Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына санаулы уақыт қалды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінде Жеңістің жетпіс жылдығын тойлауға дайындықты бүгіннен бастауымыз керектігін атап өткен болатын. – Біз сол сұрапыл соғыста Отан үшін өр кеуделерін отқа тосқан әр жауынгерді еске алып, оларға тағзым жасауға міндеттіміз, - деген болатын Нұрсұлтан Әбішұлы.

Аудан әкімі Д.М.Мағауяұлының бастамасы бойынша біздің аудандағы дайындық жұмыстары Палатцы ауылдық округінің Подгорное ауылында шоғырланған. Бұның өзіндік себептері де жоқ емес. Кеңес одағының үш бірдей Батыры аталған шағын, шалғайдағы ауылдың тумалары болып келеді. – Жерлестеріміздің қаһармандық істері мәңгі сақталып қалуы үшін біз Жеңістің мерейтойына дайындалу барысында барлық тиісті шараларды жасауымыз керек. Ардагерлеріміз адал ниетті қамқорлығымыз бен көңілімізді сезінулері қажет, - деп қадап айтты Дүйсенғазы Мағауяұлы. – Әр жауынгердің қаһармандылық, жүректілік және қайсарлық істерінен батырлық әңгімелер мен ата-бабаларымыздың ерліктері жайлы ортақ естеліктер қалыптасты. Олардың Отанға деген махаббаты мен патриоттылығы – бүгінгі өскелең ұрпақ, жастарға үлгі болар өнеге. Ал біздің мақсатымыз осы баға жетпес мұраны сақтап, соғыс, деректер мен жаужүрек батырлар туралы шындықты ізімізді басып келе жатқан ұрпаққа жеткізу.

-Подгорное ауылы тарихи нысан ретінде ауданның туристік кластерінен өз орынын алмақ, - аудан әкімінің алға қойған міндеті осындай. – Бұл жер саяхаттап келушілер үшін қызықты, сәулеттендірілген, көздің жауын алатындай болуы қажет.

Аталған бастаманы басшылыққа алып, бірінші болып қолдау көрсеткен – аудандық Жастар орталығы. Олар үндеуге үн қосып, 11 шілде күні Көкпекті, Преображенка, Көкжайық ауылдары жастарынан, барлығы 30 адамнан құралған десантты үш Кеңес Одағының батыры шыққан жерге қондырды.

-Біз тыл еңбеккерлеріне үй маңындағы аумақты қалыпқа келтіріп, абаттандыруда – қоршауларды, қашаларды сырлау мен орталық көше бойындағы талдарды әктеуде көмек қолын созуға келдік. Өкінішке орай, ауылда соғысқа қатысқан бірде-бір ардагер қалмапты, - дейді Жастар орталығының директоры Дархан Бердібек. – Біздің басты мақсатымыз – жастарды ауыл тарихына қанық қылып, оның қайнар көзіне жақындата түсу. Жастардың көбі бұл жерге алғаш аяқ басып отыр. Сондықтан, олар үшін бұл – нағыз жаңалық.

Ауылда тыл еңбеккерлерінің 11 отбасы тұрып жатса, олардың ішінде 5-еуі жалғыз басты қариялар. Міне, келген жастар дәл солардың үйіне қарай бет алды. Жастардың жұмысына Палатцы ауылдық округінің әкімдігі де қолғабыс жасап, қажетті құрылыс материалдарын – әктас, майшыт, түрлі бояулар ұсынды.

Күннің қапырық ыстығына қарамастан, жастар өз телімдерінде бар күш-жігерлерін сала отырып еңбектенді. Нәтижесінде бір күннің ішінде Л.Писмаркина, Е.Бекбаева, П.Каштанов, А.Докучаев және Н.Қалиақперова сынды тыл ардагерлерінің қоршаулары тиісті қалыпқа келтірілді. Сонымен қатар, орталық көшенің талдары мен бағандары ақталып, Даңқ Мемориалының төңірегі арамшөптен тазартылды.

Тыл еңбеккері Петр Каштановтың жұбайы Мария Ивановна егде жастағы адамдарға осылай қамқорлық танытып, көңіл бөлгендері үшін, шағын жөндеу жұмыстарына айтарлықтай көмек жасағандары үшін жалынды жастарға жүрекжарды алғысын білдірді. «Сендер қайырымды іс жасап жатырсыңдар. Сол үшін де жастарға көп рахмет!».

Ұлы Отан соғысына қатысты оқиғалар желісі жылдан жылға бізден жылыстаған сайын, олардың маңызы арта түсуде. Біздің ата-бабаларымыз, еліміз, халқымыз бетпе-бет келген осындай қайғылы жағдайды әр адам жан-тәнімен сезініп, оның маңызын ұға білуі керек. Міне, осы сезім бізді Ұлы Отан соғысы Жеңісін лайықты түрде атап өтуге жетелеп қана қоймай, оның моралды-өнегелі негіздерін мәңгілікке бекітуге септігін тигізуі керек. Себебі, осылар Қазақстанымыздың дамуына үлес қосып, болашаққа деген сенімділікті бекіте түседі. 

Қанат  АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз