Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

71-ші көктем. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің тағы бір көктемі. Мамырдың әлі де ызғары кете қоймаған осынау шағында бүкіл әлем фашистік Германияны жеңгені туралы шартарапқа жар салды. Содан бері қаншама жауынгер өзінің ұрпағының тәтті түсі бұзылмасын деп ұстаған қаруын күрекке алмастырып, жарқын болашақты құрды. Ал осы көктемге жеткені өте аз. Бүгінгі ұрпақ осы мерекелі көктемге жете алмаған аталары мен әкелерінің суретін алып, «Мәңгілік полк» сапында шеруге шықты. Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиынға сап түзеп келген «Мәңгілік полкті» жұртшылық тік тұрып қарсы алды. Өзі де бүгін қария болған әжелер мен аталар әкелерінің бейнесін бала күннен бір көруге зар болған, сонау шақтарынан тұнып жатқан сағыныштарын сарғайған суретке мейірлене қарап басатындай. «Мәңгілік полк» сапында А.Чебаев, И.Федосов, У.Камалиев, Ә.Уайысов, Қ.Мәмбетов, Ш.Оқасов, Ш.Оразаев, И.Васильев, С.Лошкарев және басқа да алпыстан астам адамның суреті бар, ал асыл бейнеден суреті де сақталмаған қаншама адам жай ғана әкелері мен аталарының орнында осы саптан орын алған.


Бір минут үнсіздіктен соң жиналған қауымды аудан әкімі Р.Сағандықов құттықтады. "Біз ешқашанда болашақ үшін, азаттық үшін қанын қиып, майдан даласында қалған аталарымызды ұмытпаймыз, ал күннен –күнге қатары сиреп бара жатқан ардагерлерімізге құрметті арттыра түсеміз. Тылда Жеңіс үшін тер төккен соғыс уақытының балалары, бүгінгі ақ самайлы аға ұрпақ өкілдері де қандай марапатқа болсын лайықты. Сондықтан да бз оларға тек мереке күндері ғана емес, әрдайым қамқорлық жасауымыз керек», - деді Рамиль Нығметжанұлы.
Аудан бойынша 14 соғыс ардагері қалса, соның төртеуі Самар ауылында. Олардың бірі В.Федосова. Әкесі де соғыс ардагері болған «ЖҚБ-14» ЖШС директоры А.Федосов өздерінің мекемелерінде еңбек еткен, қазір бақилық болған барлық ардагерлердің фотосуреттерін бүгінгі «Мәңгілік полк» қатарына алып шыққандарын айта келіп, барша жұртты мерекемен құттықтады. Тыл ардагері З.Сидорова, болашақ жауынгер А.Шәкеров те жүрекжарды тілектерін білдірді. «Біздің өлке – Батырлар отаны, біз аға ұрпақтың ерлігін ұмытпаймыз, туған жерді солардай қорғауға ант етеміз!», - деп тізе бүккен Абылайдың сөзіне барлығы зор қошемет көрсетті.
Аудан әкімі Р.Сағындықов, аудандық мәсли-хаттың хатшысы Т.Сарманов, Самар ауылдық округі әкімінің м.а. К.Терин, ардагерлердің аудан-дық кеңесі төрағасының орынбасары Н.Шалова, соғыс ардагерлері В.Федосова, М.Икласов, Н.Чумаков және Қ.Қожаевты үйлеріне барып құт-тықтап, Елбасы атынан сертификат, сыйлықтар ұсынды. Икласов Мүталап ата барлығына өзінің батасын берді.
- Соғыс деген сұмдық сөзді ұрпағымыз естімей өтсін, - дейді ардагерлер. - Сіздер де аман болыңыздар, Жеңіс күні мерекесімен!

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз