Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

10 Желтоқсан 2015

ҚЫТЫМЫР ҚЫСТЫҢ СЫНЫНА ДАЙЫНБЫЗ

Күнтізбе бойынша қараша күздің соңғы айы, алайда, дәл осы уақытта қыс ақырындап өз қаһарына ене бастайды. Жайбарақаттыққа салынып жүрген автокөлік жүргізушілері мен жолшыларға алғашқы жауған қар мен аяз, бұрқасындар қарбаластық тудырып, қыспаққа алады. Біздің өңірде қардың қалыңдығы жылдық көрсеткіштен асып, ылғи да қалың жауады, жолдарды боран алып қалып, жолаушылар жиі-жиі қар қамақта қалып жатады. Жол қызметі мекемелері қыс мезгіліндегі күтіміне айрықша мән беруді қажет ететін облыстық маңыздағы жолдардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаншалықты даяр екен? Ол жайында «ОблШығысЖол» ЖШС ЖПБ-6 басшысы міндетін атқарушы Медет Айыпов баяндайды:

- Біз расында да жұмысымыздағы ең жауапты кезеңді бастап жатырмыз. Ол үшін алдыңғы айларда, яғни, күзде қысқа қажетті жұмыстардың барлығын атқарып, техниканы, жолдарға себетін құм, күл материалдарын, тіпті қажетті мамандарға дейін дайын болуын қамтамасыз еттік.
Жолды пайдалану және қозғалысты ұйымдастыру мәселесі қыс айында қиындай түседі. Автокөліктердің қыс айындағы жол қозғалысы қауіпсіз әрі тоқтаусыз болуы үшін бірқатар кешенді шараларды өткізу қажет, оған жол бойын және үстін қар басып қалудан сақтау және тазалау жатады. Жолдың жағдайы ауа райының суықтығына, жел мен қар жауу, боран соғу, көктайғақ пен көру қашықтығын азайтатын тұман түсуіне және олардың алмасып тұруына тікелей байланысты. Қыста таулы аумақтарда ең қауіптісі қар көшкінінің түсуі болып табылады.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз