Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мамырдың мамыражай күнінің алғашқы хабаршысындай достықтың, татулық пен ынтымақтың мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күні келіп жетті. Самар ауылындағы орталық алаңға жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтарының жүздері жарқын. Самал желмен шайқалған көктемнің көгі шалқыған әуен ырғағымен тербе-тіліп тұрғандай.


Мерекеге жиналған қауымның алдында «Қазақстан - достықтың берік тұғыры» атты театрландырылған көрініс қойылып, онда әр ұлттың костюмдерін киген жастар би композицияларын тамашалатты. Бұл күнге арналып флеш-моб ұйымдастырылды. Жиналған жұрт-шылықты аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов, Самар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы К.Терин, Самар ауылының Құрметті азаматы В.Лопаткин, ардагерлер кеңесінің төра-ғасы А.Садықов құттықтады. «Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілі өмір сүріп жатса, ауданымызда 30-дан астам ұлттың балалары бір шаңырақтан өргендей, тату-тәтті ғұмыр кешуде. Олардың бар-лығы да өздерінің кіші отандарына кіндік қанымен байланған, бірлігіміз мәңгілік болсын», - деді құттықтаушылар. Біздің ынтымағы жарасқан елімізде ұлты мен ұлысына қарамай барлық мерекелер аталып өтіледі. Бүгінгі 1 мамыр мерекесімен христиан жұртының Пасха мерекесі де дөп келіп отыр дей келе, бауырлас жерлестерді осы мерекемен де құттықтау тілектер білдірілді.
Мерекені атап өту үшін алаңға жи-налған мекеме мен ұжымдар арасында Самар АТК мен мектеп ұжымдары ерекше көзге түсті, олар салтанатты жиынға әр ұлттың костюмімен келіп, мереке шырайын арттыра түсті. Сахнадан әр тілде ән шырқалып, би биленді. «Асыл қазына», «Забава», «Мұрагер» топтарының әндері мен орындаған күйлері, Айдынгүл Жәлелқызы қытай тілінде шырқаған «Көзіңнің мөлдірін-ай» әні көрермендердің көңілінен шықты. Бұл күні түрлі спорттық шаралар да өтіп, оған үлкен-кіші демей қатысты.
Мереке күні балалар үшін тәтті сусындар мен балмұздақ сатылса, ересектер шағын жәрмеңкені аралап, өздеріне қажеттерін алды. Бұл күні жеміс, балық, бал, консервіленген көкөністер мен түрлі өсімдіктердің тұқымдары көптеп сатылды. Жұртшылық мерекеден көтеріңкі көңіл-күймен тарады.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз