Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

25 Ақпан 2016

АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

Биыл біздің өңірдің қысы ерекше болып тұр. Қар әлденеше жылда бір рет осындай қайталанатын дағдысымен қалың жауды. Ауданда тіпті төтенше жағдай жарияланды. Бірақ, ақпан айы ауа бастаған соң алдағы көктемнің қалай келетінін болжау қиын болғандықтан, ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы алдағы күндердің іс- қимылын жобалау үшін алқалы жиын өткізді. Жиынға аудан әкімі Р.Сағандықов төрағалық жасады.
Ауданның он жеті ауылдық округінің үлкен бөгеттері бар, өзен суы жақын орналасқан, тау етегіндегі ауылдарға көктемгі тасқын судан қа-уіп бар. Қазіргі жиналған мәліметтер бойынша аудандағы қардың қалыңдығы орташа есеппен 128 см, жердің үстіңгі қабатының қату тереңдігі 70 сантиметр. Алдағы наурыз айының басында ауданда «Көктем-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Осы және алдағы тасқын су қаупін алдын алу шаралары туралы хабарламаны жасаған төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман Қ.Әңкебаевтың келтірген мәліметтері осындай. Баяндамашы наурыздың бірінен бастап ауданның барлық ауылдық округтерінде кезекшілік ұйымдастырылады деді. Сонымен бірге, қарғын су бөгетсіз өтуі үшін республикалық маңыздағы автокөлік жолдарындағы 9 көпір, 69 су өткізгіш құбыр, облыстық маңыздағы автокөлік жолындағы 15 көпір, 165 су өткізгіш құбыр және жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарындағы 6 көпір мен 127 су өткізгіш құбыр наурыз айының 5-не дейін қардан тазалануы тиіс. Ауылдық округтердегі тазалануы тиіс су өткізгіш құбырлар саны 161. Осы жұмыстарға жауапты органдарға хат жолданып, ескерту берілген.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз