Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елдігіміздің алтын айғағы болған – Қазақстан Республикасының Конституция күні Көкпекті ауданында тойланды. Ата Заңымыздың қоғамдық және әлеуметтік өміріміздегі мәні айшықтала түсті. Мәдениет үйінің алаңы таңертеңнен-ақ қызылды-жасылды жалаушаларға толып, жұртшылық көңілі сазды әуенмен астасты. Жан-жақтан жиналған көкпектіліктер мерекелік көңіл-күймен бір-бірін құттықтап жатты.
Жұртшылықты құттықтауға ауылдық округ әкімі, ақсақалдар кеңесінің төрағасы, қоғамдық ұйым басшылары жиналды. Ата Заң қабылданған Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік шара орталық алаңда өтті. Бейбітшілік, саяси тұрақтылық, ұлтаралық және дінаралық келісім орнаған демократиялы, зайырлы, әлеуметті мемлекет болғалы Республикамызда Конституция күні осымен 21 жыл қатарымен тойланып отыр. Жиынды ашқан Көкпекті ауылдық округінің м.а Қанат Мұқышев Конституцияға абыройы асқан, мерейімізді өсірген, баянды істердің бастауы болған құжат деп баға берді. Құқықтарымыз бен міндеттерімізді белгілеп берген Ата

Заңның қазақстандықтар үшін алатын үлкен орнына тоқталып, аудан тұрғындарына мерекелік жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Оразаев құттықтау сөз арнады:
- Ұлт көшбасшысы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған әділ саясатының арқа-сында Қазақстанымыз жыл сайын жаңа бе-лестерді бағындырып, әлем алдындағы абыройы арта түсуде. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа жетістіктерге жетіп, мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға жол ашылды. Бүгінгі айтулы мерекемен барлық көкпектіліктерді құттықтаймын, көк байрағымыз көгімізде желбіреп, еліміз тыныш болсын, - деп жүрек жарды тілегін білдірді.
Салтанатты жиында, ауылдық округтің дамуына белсенді үлес қосып жүрген әйелдер кеңесінің мүшесі Ғ.Назикеева, жеке кәсіпкер П.Мұратхан, Е.Ажықұловтар алғыс хаттармен марапатталды. Ал, Облыстық Чернобыль ардагерлер кеңесінің Чернобыль апатына 30 жыл толуына арналған медальмен Габдулхат Мулюков мадақталды. Мереке ауыл тұрғындарының назарына ұсынған Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі әртістерінің концертімен жалғасты.
Сонымен қатар, мереке күні орталық алаңда сенбілік жәрмеңке де орын тепті. «Қыстың қамын жаз ойла» - дегендей жәрмеңкеге келушілердің қарасы мол. Қоржыны тоқ қоңыр күзде ауыл жұртшылығы қысқа дайындалуда. Жәрмеңкедегі өнімдер бағасы да тиімді, таңдау да көп. Өз өнімін сатып жатқан сатушы да риза.
Жәрмеңкеге Биғаш, Самар, Преображенка, Сарыбел, Құлынжон, Тассай ауылдық округтері ауылшаруашылық өнімдерін әкеп, саудаға салды. Сөрелер көкөністер, ет, балық, бал өнімдеріне толы болды.
Конституцияға 21 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан, өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салиқалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамдық тұрақ-тылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конституциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі де талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.
Мереке күні Ата Заң туралы көкпектіліктер ой-пікірлерін ортаға салды.
Қазбек Қасымов, Преображенка ауылдық округінің жетекші маманы:
- Тәуелсіз еліміздің тарихындағы жаңа Бас құжат, мемлекетімізді демократиялық, зайырлы және құқықты ел ретінде айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Ата Заң барлық құжаттардың қайнар көзі, бастауы болып табылады. Жыл өткен сайын құқықтық салада жаңа заманға сай заңдарға жаңа өзгерістер енгізілуде. Осының барлығы болашақ ұрпақ бірлігі жарасқан, экономикасы дамыған бейбіт елде тыныштықта өмір сүруі үшін жасалуда. Сондықтан Конституцияны құрметтеу - әрбір азаматтың асыл парызы деп білемін.
Аслан Жапарқұлов, Сарыбел ауылдық округінің бас маманы:
- Жыл сайын елiмiз тәуелсiз Қазақстанның ең маңызды мерекелерiнiң бiрi – Конституция күнiн атап өтедi. 21 жыл бұрын 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған болатын. Мемлекет дамуындағы басты жол көрсететін құжаттың арқасында бүгінде білім саласына заманауи инновациялық технологиялар енгізілуде және осы негізде білім сапасы жоғарылап келеді. Оның дәлелі биылғы ҰБТ нәтижесі. Қазіргі таңда ортамызды толықтырып отырған жас мамандар компьютер құлағында ойнайды. Олар елімізді кемел болашаққа жетелейді.
Бақытгүл Қабдулина, Самар ауылдық округінің бас маманы:
- Тәуелсіз Отанымыздың тұңғыш Президенті сайланып, дербестігімізді растайтын мемлекеттік рәміздерімізді бекіттік. Осы уақыт ішінде елімізде заң шығару ісімен шұғылданатын биліктің бір тармағы – Парламенттің кемелденіп, кәсібиленіп қалғаны сөзсіз. Бұл да Тәуелсіздік жылдарында жеткен бір белес. Ата Заңда адам өмірінің барлық жақтары қамтылған. Яғни азаматтың өмір сүруіне, білім алуына, демалуына, кәсіпкерлікпен шұғылдануына мүмкіндік берілген. Осының барлығы әрбір азаматтың өзін толыққанды бостандыққа ие жеке адам ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз