Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кезінде пай үлесіне тиген 3 сиыр, 55 гектар жермен шаруасын бастаған «Жолан» шаруа қожалығы бүгінде мемлекеттік бағдарламаны толығымен пайдалана отырып, істерін ілгері жылжытып қана қоймай, ауылдастарының заман талабына сай демалуына жағдай жасауды ойлайтын халге жеткен іргелі аграрлық құрылым.


Жаңадан салынған мал қорасында биыл 450 бас қой, 50 бас ірі қара мен жылқы қыстап шықты. Болашақта бұл жерде аумағы үлкен шаруашылықтың орталығы бой көтерілетініне негіз бар. «Жайлау» бағдарламасы бойынша алынған 100 бас қойдың саны өз төлі есебінен биыл 450 басқа жеткен. Қойдың байыс және қазақи құйрықты тұқымы өсіріледі. «Кезінде малды Күршім ауданынан сатып алғанбыз», - дейді шаруашылық басшысы Еркін Ағзамбекұлы Бөлембаев. Еркін Ағзамбекұлы осы бағдарламаны пайдаланушылар арасында аудан бойынша оператор болып саналады. Сондықтан да бағдарламаға қатысушылардың несиені дер кезінде қайтаруына жауапкершілікті мойнына жүктеп отыр. «Қазір несие алушылар жылына 25 бас малдан өткізіп, несиені қайтарып жатыр. Жақында ғана барып 100 бас өткізіп келдім», - дейді Е.Бөлембаев.
Ата кәсібі мал өсіру, оның ішінде қой түлігін көбейтуді мақсат еткен шаруашылық басшысы бүгінде ағайындарымен біріге отырып, шаруа-шылықтарының тасын өрге домалату үшін барлық мүмкіндікті пайдалануда. Ендігі кезекте асыл тұқымды ірі қараны көбейту, өңірдегі сүт өндіру ісіне үлес қосуды көздейді.
- Мал ұстағаннан кейін оның етін, сүтін, жүнін де кәдеге жарату қажет. Сол себептен де биыл ең алдымен мал сою цехын салуды қолға аламыз. Одан кейінгі жоспарымыз – ет сататын орын ашу. Ал енді шешімі тек біз үшін ғана емес, қой түлігін асырайтын барша ауыл тұрғындары үшін табылмай отырған мәселе, қойдың жүні мен терісін іске жарату болып отыр. Жүнді ешқайда қабылдамайды, қаншама байлықты апарып күлтөбеге төгеміз, ішің ашиды, - дейді Еркін Ағзамбекұлы. Ауылда өсіп, енді ауылды көркейтемін деген жігіттің қынжылатын тағы бір мәселесі- мал бағатын адамның жоқтығы, сонымен бірге сиыр сауатын сауыншы табу да қиын дейді ол.
«Жолан» шаруа қожалығы да осы ауылдағы барлық игілікті шаралардан тыс қалып көрген емес. Кезінде үлкен дүкен болған ғимаратты дәмханаға айнал-дырғанда ауылдастары Еркінге риза болып еді. Ауылда қандай той-томалақ, қатым, ас беру болса, барлығы да осында өтетін. Ауылдастарының заман талабына сай көркемделген ғимаратта игі шараларын өткізуі үшін Е.Бөленбаев көктем туа бұл ғимаратта жөндеу жұмысын бас-тапты. Жұмыс өте қарқынды жүргізіліп жатыр. Жаңа дизайынмен безендіріліп, ас даярлайтын бөлмесі, 180 орынға дейін кеңейтілген үлкен залы, шай бөлмесі бар ғимарат ауыл тұрғындарын жаңа сән-салтанатымен қарсы алатын күн алыс емес. «Біздің ауылдың тұрғындары да заман көшінен қалмай, өздерінің отбасылық шараларын лайықты жерде өткізсін деген оймен осы жұмысты қолға алып, жылдамдатып жатырмыз», - дейді ауылының қамын ойлаған тағы бір азамат.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз