Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

8 шілде күні аудан әкімі Д.М.Мусиннің төрағалық етуімен аппараттық кеңес болып өтті. Күн тәртібінде қосымша қорлардың түсімі, жастар саясатын жүзеге асыру, әлеуметтік инфрақұрылым ғимараттарының қолжетімділігіне паспорттау жүргізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, ауылдық округтердің арасында өткізілген абаттандыру және санитарлық тазалық бойынша екіайлықтың қорытындысы шығарылды.

 

Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Г.Смағұлова ауылдық бюджеттің кіріс бөлігі бойынша жоспар-тапсырманы ауылдық округ әкімдері қалай орындап жатқаны туралы мәлімдеді. Оның мәліметіне қарағанда, өзіндік кіріс бойынша болжам 1-ші жартыжылдықта 104 пайызға орындалып, жоспарда көрсетілген 313 млн. теңгенің орнына бюджетке 328 млн. теңге түскен.Ал, транспорт жоспары бойынша 60 пайыз, жер телімі бойынша 80 пайыз орындалған.Ол ауылдық округ әкімдері шаруа қожалықтары мен көлік бойынша ағымдағы төлемдерді қосымша қорға қосқандарын және бұл Салық басқармасы мәліметтерімен сәйкессіздіктің басты себебі болып отырғанын атады.

Аталған мәселені қорытындылай келе, аудан әкімі Салық комитеті мамандары мен ауылдық округ әкімдерінің жұмыстарына оң баға берді. Ол орынбасары А.Әкімоваға 10 күннің ішінде жылдың аяғына дейінгі Салық кірістерінің болжамын есептеп, бюджетті секвестрлеу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Жастар орталығының директоры Д.Дюсембаевтың мәліметін тыңдай келе, аудан әкімі бұл жұмыстағы басты назарды нақты істерге аудару қажеттігін қадап айтты.– Бүгінде бәріміздің баса назар аударатын мәселеміз - Жеңістің мерейтойына дайындық жұмыстары. Жастарпатриоттық акциялардың бастамашылары, іздестіру жұмыстарының ұйымдастырушылары, Подгорное ауылындағы абаттандыру жұмыстарының бел ортасында жүрулері керек, – деді Дүйсенғазы Мағауяұлы. – Жастар бүгіннен бастап мекеме ұжымдарымен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен кездесу өткізіп, Подгорное ауылы тұрғындарының үндеуі аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,«тимуршылар командасын» жандандырулары тиіс. Сендер қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, бизнесмендер мен кәсіпкерлердің күшін біріктіретін патриоттық жұмыстардың қызған орталығына айналуларың керек, - деген аудан әкімі Жастар орталығынның алдына осындай тапсырманы қойды.

Абаттандыру мен санитарлық тазалық бойынша екіайлықтың қорытындысы туралы айта келіп, аудан әкімі округ әкімдерінің жұмысындағы жағымды серпінділікті атап өтті. Әр ауылда жақсы жаққа қарай айтарлықтай өзгерістер байқалады. Осы бастамаларды қолдап, дамыта білу қажет. Абаттандыру ісінде барлық тұрғынның бірлігі мен мекемелердің, әрбір ауылдастың үлесі аса маңызға ие. Сенбілік барысында Самар ауылындағы «Медико-әлеуметтік мекеменің», «Аграрлық техникалық колледжінің», Аудандық орталық аурухана, АЭС, ХҚКО, Көкпекті ауылындағы Әділет басқармасының қызметкерлері мен мектеп және балабақша ұжымдары белсенділік танытты. Көкпекті ауылындағы бар әлует толық пайдаланылмағанын атап өткен жөн.Мұнда ұжымдар мен азаматтарда жақсы бастама бар. Оларды біріктіріп, дамытып, қолдау керек. Жұмыс тобы екіайлық абаттандыру жұмысын қорытындылай келе, жеңімпаз ретінде Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округті атаса, екінші орынды Миролюбовка ауылдық округіне, ал үшінші орынды Самар мен Үлкенбөкен округтеріне берді. Осыған орай, аудан әкімі Д.Қойгельдинге, Ф.Нұрпалиеваға, С.Дюсюповқа, Қ.Байтасоваға лайықты сертификаттарды табыс етті.

Ауданда әлеуметтік және транспорт инфрақұрылымының 510нысаны тіркелген. Бұл нысандарға мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз орта құру аясында паспорттау жұмысын жүргізу керек. Аудан әкімі қызмет басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне паспорттау жұмыстарын 25 шілдеге дейін аяқтап, пандустар мен тұтқалар орнату бойынша шаралар қолдануды тапсырды.

Біздің ауданда ауылшаруашылығы саласы басымдыққа ие. Сондықтан, аграрлық сектор басты назарда болуы керек. Алайда, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі өсімдік шаруашылығында қалыптасқан жағдайды уысынан шығарып алған. Ал, ол бүгінде өте күрделі болып отыр.Осыны айтқан аудан әкімі табиғаттың қыңырлығы –шамадан тыс ыстық пен бұршақтың жаууы ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге айтарлықтай зиян әкелгенін атады. –Бұл астық өніміне кері әсерін тигізіп, аудан экономикасының дамуына да теріс ықпал етеді, –деді Дүйсенғазы Мағауяұлы. - Ал ауылшаруашылық бөлімінің мамандарын бұл жағдай мүлдем аландатар емес. Бұдан басқа, шөп шабу науқанын бастау уақыты да өтіп барады. Ауылшаруашылық бөлімінің ақпараты бойынша, 8 шілдеге дейінгі мерзімде 5 мың тонна ғана шөп дайындалған. Бұл мәселеге ауылдық округ әкімдері де енжар қарап отыр. Осылайша, 8 шілде күні есеп берген Көкжайық ауылдық округінің әкімі Н.Сүлейменов "Талап" шаруашылығында шөп науқаны әлі басталмады деген мәліметті жеткізді. Алайда, 7 шілде күні аудан әкімі осы шаруашылықтағы пішендеме дайындау барысымен жеке өзі танысып қайтқан болатын. –Жұмыс кестесіне ауа райы өзі өзгерістер енгізуде. Бірақ, жем-шөптің тапшылығы салдарынан мал басы санын кемітіп алмау үшін қазірден бастап шұғыл шаралар қабылдау қажет, - деп талап еткен аудан әкімі ауылшаруашылық бөлімі мен ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Аппараттық кеңесті қорытындылай келе, Дүйсенғазы Мағауяұлы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселесіне назар аударып, олардың әлеуетін округтерді дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында қолдану керектігін атады.

Надежда ШАРОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз