Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрылыс материалдары қашан-да сұранысқа ие. Сондықтан үл-кенбөкендік Әнуар Үмітбаев өзінің қолынан келетін кәсіпті нәсіп етіп, кірпіш өндіру ісін қолға алып отыр. Үй ауласындағы жерді өндіріс алаңы етіп, бүгінгі таңда онда қарқынды жұмыс жүргізуде. Осыдан бірнеше жыл бұрын жұмыссыздар қатарында болған Әнуар осыдан үш жыл бұрын өз қаражатына кірпіш, брусчатка құю құралдарын алып жұмыс жүргізуде.
Мінезі тұйық, сөзге сараң Әнуарбек өзінің жоспарлы әрекеттерін ашық айтпаса да, оның осы жылдың ішінде осынша істі қатар алып жүруге ұмтылуы, біріншіден, қолынан келетін іс арқылы өз қабілетін көрсету болса, екіншіден, отбасылық табыс пен жұмыстың ұдайы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсаты аңғарылады. Кәсіпкердің қарамағында бүгінгі таңда 4 адам еңбек етеді.


Күннің көзінен қалқалап, желге қақ-тырылып кептірілетін кірпішті құю оңай шаруа емес. Егер оның құрамындағы қоспаның мөлшері дұрыс болмаса, тауардың сапасы кемиді. Тіпті, сатып алушы тауарды тексеру үшін кез келгенін алып, бар күшімен жерге тастаған кезде, ол қақ жарылса, тұтынушы теріс айналып жүре береді. Сондықтан кәсіпкер күн ұзаққа өндірістің басы-қасында жүріп, әр кірпіштің жасалуына үлкен мән береді.
Бүгінде кәсіпкердің көңілі орнығып, бастаған ісінен жақсы нәтиже шығару үшін жанталаса еңбек етіп жатқандығы ер-азаматқа жарасымды.
- Қазіргі таңда өнімдерімді, тиімді ке-лісімді бағамен сатудамын. Қазір құрылыс салу науқанында кірпіш, брусчаткаларға сұраныс көп, Зайсан, Тарбағатай аудандарынан да тапсырыстар бар. Енді алда, осы кәсіпті ары қарай дамыту жоспарда тұр. Егер үлкен ғимарат болса, бұл жұмысты қыстың күні де жалғастыруды көздеп отырмын. «Көз қорқақ, қол батыр» деген шын екен. Ештеңеден қаймықпай, ойлаған ісіңді бастап кетсең, одан кейін ол күн сайынғы еңбекпен әрі қарай жалғаса береді, – дейді ол.
Сонымен қатар, жұмысын қыс мез-гілінде жүргізу үшін, ғимарат алуға аудан әкімшілігі, ауылдық округ тарапынан көмек керегін де жасырмады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз