Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

11 Ақпан 2016

СЕМИНАР МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛДЫ

Биыл біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған Қазақ елінің Тәуелсіздігіне - 25 жыл!
Осы мерекеге орай Көкпекті аудандық кітап-ханасында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты семинар өткізілді. Семинарға ауданның ауылдарынан кітапханашылар қатысты.
Семинар еліміздің Әнұранымен басталды. Аталған іс-шара барысында желтоқсан құр-бандары 1 минут үнсіздікпен еске алынып, «Тәуелсіздік - егемен елімде» атты тақырыптық слайд , «Желтоқсан оқиғасы мәңгі есте» атты бейнеролик қатысушылар назарына ұсынылды.
Сонымен қатар ауылдық кітапханашылар та-қырыптық баяндамаларын оқыды. «Тәуелсіздік шежіресі» атты кітап көрмесі безендірліп, қатысушыларға таныстырылды. Семинар барысында оқырмандарға ұсынылар іс-шаралар мен әдебиеттер тізбесі жасалып, жоспар жобасы бекітілді. Кітапханаға келетін әр оқырманға ел Тәуелсіздігінің мағынасын тереңінен түсіндіру, оны қастерлей білуді насихаттау кітапханашылардың бүгінгі күнгі жұмысындағы басты бағыты болуға тиіс деген қорытынды шығарылды.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз