Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 12 тамыз күні Палатцы ауылдық округінде аталмыш мереке «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» тақырыбында өтті.
Бұл мерекелік іс-шара ауыл жастары мен студенттерден құралған екі команда арасындағы жарыс түрінде өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша, ауыл жастарынан құралған «Эрудит» командасы жеңіске жетіп, алғыс хаттармен марапатталды.


Сонымен қатар, спорт алаңқайында «Денсаулығым – байлығым» тақырыбында спорттық шаралар өткізілді. Футбол ойынында жақсы ойын көрсеткен ойыншылар үздік шабуылшы, үздік қорғаушы, үздік қақпашы аталымдарына ие болып, марапатталды. Жарыс өте қызықты өтті. Мерекелік кештің соңы, ауыл жастарына арналған би кешімен жалғасты.
Біз, жастар, өз бойымызда басқа ешбір топта кездеспейтін қабілет пен қоғамда басқа ешбір топ орындай алмайтын қызмет атқарамыз. Басқаша айтсақ, қоғамның маңызды әлеуметтік стратегиялық ресурсы болып табыламыз, сондықтан да Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы білімді, ақыл-ойы терең жастардың қолында.


Б.Шалғынбаева, жетекші маман,
Палатцы ауылдық округі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз