Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

12 мамырда біздің ауданымызға Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары мен билік басындағы орталық органдардың өкілдері жұмыс сапарымен келді.

Олардың ішінде ҚР АШМ Комитетінің Төрағасы Р.Мадинов, «ҚазАгроИнновация» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Сатыбалдин, ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Б.Ілиясов, ҚР АШМ мал шаруашылығы департаментінің директорының м.а. Е.Ахметов, ҚР Комитет Төрағасы Қ.Мүсапарбеков, Мәжіліс Комитетінің хатшысы Т.Ибраев, Мәжіліс депутаттары Ж.Дүйсембаев, Р.Ким, А.Маковский, А.Тойбаев, Р.Халмұрадов, С.Үмбетов, Р.Шаекин. Олардың келу мақсаты - аудандағы аграрлық саланы дамыту үшін қолданылып жатқан инновациялық жобалармен және мемлекеттік қолдау шараларымен танысу болды.

Толығырақ...

9 маусым күні аудан әкімінің төрағалық етуімен аппараттық кеңес отырысы өтті. Оның барысында «Білім беру мекемелерінің ережелері туралы» ҚР Үкіметі Қаулысының іске асырылуы, облыс әкімі жүлдесіне арналған Халықтық ойындарға дайындық жұмыстары мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы мәселесі қарастырылды.

Аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова соңғы 5 айдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері мен күтілген жартыжылдық нәтижелер жайлы баяндады. Соңғы бес айдағы барлық негізгі көрсеткіштер асыра орындалған, өсу қарқыны бар. Бірақ, бұған қоса аудан әкімі алдағы жұмыс бойынша міндеттерге баса назар аударды. Олардың ішінде бюджетті толықтыру мәселесі ерекше орын алуда. – Бұл жағдайды шешуде Салық басқармасының қызметкерлері белсенділік танытпай отыр, - деп қадап айтты Дүйсенғазы Мағауяұлы. Тассай, Палатцы, Сарыбел ауылдық округтері әкімдерінің жауаптарын тыңдағаннан кейін аудан басшысы ішкі қорлардың көлемі ауқымды және олар әр округте бар екенін атап өтті. Ауылдық округ әкімдері мен Салық басқармасының міндеті – барлық жасырын нысандар мен өнеркәсіптерді көлеңкелі экономикадан шығару, бизнесті заңға сәйкес жасау, оның іс-әрекетін ашық қылу болып табылады.

А.Әкімованың мәліметінше, мамыр айы бойынша Көкпекті орта мектебінде, Оңалту орталығында, ішкі саясат бөлімінде қомақты қаржы игерілмей қалған. Аталған мекемелер басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Аудан әкімі жартыжылдық бойынша бөлінген қаражатты толық көлемде және уақтылы игеруге, оның ішіне «Өрлеу» бағдарламасы да кіретініне басты салмақ салды.

Аудан экономикасын дамытуда маңызды орынды балық және туризм кластерлері алмақ. Бұны нақтылап көрсете келе аудан әкімі осы мәселе бойынша құжаттардың әзірлемесін жасау кезінде жергілікті жердің жағдайын ғылыми негізде қарастыруды орынбасары А.Әкімова мен ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысынан талап етті. Туристік кластерді дамытуда ауылдық округ әкімдерінің жобалары мен есеп берудің жаңа үлгісі бойынша ақпараттарының маңыздылығы аз емес.

Аудан әкімі ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысына, ауыл әкімдеріне көктемгі егіс кампаниясының аяқталуы және алқаптарды зерттеу бойынша қоғамдық комиссия жұмысының қажеттілігі туралы ескертті.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова «Білім беру мекемелері ережесі туралы» ҚР Үкіметі Қаулысының орындалуы бойынша дәл сараптаманы ұсынды. Оның айтуынша, ауданда Қаулының қалыптарына оқушылардың саны бойынша Петропавловка ауылындағы, С.Сейфуллин атындағы бастауыш мектептер, Ұзынбұлақ, Қараөткел, Московка ауылдарындағы негізгі мектептер, Палатцы ауылындағы орта мектептері сәйкес келмейді. Бұған қоса, аталған білім ордаларында оқушылардың аттестациялық нәтижелері төмен. Ш.Мұстафинованың баяндамасын тыңдай келе, аудан әкімі білім беру мекемелерінің оңтайландыру жүйесі – бұл бәрінен бұрын оқушылардың білім сапасын жақсартуға бағытталғандығына қарамастан,  өте күрделі және шешімі қиын мәселе екенін қадап айтты. – Бұл мектептерді жабу немесе қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдауда барлық оң және теріс жақтарды өлшеп, балаларды тасымалдау немесе тиісті мекемелерде тұруын, олардың әлеуметтік бейімделуін, педагогтардың жұмыспен қамтылуын және басқаларды ойластыру қажет. Мектептердің бүгінгі күні жабылатынын бірден айтуға келмейді. Бұл мәселе бойынша білім беру бөлімі, ауылдық округ әкімдері қосымша жұмыс жасайды. Ал, соңғы шешім аудандық мәслихат хатшысы Р.Беспаевтың, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әбеновтың, жауапты орынбасар К.Смаилованың қатысуымен өтетін жұмыс кеңесінде қабылданады, - деп қорытындылады Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Аудан әкімі ауданның құрама командасының Халықтық ойындарға қатысуға даярлығы туралы ақпаратты тыңдай келе, орын алып отырған кемшіліктерді көрсетті. Сондай-ақ, ол команданы жаттықтыруға қолайлы жағдай жасау, спортшыларды жататын орынмен, жеткізу және алып жүруді қамтамасыз етуді талап етті. – Дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы мен жауапты орынбасардың міндеті – үздік үштіктің қатарына ену, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Аудан әкімі өз орынбасарлары Р.Сағындықов пен А.Әкімоваға ауданнан облыстың тұрақтандыру қорына көкөністерді жеткізу бойынша, сонымен қатар сол іспеттес қорды ауданда құру жөнінде тапсырма берді. Ол туристік маусымның ашылуына баса назар аударып, қызмет көрсету саласын дамыту үшін белсенді қимылдар жасауды талап етті.

Лайлы су қоймасы жағасында орын алған қайғылы оқиға туралы айта келе, аудан әкімі қауіпке жол бермеу мүмкіндігі болғандығын атап көрсетті. Балалардың қаза табуында «Шығыс су қоймалары» бөлімі қызметкерлерінің, учаскелік инспектордың және ТЖ бөлімі қызметкерлері мен Самар ауылдық округ әкімдігі аппараты жұмысшыларының кінәсі бар. Соңғы үкімді құқыққорғау органдары шығаратыны белгілі. Алайда, ата-аналардың қайғысын онымен жеңілдете алмаймыз.

Аппараттық кеңесті қорытындылай келе, аудан әкімі аймақ экономикасының үдемелі дамуын қамтамасыз ететін тапсырмалардың толық және дер кезінде орындалуына баса назар аударды.

Надежда ШАРОВА

Белгіленген кестеге сәйкес маусым айының алғашқы сәрсенбісінде аудан әкімі Д.М.Мусин Самар ауылында азаматтарды қабылдады. Бұл жолғы қабылдауға келген халықтың қарасы мол болды. Бірақ, азаматтарды толғандырған мәселелердің шоғыры өзгеріссіз қалды.

Жер қатынастарына қатысты мәселелер іс жүзінде әрдайым басты назарда тұрады. Өсімдік шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру барысында даулы сұрақтармен қатар, жер телімдерін алу мәселесіне қатысты сауалдар туындайды. Оларды шешу үшін аудан әкімі жер қатынастары бөліміне жағдайлар орын алған жерлерге барып, істің қыр-сырымен танысуды тапсырды.

Материалдық көмек көрсету бойынша қаралғандарды сараптай келе, отбасылардың тұрмыс жағдайының төмен болып келуінің басты себебі – алкоголдік ішімдіктерге салыну екенін атап өткен жөн. Шындығына келгенде, бұдан бірінші кезекте балалар зиян шегеді. – Осы іспетті мәселелерді бір реттік көмекпен шешу мүмкін емес. Бұл жерде қоғамдық ұйымдар, құқыққорғау органдары, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері бірлесе жұмыс атқарулары керек, - деді аудан әкімі. – Сонымен қатар, егер отбасы өмірдің қиын жағдайларына тап болса немесе егер қымбат бағалы ем қабылдау қажет болып жатса, бұндай жағдай кейінгіге қалтырылмай, бірден шешіледі.

Меншіктендіруге рәсімдеу бойынша сапасыз атқарылған жұмыстар әлі өз салдарын көрсетуде. Көптеген тұрғындардың жылжымайтын нысандарға иелік ету үшін құжаттары жоқ. Оларды алу үшін де қиналып жүрген жайлары бар. Аудан әкімі түсіндірме бере кетіп, тиісті қызметтерге ақпараттық көмек көрсетуді тапсырды.

Сондай-ақ, қабылдау барысында тұрғын үй, жұмысқа орналасу, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында несие алу  мәселелері көтерілді.

Аудан әкімінің қабылдауында азаматтар тарапынан айтылған барлық мәселелер бақылауға алынды, аудандық қызметтер мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктелді.

Надежда ШАРОВА

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Адам үшін ең қымбат байлық оның денсаулығы. Сондықтан да, денсаулық адамның ең үлкен жетістігі. Адам денсаулығының күзетіндегі дәрігерлер барлық елдерде құрметті де қадірлі. Бұл мамандық өте жоғары кәсібилікті, адамгершілікті және адамды сүюді талап етеді.

Әр жылы маусым айының үшінші жексенбі күні құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ желеңді абзал жандардың мерекесі. Дәрігерге ең қажеті – адамның денсаулығы, оның тағдыры. Үмітке үміт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жүретін осы ақ желеңділер қандай құрметке болса да лайық.

Ауданда денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Ауруханалар мен емдеу орындарының материалдық-техникалық базасы жылдан жылға жақсарып келеді. Денсаулық сақтау саласына келген жас мамандарға барлық жағдай жасалып отыр. Олар өз кезегінде жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беруде.

Құрметті мереке иелері, ақ желеңді абзал, мейірімді жандар! Сіздер қайырымдылық пен мейірімділіктің, ізгіліктің жаршысы іспеттісіздер! Сондықтан да, медицина саласы қызметкерлері күнінің бүкілхалықтық мерекеге айналуы заңды құбылыс екені даусыз.

Елбасымыз Н.Назарбаев халықтың денсаулығын қорғау, еліміздің медицина саласын заман талабына сай дамыту мәселесіне айрықша мән беріп, ұдайы назарында ұстап келеді. Осы бағытта елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заманауи, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда. Және сіздердің де кәсіби біліктіліктеріңіз, медицинаға деген адал сенімдеріңіз осы саладағы өзекті мәселелерді шешуге жол ашып келеді.

Сіздердің ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Жұмыстарыңыз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерге мықты денсаулық, күш-жігер, баянды бақыт және жаңа табыстар тілейміз. Еңбекте жетістіктерге жетіп, беделдеріңіз арта берсін!

Д.М.Мусин, аудан әкімі

Р.Беспаев, мәслихат хатшысы

Көлеңкелі экономикамен күрес кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе, оның үстіне ел Президенті өзінің Жолдауында алдыға зор мақсат қойды. Ол – әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу. Осы міндетті орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша кешенді жоспарды бекітті. Облыс әкімінің салық салынатын базаны кеңейту және ішкі резервтерді іздеу бойынша хаттамалық тапсырмасы бар. 

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз