Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бұл аудандағы ірі инновациялық-индустриалдық жобаның жүзеге асырушы «Кузьмич» ЖШС-ның басшысы Владислав Владимирович Гриценконың ұстанымы. «Біз бала кезімізден Күршімде балық аулап, әкеміздің қасында жүріп, балықшылықтың қыр-сырын үйрендік. Кейін жоғарғы оқу орнында оқып жүргенде:осы біз Ертістің балығын ұстаймыз, ол жылдан-жылға азая береді, оны неге көбейтуді ойламаймыз деген ой келді. Экономист мамандығы бойынша оқуды аяқтаған соң, мен осы балық өсірумен айналыстын саланы зерттей бастадым. Нәтижесінде ғылыми түрде айналысатын адамдармен жұмыс істеуге қол жеткіздім. Ал тәжірибе жинақтаған соң өзім қолға алуға кірістім», - дейді Владислав Владимирович.


Құны 19 млн. теңге болатын жобаның қолға алынғанына бір жылдан асты. Қазірдің өзінде талай іс атқарылған. Негізінен көксерке, сазан, бекіре тұ-қымдас балықты өсіруге бағытталған шаруаның жолға тез арада қойыла қоюы қиын жұмыс. Мемлекет тарапынан алынған несиенің алғашқы қаражатына бассейндер жасалды, күннен қуат алатын батареялар орнатылды. Болашақта аэрацияны көп қажет ететін шақта сағатына 10 квт қуат өндіретін күн батареялары іске қосылатын болады.
Аквафоника ғылымының негіздері бойынша уылдырықтан жас шабақтар үш айға дейін өсіріліп, содан кейін бассейнге жіберіледі, одан әрі қарай өзен мен көлдерге апарылады. Былтыр күзде Бұқтырма су қоймасына шабақтарды жіберіп те үлгерген екен.
Облыс әкімінің балық аулау кәсібін ірілендіру бойынша тапсырмасына сәйкес ауданда құрылған «Көкпекті аквакультура» несиелік серіктестігі осы шаруашылық негізінде құрылған. Серіктестікке Сарыбел, Новостройка, Самар, Көкпекті, Қараөткел, Көкпекті, Тассай, Үлгілімалшы ауылдарынан 32 кооператив мүше болып отыр. Бұл серіктестік те осы Құлынжон ауылдық округінде тіркелген. «Бұл қанатқақты өте тиімді деп ойлаймын. Балық та заңсыз ауланбайды және кәсіптің дамуына зор ықпал етеді», - дейді В.Гриценко. Балық шаруашылығын дамытуға қажетті маман – ихтиологтың жоқтығы бұл жобаны іске асыруда аз қолбайлау болмасы белгілі. Бірақ жас басшы әзірге қалалардан ондай маманды тауып отыр, ал болашақта өзіміз маман даярлайтын боламыз дейді. Ендеше бұл жобаның өміршең болары сөзсіз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз