Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында күлкі күні мерекесіне орай «Шутка – минутка, а заряжает на час» атты ертеңгілік өткізілді. Оған тәрбиешілер, қызмет алушы балалар келіп қатысты. Мерекелік ертеңгілікте Алдар-Көсе, сайқымазақ және ара сияқты ертегі кейіпкерлері балалармен ойын ойнап, көңілдерін көтерді.
Сонымен қатар, қызықты «Матрешки», «Кім епті », «Менің бейнем» (смайликтермен), «Сайқы-мазақпен би» ойындар ойнатылып, «Улыбка», «Чунга-чанга», «Мамонтенок» әндеріне қосылып караокемен ән сайысы өткізілді. Ертеңгілік өте тартымды, көңілді, қызықты болып өтті.
Мерекелік ертеңгілік аяғында балалар ара-сындағы «достық»жеңіп, балаларға сыйлық ретінде тәтті шоколадты қол баулар таратылды.

Әлеуметтік орталықтың ақпараты

Самар орталық кітапханасын-да Наурыз мерекесі апта бойы тойланды. Кітапхананың көрер-мендер залы мейрамға сай безен-дірілді. Әр шараның өту барысында слайдтар, клиптер көрсетіліп тұрды. Ж.Болғанбаев атындағы мектеп оқушыларының «Наурыз құшағында» атты (Р.Асаубаева) сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қол өнер ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып, осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып, шеберлігін дамытуда. «Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні» атты шеберлік сыныбын Ж.Болғанбаев атындағы мектептің еңбек пәнінің мұғалімі Б.Оралбек жүргізді. Зергерлер көбіне бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы күмісті пайдаланған. Сән-салтанат бұйымдар, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей туралы әңгімелеп, сырғаны қалай жасайтынын бас-аяғына дейін көрсетті. Өзі жасаған бұйымдардан көрме ұйымдастырды.
«Мен – қазақтың ұрпағымын» атты сайыс Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің 6-7 сынып оқушылары арасында өтті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. «Самғау», «Бірлік» топтары қатысты. «Шебердің қолы ортақ» кезеңінде шаш сәндеу үлгісін көрсетіп, қол өнер туындыларын қорғады. «Тарих пен әдебиетке байланысты сұрақтарға жауап беру» кезеңінде сайыскерлер сұрақтарға нақты жауап берді. «Салтым менің – алтын қазынам» кезеңінде «Самғау» тобы - «Тұсау кесер», «Бірлік» тобы - «Үйлену тойынан» салт-дәстүр көрсетті. «Өнерліге өріс кең» - өнер сайысында сайыскерлер ән, би, күй, өлең оқыды. Сөз кезегі қазылар алқасына беріліп, достық жеңгенін жариялады. «Қазағымның қазынасы - домбыра» атты әдеби-сазды кешке Самар саз мектебінің мұғалімі Ш.Аймұханбетова мен оқушылары қатысты. Кітапханашы домбыра туралы аңыз-әңгіме айтып, өлеңдер оқыды, Р.Рымбаеваның әні бейнеклиппен көрсетілді. Саз мектебінің оқушылары Құрманғазының «Адай», Динаның «Байжұма» күйлерін орындап берді. Бұл шараға Ж.Болғанбаев атындағы мектептің 7 сынып оқушылары қатысты.

Толығырақ...

Көктемнің алғашқы қуанышы – әйелдер мерекесінің айналаны шуаққа бөлейтін айрықша қасиеті бар. Бұл күндері ардақты ана, ғазиз қарындас, адал жарды қастерлеудің қалыптасқан дәстүрі бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Осынау жарық әлемге сән беріп, айналасына шуақ шашып жүретін асыл жандардың төл мерекесі Көкпекті ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өткізілді. Дәлірек айтқанда, орталықтың акт залында 6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай, қызмет алушы қыздардың арасында «Қыз - өмірдің гүлі» атты қыз сыны байқауы болды. Сайысқа Көкпекті, Тассай, Шұғылбай, Үлкенбөкен ауылдық округтерінен 5 жасөспірім қатысып, бақ сынасты. Бес бөлімінен тұрған сайыста ару қыздар өз өнерлерімен, білімдерімен, көріктерімен көрерменнің көзайымы болды. Сайыс өз мәресіне жетіп, әділ қазылардың әділ шешімімен 1 орынды шұғылбайлық Меруерт Ауданова, 2 орынды Үлкенбөкен ауылдық округінен келген сұлу қыз Жанаргүл Құсманова алса, 3 орын тассайлық ару Әсемгүл Мергенбаеваның еншісіне тиді.
Сонымен қатар, әлеуметтік орталықтағы шуақты мереке шаттығы 9 наурыз күні жалғасын тапты. Қоғамда әжелердің рөлін арттыру мақсатымен қызмет алушы әжелер арасында «Супер әжелер» сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш шараның өз дәрежесінде өтуіне әлеуметтік қызметкерлер мұрындық болды.

Толығырақ...

Әр ауылдың бір-біріне ұқсамас үлгі болар, бір тірлігі бар. Бұрынғыдай  емес жастармен, ауыл жаңарып, жаңаша өмір сүруге бейімделуде. Ауыл халқын ұйымдастыруда басты тұлға – ауыл әкімі және жастар екені белгілі. Осындай ауылдың бірі – Бастаушы. Мұнда бұрын да мәдени және спорт жұмыстары ұйымдастырылып келген. Бұрын әдеби-кештердің мазмұнды өтіп, ақындардың өлеңдерімен рухани сусаған кездеріміз болған. Қазір үзілген үміт жібі қайта жанданып, ауыл әкімі жаңашылдығымен жалғасын тауып жатыр. Соның дәлелі, 6 наурызда болған «Бастаушы келіні – 2016 ж» келіндер сайысы. Келіндер сайысына қатысу, оны елге үлгі ету, ауыл халқына бір жағы демалыс болса, бір жағынанан болашақ келіндерге үлгі. Сайысқа . Нажиновтар әулетінен – Гүлсая, Көшербаевтар әулетінен – Гүлжан, Карменовтар әулетінен – Дана, Бөкевтер әулетінен Әсел сынға түсті. Жан-жақты жасалған сайыс бағдарламасы, келіндердің өнерін ашса, көременнің мәдени дем алуларына  әсер етті. Келіндердің көркін ашу үшін, Самар мәдени үйінен әнші өнерпаздар, ауылдағы өнерлі балалар, көремен көз айымына бөленді. Атап айтсақ, Т.Ничаева бастаған өнер тарландары, жас қыздардың мың бұралған биі, сахна мен тойдың сәні Айымгүлдің шырқаған әндері халық көңілін баурап алды, халық қосылып бірге шырқады. Жандостың әні пен Ақтілеудің сиқыр өнері де көптің көңілінен шықты. Әсіресе жеңгесіне көмек ретінде Нажинов Ерланның немересі Айзеренің үнді биі көрермендерді риза етті.

Барлық сыннан сүрінбей өткен келіндер арасында «Бастаушы келін -2016 »  атағына Карменовтар әулетінің келіні Дана ие болды. Демеушілер барлық келіндерге бағалы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, ауыл әкімінің атынан «Асыл мұра » әжелер клубының мүшелеріне, көп балалы аналарға, қоғамдық жұмысқа белсене қатысқандарға сыйлықтар, алғыс хаттар тапсырылды.

Жай күндері жиналмайтын адамдар клуб ішіне лық толды. Осындай мерекелік кеш сыйлаған ауыл өнерпаздарына риза болып әдемі көңіл- қүймен тарасты.

Қ.Бөкева, ауыл тұрғыны.

Үлгілімалшы ауылдық округінде 7 наурыз күні барлық мекемелер мерекеге сай безендіріліп, мерекелік іс-шараға көп балалы аналарға арнайы шақырулар таратылды. Бұл күні мектептің акт залында «Аналар - асыл жандар» атты мерекелік салтанатты жиын өтті. Барлық көп балалы аналарды, ұстаздарымызды, нәзік жанды аруларды ауыл әкімі Мерей Нығметжанұлы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, Үлгілімалшы ауылындағы шаруа қожалықтарының қолдауымен мемлекеттік жәрдемақы алатын 57 көп балалы аналарға және 83 жастағы тыл еңбек-кері Умарбекова Амина әжейге сыйлықтар беріліп зор құрмет көрсетілді.
Н.Тапалованың ұйымдастыруымен және Б.Ба-қытбектің сүйемелдеуімен мектеп оқушылары бүкіл аналарға арналған әндерін орындап, концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Атап айтқанда А.Исаева, А.Смағұлова, Е.Айдарханов, Р.Советханов, Ералы Бибинур, З.Бекмухамбетова, Б.Нұрланқызы және 9 сыныптың қыздарының орындауында «Көктем» атты флеш-моб көрер-мендерді тәнті етті. Сонымен қатар, мың бұ-ралған «Балауса» би тобының бишілері (А.Мұ-ратбекова, Г.Құмарбекова, А.Байтұнова, С.Азам-баева) орындауындағы тамаша бидің және Д.Оразалинаның орындауында «Есіл ағады» әнінің куәсі болдық. Барлық аналардың атынан және тыл еңбеккері Сарсембаева Күлжамал апаның атынан ұлы Оралхан аға келіп, көптен көп рахметін білдіріп, бір ауыз өлеңін тарту етті. . Көктемнің алғашқы мерекесін жақсы көңіл-күймен қарсы алған аналар алғыстарын білдіріп, баталарын беріп тарқасты.
Сөз соңында барлық ақ жаулықты аналарға тілейтініміз:
Жамандық көрмей жандарың,
Ағарып атсын таңдарың!
Мерекелеріңіз құтты болып,
Айшықты болсын жолдарың! - дей келе, аналарды әрқашан құрметтеп жүрейік.
Аталмыш іс-шараны өткізуде белсен-ділік танытқан ауыл тұрғындарына көптен көп алғыс білдіреміз!
М.Мырзабекова,
Үлгілімалшы ауылдық клуб меңгерушісі

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз