялық жағдайы жақсарған, биыл өмірге 12 сәби келген.
Бір дәрігер, 4 медбике, 1 зертханашыдан тұратын шағын ұжым ауылдастарының денсаулығын қада-ғалап, дерттеріне шипа табу үшін аянбай еңбек етуде.

АУЫЛДЫҢ БАСТЫ ЖАҢАЛЫҒЫ

Құрылыс аумағы – 2,4 гектар, мектеп көлемі - 2 635 шаршы метр, құрылысты 12 жыл жасампаз еңбек етіп келе жатқан, осы уақыт аралығында 8 әлеуметтік нысан құрылысын аяқтаған «БизнесЭкспрессСтрой» ЖШС жүргізеді. Басталуы – 14 қыркүйек 2015 жыл, аяқталуы – 1 қыркүйек 2016 жыл.
Абай атындағы орта мектептің ғима-раты алпысыншы жылдары халықтық құрылыс ретінде салынып, содан бері бұл білім ордасынан қаншама бала оқып, білім алды. Түлеп ұшқан түлектерінің арасында үздік аяқтағандар жүздеп саналады. Білім мен тәрбие орталығына айналған мекеменің ғимараты апаттық жағдайға жетті. Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша мектептің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, құрылысқа қажетті қаражат бөлініп, биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп құрылысы қолға алынды.
Құрылыс алаңында 24 адамнан тұратын бригада жұмыс істеуде, олар қазіргі күні монолиттік жұмыстарды атқаруда, яғни іргетасын қалап, кәріз жүйесін тартады. Автокөлік тұрағы салынып қойылған, сонымен бірге өрт сөндіру су қоры сақталатын орын да жасалды. 132 орынға арналған екі қабатты мектептің барлық кабинеті заманауи, асхана, спорт модулі болады. Сырт жағында футбол алаңы мен стадион, ойын алаңы да қарастырылған. Толықтай спорттық керек-жарағымен қамтамасыз етіледі. Ауыл тұрғындары балаларымен бірге жаңа мектептің салынып бітіуін асыға күтуде.

КӨНЕНІҢ КӨЗІНДЕЙ БОЛСА ДА БІЛІМ САПАСЫ ЖАҚСЫ

«Ал әзірге мектепте сабақ өзінің күнделікті ағымымен жүріп жатыр», - дейді Абай атындағы мектептің директоры Марат Кәкенұлы Қожамбетов. - Мектепте қазіргі күні 119 оқушы оқиды. Оның ішінде 11 бала мектепті аяқтағалы отыр. Білім сапасы жақсы, алдын ала тексеру ҰБТ-дан жақсы көрсеткіш көрсетіп жүр. Мектепалды даярлық тобы мен шағын орталықта 46 бала тәрбиеленуде. Тұрмысы төмен отбасыларынан 14 бала тегін тамақтандырылуда. Мектеп оқушыларына жоғары санатты 3, екінші санатты 20 мұғалім сапалы білім беруде, сонымен бірге мектепте заманға сай жабдықталған физика, биология, информатика кабинеттері, мультимедиялық және интерактивті тақталы екі кабинет пайдаланылады. Жаңа жылға қарсы байланыс мұнарасы орнатылса, ғаламтор желісінің жылдамдық мүмкіндігі арта түседі деп отырмыз», - деп жалғастырды сөзін Марат Кәкенұлы.
Мектепте жас мамандар бар, дегенмен қазір тарихшы, математика пәнінің мұғалімі қажет. Мұғалімдер жаңа мектептің салынып жатқанына ерекше қуанышта. Болашақта жаңа мектепке барғанда маман тапшылығы болмай, білім сапасын одан әрі арттыра түсуге мүмкіндік туады деп үміттенеді олар.

АУЫЛЫҢДА ҚАРТЫҢ БОЛСА – ЖАЗУЛЫ ТАРИХЫҢ БАР 

Тыл ардагері, бірнеше медальдің иегері, еңбек ардагері Досполов Қабиден ақсақалдың өткен өмір жолы тұнып тұрған тарих, оның барлығы туған өлкемен байланысқан. «Тоқсаныншы жылы зей-неткерлікке шыққанша, 45 жылда 15 трактор тоздырдым», - деген сөзінен-ақ ол кісінің еңбегін бағалауға тұрады.
Соғыс басталғанда Қабиден 12 жастағы бала еді. Ауылда қалған қариялар мен әйелдердің арқа сүйер азаматтары осындай жасөспірімдер болып қалған. «Қиыншылықты көрдік, енді қазіргі күні барлығы да көрген түстей болып қалды. Өгіз жегіп жер жырттық, қыста малға шөп тасыдық. Қасқыр қамаған да күніміз болды», - деп есіне алады Қабиден ақсақал. – Бар үмітіміз, арманымыз жеңіске жету ғана болды», - дейді ол кісі.
Мұғалімдердің барлығы соғысқа кетіп қалды. Небары бесінші сыныпты аяқтаған жеткіншек Үлкен Нарын ауылындағы тракторшылар даярлайтын курсқа басқалармен бірге тартып тұрады. Бойы да кішкентай баланы жасың кіші деп алмай қояды. «Мен үйге қайтпаймын», - деп жылап тұрып алдым, содан амалсыз алды ғой»,-деп күле есіне алады сол кезді ата. Енді міне, сол кездегі қаршадай бала бір ауылдың ақсақалы. Әулетіндегі жеті баладан тараған тоғыз немере, бір шөберенің ортасында бақытты өмір сүріп отыр. Жұбайы Рабиға осы қызықты бірге қызықтай алмады, өмірден өткеніне он жылдан асып кетті. «Орнында бар оңалар», - деген, қазір үлкен шаңыраққа кіші ұлы мен келіні ие болып отыр.
«Ел-жұрттың ортасында отырмыз. Елбасымыз Н.Назарбаев халыққа жақ-сылықты орнатып жатыр. Ерінбеген адам өзін де, отбасын да асырауға мүмкіндік жетеді. Мал алып, асырап, соның рахатын көрсе, ауыл адамы үшін одан артық ризық керек пе? Соны түсінбейтін адамдарға таң қаламын», - дейді Қабиден ақсақал.
Егемендігінің 24 жылдығын атап өтіп, енді ғана ширек ғасырлық мерейтойына аяқ басқан тәуелсіз елдің бүгінін де ертеңін де осы ауылдың тірлігінен көруге болады. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. «Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін Тәуелсіздік күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыра бере-міз», - дейді бастаушылықтар.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз