Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар орталық кітапханасын-да Наурыз мерекесі апта бойы тойланды. Кітапхананың көрер-мендер залы мейрамға сай безен-дірілді. Әр шараның өту барысында слайдтар, клиптер көрсетіліп тұрды. Ж.Болғанбаев атындағы мектеп оқушыларының «Наурыз құшағында» атты (Р.Асаубаева) сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қол өнер ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып, осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып, шеберлігін дамытуда. «Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні» атты шеберлік сыныбын Ж.Болғанбаев атындағы мектептің еңбек пәнінің мұғалімі Б.Оралбек жүргізді. Зергерлер көбіне бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы күмісті пайдаланған. Сән-салтанат бұйымдар, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей туралы әңгімелеп, сырғаны қалай жасайтынын бас-аяғына дейін көрсетті. Өзі жасаған бұйымдардан көрме ұйымдастырды.
«Мен – қазақтың ұрпағымын» атты сайыс Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің 6-7 сынып оқушылары арасында өтті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. «Самғау», «Бірлік» топтары қатысты. «Шебердің қолы ортақ» кезеңінде шаш сәндеу үлгісін көрсетіп, қол өнер туындыларын қорғады. «Тарих пен әдебиетке байланысты сұрақтарға жауап беру» кезеңінде сайыскерлер сұрақтарға нақты жауап берді. «Салтым менің – алтын қазынам» кезеңінде «Самғау» тобы - «Тұсау кесер», «Бірлік» тобы - «Үйлену тойынан» салт-дәстүр көрсетті. «Өнерліге өріс кең» - өнер сайысында сайыскерлер ән, би, күй, өлең оқыды. Сөз кезегі қазылар алқасына беріліп, достық жеңгенін жариялады. «Қазағымның қазынасы - домбыра» атты әдеби-сазды кешке Самар саз мектебінің мұғалімі Ш.Аймұханбетова мен оқушылары қатысты. Кітапханашы домбыра туралы аңыз-әңгіме айтып, өлеңдер оқыды, Р.Рымбаеваның әні бейнеклиппен көрсетілді. Саз мектебінің оқушылары Құрманғазының «Адай», Динаның «Байжұма» күйлерін орындап берді. Бұл шараға Ж.Болғанбаев атындағы мектептің 7 сынып оқушылары қатысты.


«Ерлікпен өткен ғұмыр» атты кеш қазақтың көрнекті композиторы А.Жұбановқа арналды. Оқырмандар А.Жұбановтың өмірімен, шығар-маларымен танысты. А.Жұбановтың «Қазақ маршы», «Ақ көгершін», «Қарлығаш» атты күйлерін саз мектебінің оқушылары орындап берді. А.Жұбановтың Бекниязов Қабайға жазған соңғы хаты оқылды. «Жаса, Наурыз, дәстүрлі!» атты әдеби-сазды кеш апталықты қорытындылады. Наурыз көже пісіріліп, дастархан жайылып, қонаққа «Асыл қазына» фольклорлық-этнографиялық әжелер клубының мүшелері, Самар мешітінің имамы Кәлебай Бекболат, оқырмандар, әжелер шақырылды.
Ұлттық киім киген кітапханашылар Г.Бакиева мен Г.Чедеринова қонақтарды Наурызға арналған өлеңмен қарсы алып, Наурыз туралы әңгімеледі. Қыдыр ата бата беріп, Наурыз тойдың шашуын Наурыз қыз шашты. Наурыз мейрамымен К.Нұрпейісова, Э.Степанова құттықтады. Ж.Болғанбаев атындағы мектептің 9 сынып оқушылары Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай атты ертегісінен көрініс көрсетіп, көпті күлкіге көмді. Әжелер болса ою оюдан жарысты. Бұл күнгі мереке осылайшы қызықты өтіп, апталық аяқталды. Наурыз құтты болсын!

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз