Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үлгілімалшы ауылында Қазақстан Респуб-ликасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» атты үлкен мерекелік шара өткізіліп, халықты бір қуантып тастады. Мерекеге ақсақалдар алқасы, мектеп ұжымы, әкімшілік қызметкерлері ауыл тұрғындары және оқушылар қатысты. Салтанатты жиында 16 желтоқсан құрбандарына арналған әдеби-монтаж, сахналық қойылымдар, слайдтар, бүктемелер қойылды.
Тәуелсіздік – еркіндігім, елдігім
Елім дербес, өзге елмен тең бүгін.
Тәуелсіздік - азаттығым ,арманым,
Алдағы арман қуанышым сол менің, - деген өлең жолдарымен, Қазақстан Республикасының Әнұранымен салтанатты жиын ашылды. Ең алғашқы құттықтау сөзді Көкпекті ауданынан келген өкіл - ветеринария бөлімінің басшысы Ербол Төлешов, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Шақан Төлеубайұлы және мектеп директоры Е.Құсайынов ыстық лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, Үлгілімалшы ауылына талай жылдар еңбегі сіңген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Ең алдымен Ербол Тұрлыбайұлы тыл еңбеккері, көп балалы батыр ана К.Сәрсембаева және зейнеткер П.Чинкебаевқа аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Салтанатты жиынды Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің өнерлі оқушылары жалғастырды. Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Ф.Матышева дайындаған «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» атты Желтоқсан оқиғасының көрінісін 9-10 сынып оқушылары жоғарғы деңгейде сомдап, халықтың көңілін бір тебірентті. Бұл көріністе жас өспірімдердің мәнерлеп оқу деңгейі жоғары бағаланып, өнерлеріне жұрт тәнті болды. Ауыл тұрғындары Фарида Жағыпарқызына алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді. Б.Байтұнов және тәлімгер Ж.Шамильқызының дайындауымен өнерлі оқушыларымыз, атап айтсақ, З.Бекмұхамбетова, А.Еңсебаева Н.Тапалова, Е.Айдарханов, А.Исаева, Р.Советханов патриоттық әндер орындаса, мың бұралған «Балауса» би тобының бишілері Г.Құмарбекова, А.Мұратбекова, А.Байтұнова және кішкентай бишілеріміз Қ.Төкенова, Н.Қайыргелдіқызы қазақ, үнді билерін нақышына келтіре орындап, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар, Үлгілімалшы ауылдық округінің кітапханашысы Ф.Байтұманова «Тәуелсіздік шежіресі» атты көрме ұйымдастырып, келген қонақ-тарға таныстырды. Мерекелік кеш еліміздің ертеңгі ұрпақтары кешегі қайсар ұлдарымыз бен қайсар қыздарымыз сияқты патриот болуына және өз елі үшін, сүйікті Отаны үшін әрқашан да тірек болады деген мақсатпен ұйымдастырылды.
Бүгінгі 16 желтоқсан - Қазақстан Респуб-ликасының Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдас-тырылған мерекелік шараға белсене араласқан азаматтарға көптен көп алғыс білдіреміз. Көк байрағы желбіреген бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Тәуелсіздігі баянды болып, еліміздің тұғыры биік, абыройы асқақ, әрқашан көк байрағымыз аспанда қалықтай берсін дейміз.

Мақпал Мұратханқызы, клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз