Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жайдары жаздың үш айын қызықты да мазмұнды өт-кізіп, жиған білімдерін одан әрі тереңдете түсу үшін барша қазақстандық оқушылар алтын ұя мектептеріне қайта оралып, жаңа оқу жылына қадам басты. Міне, осынау алғашқы қоңырау салтанаты аудан көлемінде де ерекше аталып өтті. Бұл орайда, біз аудан орталығындағы іргелі екі оқу орны Ж.Шайжүнісов атындағы және Көкпекті орта мектептерінің үлкен дайындықпен қарсы алғандығына куә болдық. Мерейлі мерекені паш еткендей, ертеңгілік білім ордасының ауласы безендіріліп, мектеп, ұстаздар туралы сазды әуендер ойналып тұрды. Қолдарына ұстаздарға арналған гүл шоқтары мен түрлі шарларды ұстаған оқушылар мектеп ауласына жиналды.
Оқушылардың ала жаздай асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққан мерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген.
Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек Білім күні мерекесінде ауданымыздағы барлық мектептерде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Жалпы аудан бойынша 2016-2017 жаңа оқу жылында 4065 оқушылар білім нәрімен сусындамақ. Оның ішінде 435 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап, партаға отырғандар.


Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің алдында қолдарына гүл шоқтарын ұстаған жас бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Аталмыш білім ордасында биыл 362 шәкірт білім алады. Оның ішінде бірінші сыныпқа келген 29 бүлдіршін үшін алғашқы қоңырау соғылып, жоғары сынып оқушылары да оқу жылының басталуымен бір-бірін құттықтауда. Салтанатты жиынға ардагер-ұстаз Бақыт Мүлікова, аудандық білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Райхан Жұмақанова қатысты. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтерілді. Мектеп директоры Қажет Жүнісбеков жаңа оқу жылында жаңа табыстарға жетуге тілектестігін білдіріп, өткен оқу жылының жетістіктерін атап өтті. Білім күніне арналған салтанатты жиынға келген ата-аналарды, мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады. Өз кезегінде сөз алған ардагер ұстаз Бақыт Мүлікова:- Құрметті қуаныш иелері! Елдің ертеңі, жарқын болашағы өздеріңсіңдер. Дәл қазір сендердің білім мен өнерді, спортты үйренетін кездерің. Алтын уақыттарыңды пайдалы істерге жұмсауға үйреніңдер. Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалім балаларды қалай тәрбиелесе, мемлекетіміз солай болады» деген болатын. Ендеше сол ертеңгі елдің тізгінін ұстайтын балаларымыз білімді, білікті азамат болып қалыптассын,- деді.
Шаттық пен ыстық сезімдерге толы бұл күн Көкпекті орта мектебі оқушылары үшін ерекше есте қалғаны анық. Аталмыш мектеп білім мен тәрбие беру ісінде ауданымыздағы алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі. Іргелі алтын ұядағы салтанатты шараға да ата-аналар көп келіпті. Білім күніне арналған алғашқы қоңырау жиынының беташар сөзін мектеп директоры Аслан Танысбаев алды.
- Мыңдаған оқушылар мен мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын бүлдіршіндер үшін 1 қыркүйек жаңа шығармашылық ізденістердің бастамасы болмақ. Дәл осы күннен алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады, - деп атап өткен Аслан Балабекұлы аталмыш алтын ұяның оқу үрдісіндегі жетістіктеріне де тоқталып өтті. Мектеп директорының құттықтау сөзінен соң, Көкпекті орта мектебінің оқушыларды қабылдау туралы бұйрығы салтанатты түрде оқылды. Биылғы оқу жылы бойынша білім ордасында 474 оқушы білім алатын болады. Оның ішінде 76 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр екен. Қуанышты сәтке ортақтасушы мейман аудандық білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Н.Кравченко құттықтау лебізін білдірді. Білім күніне арналған салтанатты жиыннан соң жүздері бал-бұл жанған барша оқушылар алтын ұяларына еніп, мектеп партасына отырды. Бұл күні оларға арналып, «Мен өз Отанымның патриотымын» атты тәрбие сабағы өткізілді.
Юсупова Гүлнар, зейнеткер:
- Барлық ұстаздарды, бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Мен бүгін алғашқы қоңырауға немерем Айымды алып келдім, осы білім ордасында жақсы оқып, біздің көз қуанышымыз болып жүруіне тілектеспін.
Айым Кеңесова, 1 сынып оқушысы:
- Маған мектепке барған ұнай-ды, сабақты жақсы оқып, озат оқу-шы боламын. Мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз