Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Адам үшін ең қымбат байлық оның денсаулығы. Сондықтан да, денсаулық адамның ең үлкен жетістігі. Адам денсаулығының күзетіндегі дәрігерлер барлық елдерде құрметті де қадірлі. Бұл мамандық өте жоғары кәсібилікті, адамгершілікті және адамды сүюді талап етеді.
Әр жылы маусым айының үшінші жексенбі күні құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ желеңді абзал жандардың мерекесі. Дәрігерге ең қажеті – адамның денсаулығы, оның тағдыры. Үмітке үміт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жүретін осы ақ желеңділер қандай құрметке болса да лайық.
Ауданда денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Ауруханалар мен емдеу орындарының материалдық-техникалық базасы жылдан жылға жақсарып келеді. Денсаулық сақтау саласына келген жас мамандарға барлық жағдай жасалып отыр. Олар өз кезегінде жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беруде.
Құрметті мереке иелері, ақ желеңді абзал, мейірімді жандар! Сіздер қайырымдылық пен мейірімділіктің, ізгіліктің жаршысы іспеттісіздер! Сондықтан да, медицина саласы қызметкерлері күнінің бүкілхалықтық мерекеге айналуы заңды құбылыс екені даусыз.
Елбасымыз Н.Назарбаев халықтың денсаулығын қорғау, еліміздің медицина саласын заман талабына сай дамыту мәселесіне айрықша мән беріп, ұдайы назарында ұстап келеді. Осы бағытта елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заманауи, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда. Және сіздердің де кәсіби біліктіліктеріңіз, медицинаға деген адал сенімдеріңіз осы саладағы өзекті мәселелерді шешуге жол ашып келеді.
Сіздердің ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Жұмыстарыңыз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерге мықты денсаулық, күш-жігер, баянды бақыт және жаңа табыстар тілейміз. Еңбекте жетістіктерге жетіп, беделдеріңіз арта берсін!
Д.М.Мусин, аудан әкімі
Р.Беспаев, мәслихат хатшысы
Көлеңкелі экономикамен күрес кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе, оның үстіне ел Президенті өзінің Жолдауында алдыға зор мақсат қойды. Ол – әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу. Осы міндетті орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша кешенді жоспарды бекітті. Облыс әкімінің салық салынатын базаны кеңейту және ішкі резервтерді іздеу бойынша хаттамалық тапсырмасы бар.
Толығырақ...Өткенмен ешкімнің жоқ таласпағы,
Тарихқа тағзым ету нақ асқары.
Ұрпаққа үлгі болып мәңгі тұрсын,
Ерлердің монументі Қараштағы.
Адамзат тарихындағы жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына келесі жылы 70 жыл толады. Бұл дата барша қазақстандықтар үшін үлкен маңызға ие. Себебі, барша адамзатқа ортақ құндылық – бейбітшілік үшін қару асынып, өр кеуделерін оққа тосқан жауынгерлердің құрамында қазақ жерінің айбынды жігіттері де болды. Әсіресе, бұл мереке Подгорное ауылы үшін ерекше болмақ. Өйткені, осы ауылдан шыққан Иван Яроцкии, Николай Фонов, Сергей Седнев есімді үш батыр жеңістің бір табан жақындай түсуіне себепкер болып, сол жолда өздерінің өмірлерін құрбан қылды. Біздің мақсатымыз – аталмыш ауылды өз атына сай қылып, гүлдендіру, көріктендіру. Себебі, осындай батырларымен мақтана алатын шағын ауыл облыста, тіпті, республикада жоқ десек, артық айтқандық емес.
Толығырақ...Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі халайық! «Тәуелсіздік – алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі бар. Оның біріншісі - көк байрақ, екіншісі – Елтаңба, үшіншісі - Әнұран, төртіншісі - қазақ тілі», - деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысын оятып, жүрегіне патриоттық сезім ұялататын - осы рәміздеріміз.
Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген таңда өз алдына мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез-келгеннің патриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды ел бола білдік. Сондықтан да, мемлекеттік рәміздеріміз — тәуелсіздігіміздің айғағы.
Өз халқымыздың, өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің ресми қалыптасқан құндылықтарын бағалап, қастерлей білу – әрбір қазақстандық азаматтың қастерлі борышы, патриоттығымыз бен Отанға деген құрметіміздің көрсеткіші. Мемлекеттік рәміздерге жергілікті ұлт өкілдері ғана емес, қазақ жерінде тұратын ұлттар мен ұлыстар да құрметпен қарауы шарт. Мемлекеттік рәміздер патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда, ерекше мәнге ие. Рәміздерде қазақ халқының дүниетанымымен қатар тарихына да айрықша мән берілген. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа мирас боп қалатын асыл мұратымыз, ұлттық ерекшелігіміз.
Баршаларыңызға мықты денсаулық, зор бақыт пен амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілейміз.
Д.М.Мусин, аудан әкімі
Р.Беспаев, мәслихат депутаты
Соңғы қоңырау - барлық қазақстандық мектеп бітіруші түлектер үшін дәстүрлі мереке. Аудан әкімі 25 мамырда Палатцы ауылдық округі Подгорное ауылының мектебінде болды.
Мектепте оқитын кезең ең алаңсыз өтетін жылдар болса, соңғы қоңырау – балалық шақпен қоштасудың нышанындай. Бұл – үйреншікті ертеңгілік емес, бұл – өмірдің белгілі бір баспалдағымен қоштасып, жұмбақ пен құпиясы, бұралаң жолдары көп болашақпен кездесу. Міне, сол үшін де соңғы қоңырау түлектер мен ұстаздар, ата-аналардың көздеріне еріксіз жас үйірілтетін шамалы мұңды күн. Алайда, бұл – келешекте не күтіп тұрғанын асыға күту, қимастық сезімнен туған көңіл толқынысының мұңы.
Подгорныйлықтар үшін ең жағымды жаңалық аудан әкімінің жақын арада бұнда мектептің жабылуы жоспарланбағаны туралы айтқан сөздері болды. – Онымен қоса, бұл ауылда келесі жылы - мектеп, клуб, дәрігерлік пункт сынды барлық әлеуметтік нысандарды жөндеуден өткізу жоспарлануда, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.