Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылдық округінде өткен есеп беру жиынына ауылдық округтің үш елді мекенінен жиналған тұрғындар Мәдениет үйіне лық толды. Округтегі білім беру, денсаулық қорғау, шаруа қожалықтары мен басқа да кәсіпорындардың қызметкерлері мен жұмысшылары, зейнеткерлер де залда көп болды. Күн тәртібіне сай алдымен ауылдық округ әкімі С.Дүсіпов есеп берді.
Округ әкімінің баяндамасында 2015 жылы әкімшіліктің алдына қойылған барлық міндеттер мен мақсаттар толықтай орындалды деп атап көрсетілді. 2015 жылы ауыл тұрғындарынан 160 жазбаша арыз-шағым, 11 ұсыныс түскен олардың барлығы уақытында қаралып, тек бір ғана мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Ол- Қайыңды ауылындағы электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінің теңгерімге қойылу жағдайы.Округте облыс әкімінің сүт өндіру бағытында мал өсіру тапсырмасын орындау бойынша жұмыстар жолға қойылған. Округте сүт жинауға арналған екі танкер сатып алынды, 28 бас сауынды сиыр алынған. Сонымен бірге сүт тасымалдайтын автокөлік алуға «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша несие бөлінді.


Округ әкімінен соң сөз кезегін учаскелік полиция инспекторы алды. Тәртіп сақшысының айтуынша округте 2014 жылғымен салыстырғанда қылмыс саны азайған, қылмысты шұғыл ашу жақсарған. Бірақ, ауылдық округте маскүнемдік бойынша 80 адам есепте тұратыны барлығын естен тандырғандай болды. Ал олардың тек бесеуі ғана мәжбүрлеп емделуге жіберілген. Сол арада маскүнемдер арасында қандай жұмыс жүргізіледі деген сауал залдан қойылуы заңды еді. Полиция қызметкері ауылдағы дүкендерде бейнебақылау камераларын орнату әлі де кешеуілдеп, сондықтан да дүкендерде ұрлық жасау орын алып отырғанын ескерте кетті.
Самар ауылдық округі тұрғындарының алдында сөз алған аудан әкімі Р.Сағандықов сандар мен деректер тізілген баяндамаға сүйенбей, халықпен тікелей диалогқа көшті. Ең алдымен аудан әкімі желтоқсанның соңында аудан бойынша орын алған табиғаттың тосын сыйына орай жарияланған төтенше жағдайға тоқталып өтті. «Ауданның қалааралық қана емес, бүкіл ауылдарының ішіндегі,яғни 865 км автокөлік жолын қар басып, 56 елді мекенге, ауылдардағы 100-ден аса дүкендерге азық-түлік, нан жеткізу мұң болып қалғанда, аудан бойынша дизель отыны таусылар шаққа дейін аянбай еңбек еткен ауданның жол мекемелерінің еңбеккерлеріне, шаруа қожалықтарына, қарапайым адамдарға ауыр жағдайда ұйыған ынтымақшылдықтарын көрсетіп, тығырықтан шыққандары үшін алғыс айтамын, бұл біз үшін сынақ болды, ал біз оған төтеп бере алдық», - деді Рамиль Нығметжанұлы. -Жетістіктерді барлығыңыз білесіздер, оны өз қолдарыңызбен жасап отырсыздар, мен бірқатар кемшіліктерге тоқтала кетейін деген аудан басшысы, аудандағы суармалы жерлердің тек аз бөлігі ғана пайдаға асып отырғанын айта келе, әлеуеттері жете отырып, оны пайдалануды жолға қоймай отырған ауылшаруашылығы саласына ескерту жасады. Ауданда мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, бірақ сол бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекет тарапынан беріліп отырған несиелердің қайтарылмай отырғаны алаңдатып отыр. Бүгінгі күні аудан бойынша 128 млн. теңге берешек болса, соның 13 миллионын Самар ауылдық округінің несие алушылары қайтармауда. Р.Сағандықов ауылдық округ үшін тағы бір жақсы жаңалықты айта кетті. Ол білім беру саласында жүргізілетін аттестацияға сәйкес Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепті лицей дәрежесіне көтеру, сол себепті аудан әкімі мектеп басшылығына жұрттың көзінше бұл сыннан сүрінбей өтуге тырысуды айрықша тапсырды. Рамиль Нығметжанұлы ауыл тұрғындарына алдағы келе жатқан сайлауға бір кісідей қатысу жөнінде үндеу тастады.
Округ әкімінің есебін тыңдай отырып, жиынға қатысушылар өздерінің сауалдарын да қойды, керек жерінде сыни пікірлерін де білдірді.
Ал А.Федосов, А.Вайс, Қ.Қалиасқаров, А.Калинин, Г.Крейцберг округ әкімінің жұмысына қанағаттанбайтынын наразылық түрінде айтты. Олар аудан әкімінен аталған фактілер бойынша тексеру жүргізіп, шара қабылдауды өтінді. Иесіз тұрғын үйлерді, Даңқ мемориалындағы жөндеу жұмыстарындағы жіберілген кемшіліктер, христиан зиратын қоршау, қоқыс төгетін орындағы атқарылған жұмыстарда, көшелерді жарықтандыру және басқа да жіберілген кемшіліктерді жіпке тізгендей атап берді олар. Сонымен бірге, ауылда қыс мезгілінде балалар үшін демалыс өткізетін орындар жоқтығы, екі хоккей қорабының тазаланбай, мұз құйылмай отырғаны, көктемгі су тасқыны болмай жатып-ақ, ауыл тұрғындарының аулаларына, ұраларына су кіріп жатқаны туралы ашына айтылған сынды тыңдап отырған жиынға қатысушылар ду қол соғып қошеметтеді. Округ әкімінің кейбір сұрақтарға берген жауабына сөз алғандар қанағаттанбаған сыңай танытты.
Жиынды қорытындылау үшін сөз алған аудан әкімі Р.Сағындықов есеп беру жиналысының осындай тартысты өтуінің алғаш рет болып тұрғанын атап өтті. Жиын барысында айтылған фактілер жалаң болмасын, ертеңгі күні арнайы құрылған комиссия барлығын тексереді, дәлелденіп жатса, шара қабылданады деді.
«Көкейкесті мәселесі бар ауылдар ауданымызда баршылық. Өмір болған соң кемшіліксіз болмайды. Сондықтан да оларды бірігіп шешуіміз қажет. Бүгінгі күні біздің алдымызда тұрған ең үлкен мәселе – көктемгі су тасқынының алдын алу. Биылғы қардың молдығы бізге қиындық туғызып отыр. Өткен жылдардағы болған апатты қайталамау үшін, мен ауылдың байырғы тұрғындарынан өзен арнасынан аспайтындай, су бөгеттерін де аман сақтап, ауыл тұрғындарының зардап шекпеуі үшін атқарар қандай амал жасауға болатыны туралы ұсыныстарын күтемін. Қандай мәселе болса да біз бірігіп шешуіміз керек және ол заң аясынан шықпауы тиіс», - деді Рамиль Нығметжанұлы.
Аудан басшысы ауыл тұрғындарына алдағы сайлауды бір кісідей ұйымшылдық таныта өткізейік деді. Сайлаудан соң, наурыз айының соңында ауыл тұрғындарының жиынын өткізіп, көктемгі су тасқынынан қорғану шарасын қарастырамыз деді.
Есеп беру жиыны Миролюбовка ауылдық округінде де өтіп, тұрғындар алдында аудан әкімі Р.Сағандықов, округ әкімі Г.Асауп өздерінің баядамаларын оқыды. Жиын барысында округтегі қылмыстық ахуал бойынша учаскелік инспектор Е.Бахаев тыңдалды.
«Өрлеу» бағдарламасына қатысушы Г.Қуандықова бағдарлама бойынша атқарып отырған жұмысы туралы айтты. Округ тұрғындарын Миролюбовка ауындағы клубтың шатырын жөндеу, бұрынғы шаруашылықтардың құжаттарын мұрағатқа өткізу мәселелері толғандырады. Аудан әкімі округ әкіміне жөндеу жұмысы бойынша сметалық-жобалық құжат әзірлеуді тапсырды. Сөз соңында аудан басшысы округ тұрғындарының қандай істе де ұйымшыл екенін атай отырып, алдағы сайлауда да белсенділік танытанына сенім білдірді.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз