Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті Көкпекті ауданының тұрғындары!

Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймыз.Бүгінгі таңда елдің төрі - елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекенінеайналды. Астана - қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһарда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдайды. Елдің мақтанышы саналатын көкке ұмтылған бірегей, зәулім ғимараттар жүрегімізді тебірентеді, мерейімізді тасытады. Елорданың заманауи келбетіне шетелдік қонақтар таңданыспен қарауда. Елдің төрі – Елорда - елдіктің берік іргетасы,елдіктің бейнесі,ғасырлар толғағының ғаламат туындысы. Бұл шаһар Елбасының көрегендігі мен қарапайым еңбек адамдарының арқасында бой көтерді. Қазіргі таңда Астана тек алып мегаполис емес, мемлекетіміздің жаңаруының, жаңғыруының символы. Арман мен үмітті, қазақстандықтардың жарқын болашағын байланыстыратын қала. Бұл - әлемдік деңгейдегі қала құрылысындағы ең үздік, ең батыл сәулеттік жобалардың, ерекше идеялардың жүзеге асқан жері.

Астана ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. Бұл - біздің ортақ жетістігіміз. Еліміздің жүрегі Астана қаласы барша ұлт пен ұлысты бауырына басқан бақ пен бейбітшіліктің жерұйығы болудан танбасын! Қуанышқа толы мереке күні сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

Д.Мусин, Көкпекті ауданының әкімі

Р.Беспаев, аудандық мәслихат хатшысы 

 

Келесі 2015 жылы бүкіл әлем Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өтпек. Ерен Ерлік пен Ұлы Жеңіс мерекесінің маңызы мен қадірін барлық адамзат баласы жақсы біледі. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс - Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлердің жемісі. Бұл – атамекен, туған жерді жан сезіммен қастерлей білген, Отанға деген сүйіспеншілікті паш еткен мерейі үстем, мәртебесі биік тарихи сәт.

Көкпекті ауданындағы шағын ғана Подгорное ауылының қасиетті топырағынан нәр алған үш бірдей асыл азаматтарымыз Ұлы Отан соғысының Батыры атағын иеленді. Фонов Николай Яковлевич, Седнев Сергей Егорович және Яроцкий Иван Михайлович сынды жерлестеріміз ел тарихында өшпестей із қалдырды. Дәл осындай отансүйгіштік, елі мен жері үшін жанын берген патриоттылық, Отан алдындағы антына қасық қаны қалғанша адал болған ерліктің үлгісі облысымызда, тіпті қазақ елінде бірден бірегейі болып отырғаны біз үшін зор мақтаныш. Біз, бейбіт күнде өмір кешіп отырған қарыздар әрі парыздар ұрпақ осындай жерлестеріміздің ерлігіне тағзым етіп, басымызды иеміз.

Бүгін бейбітшілік пен ынтымақты елде өмір сүрудеміз. Тарих беттерінде қалған қанды соғыс енді ешқашан қайталанбауы тиіс!

Құрметті жерлестер!

Елімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге ауқымды дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Көкпекті ауданында ерлік пен қаһармандық мерекесін үш Батырдың мекені – Подгорное ауылында ерекше атап өту жоспарланды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын лайықты қарсы алу үшін қолдан келген барлық жағдайды жасау - баршамыздың борышымыз. Өскелең ұрпақ жеңімпаз ардагерлердің жанқияр ерлігін біліп, құрметтеп,  Отанды қалай сүю керектігін үйренуі керек. Барлық шаралардың басты мақсаты – ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтай отырып, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу.

Құрметті  шығысқазақстандықтар! Барлығымыз жұмыла отырып, бірлік - берекемен Ұлы Жеңістің құрметіне орнатылған ескерткіш монументтерді қамқорлыққа алып, қараусыз қалғандарын қалыпқа келтіріп, әлеуметтік нысандарды заманға сай түрлендіріп, ауылдарымызды көріктендірейік, әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған облыстық іс – шараларды өткізуге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!

 

Подгорное ауылының тұрғындары,

ШҚО, Көкпекті ауданы,

Палатцы ауылдық округі

РЕКВИЗИТТЕР:

«Көкпекті аудандық «Асар» қайырымдылық қор» қоғамдық қоры.

БИН 100540003667

ИИК KZ156010151000127715

Код 18

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі нарықтық заманда өмірімізді байланыс және бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары. Еліміздің елдігін, еріміздің ерлігін дәріптеп, танытуда байланыс және ақпарат құралдарының маңызы зор.  Байланыс және ақпарат қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауларынан туындайтын міндеттерді тұрғындар арасында насихаттауда және осы бағытта атқарылатын іс-шаралардың ауданымызда жүзеге асырылуына ықпал етіп келеді. 

Адамдардың жасампаздығы мен еңбектерін, ауылдың тынысы мен тіршілігін, жалпы ауданның өсіп-өркендеуін сырлы сөзбен өрнектеп, қоғамдық сананы қалыптастырудағы аудандық басылымның жұмысы айтарлықтай.

Бүгінгі таңда ақпарат құралдарын таратуда оқырмандар арасында алтын көпір орнатып, аудандық пошта байланысы мен ғаламтор желісін, телефон қызметін ұсынып отырған телекоммуникация торабы еңбеккерленің де еңбегі елеулі. «Айшылық жерден хабарды жылдамдатып алғызып» отырған бұл екі сала байланыстың көнеден келе жатқан түрі болса да, қазіргі заманауи тұрғыда да алдыңғы саптан көрінеді. Тұрғындар арасында олардың беделі зор.    

Баршаларыңызды төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ізгілік пен бақыт тілейміз!

 

Д.Мусин, аудан әкімі

Р.Беспаев, аудандық мәслихат хатшысы

Құрметтіәріптестер!

Сіздердікәсібимерекелеріңіз – Мемлекеттікқызметкерлеркүніменшынжүректенқұттықтаймыз!

Биліккесеніммемлекеттікқызметкерденбасталады. Олхалық пен билікарасындағыдәнекергеайналып, заманауиқоғамдағыталаптардышешугебейімболуытиіс. Сондықтан, мемлекеттікқызметтітаңдағанадамдарзорқұрметкелайық. Өйткені,олардыңмойнындабіздіңхалқымыздыңахуалы мен болашағыныңтағдырыміндеттелген.

Мемлекеттікқызметшілеркүнінмерекелеу – мемлекеттікөкіметоргандарының аса маңыздыролініңдәлелдемесі. Өйткені, әлеуметтік-экономикалықреформалардыңжетістіктері, қоғамныңдемократияландыружолыменжылжуы, құқықтықмемлекетініңқалыптасуы мен елдіңтұрақтыдамуымемлекетбасқарутетігіжағдайыжәнемемлекеттікқызметшілердіңкәсіпқорлығы мен олардыңжігерлілігі, елдіңтаңдағанкурсынабайланысты

Мемлекеттікқызметжүйесіндегіреформалау – ел дамуыныңалғышарттыміндеттерініңбірі, оны ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаев та міндеттепотыр. Мақсаты- мемлекеттікбасқарудыңтиімділігінарттыру, тұрғындарғакөрсетілетінқызметсапасынарттыружәнемемлекеттікқызметкерлердіңқызметжағдайынжақсарту.

Халықмемлекеттікқызметкерлерденжоғарыруханитұрақтылықты, отансүйгіштікті,заңталаптарынбұлжытпайорындаудыкүтеді. Халыққақызметкөрсетуоңайемес, сіздердіңәрісіңіз бен ауданөмірінеқосқанүлесіңізоныңдамуынаықпалетеді, оныңбақуаттылықдеңгейінкөтереді.

Әрқызметкердіңміндетіазаматтардыңконституциялыққұқы мен бостандығынқорғау, ел экономикасыныңжәнеәлеуметтіксаласыныңтұрақтыдамуынажағдайжасау, қазақстандықтардыңөмірсүрудеңгейінеуропалықстандартқажеткізудіқамтамасызетуболыптабылады.

Баршамемлекеттікқызметкерлергесәттілік, таусылмасқуатжәнеҚазақстанхалқынақызметкөрсетужолындаізденімпаздық, зорденсаулық, мейірбандық, бақыт пен бейбітшіліктілейміз. 

Д.Мусин, ауданәкімі

Р.Беспаев, аудандықмәслихатхатшысы

14 маусым күні Күршім ауылында Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісі депутаттары, орталық және облыстық атқарушы органдардың қатысуымен форум өткізілді. Оның барысында Шығыс Қазақстан облысында балық шаруашылығы саласын дамыту туралы сұрақтар қаралды.

Форумда Көкпекті ауданының әкімі Д.М.Мусин баяндама жасады. Ол балық шаруашылығы саласын дамытуды тежеп отырған мәселелерді атап қана қоймай, оларды шешудің жолдарын көрсетті. Оқырмандар есіне сала кетсек, жыл басында аудан әкімінің бастамасы бойынша Тассай ауылында құқыққорғау органдарының және облыстық департамент пен басқармалар, аудандағы балық саласы кәсіпорындары жетекшілері және балықшылардың қатысуымен кеңейтілген кеңес отырысы өткізілген болатын. Алғаш рет өзекті мәселелер талқыланып, сарапталған еді. Алайда, мәселелердің негізгі бөлігін шешу, көбінесе, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кірмейді.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз