Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жақында Қ.Алтынбаев атындағы орталық мәдениет үйінде аудан әкімі Д.Мусиннің төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ә.Мұқашева шаруа қожалықтары басшыларын, кәсіпкерлерді, жалпы аудан жұртшылығын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне бағыттап, тұрмысы төмен отбасылар мен көмекке мұқтаж жандарға кеңпейілділік көрсетуге үндеген болатын.

Толығырақ...

Тамыздың 26 күні өткен аудандық әкімшілік отырысында аудан әкімі ертеңге қалдыруға келмейтін басымдыққа ие мәселелер қаралды.

Тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мәселесі аудандағы өзекті мәселелердің бірі болып тұр. -Тұрғын үйге байланысты көрініс өте аянышты жағдайда. Аудан әкімі тұрғын үй кезегін азайтуға байланысты нақты ұсыныстар мен әрекет ететін бағдарлама қажет, - деп сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының алдына міндет қойды.

Б.Бекеновтың айтуынша, тұрғын үйдің кезегінде 432 адам тұр. Оның ішінде 252 адам балалар үйінің түлектері, жетім балалар. «Қолжетімді баспана» бағдарламасын біртіндеп жүзеге асыру іс-шара жоспары жасалды. Тірек елдімекендердің тізімі анықталды, бас жоспарларды түзету жұмыстары орындалды. Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары жасалды.Одан әрі Болат Бекенұлы ауданымызда «Қолжетімді баспана» бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқанын түсіндірді.

Аудан әкімі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тұрғын үй құрылысы саласында мемлекеттік бағдарлама әлеуетін қолдану жұмысының әлсіз екендігін атап өтті. -Ауданда құрылыс индустриясы мүлдем жоқ. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын дайындау бойынша бизнес-жоба болған жоқ, - деп айрықша баса айтты. Ол жетекшілік ететін орынбасарына жеке тұрғын үй құрылыстарын жүргізгісі келетін тұрғындармен және құрылыс материалдарын шығарумен айналысқысы келетіндермен жиналыс өткізуді, оларға сәулетшілер мен жобалаушыларды шақыруды тапсырды.

–Мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын іздестіру керек. Бұл салада істі тікелей дәлдікпен басқару керек,- деді аудан әкімі. Уақытша тұрақтандыру қорын құру мәселесі соңғы үш аптада жергілікті атқарушы билік органдарының ерекше көңіл бөлетін аймағы болып отыр. Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты өнімнің түсімі өткен жылдан 2-3 есе аз. Бұдан басқа егіс алқаптарының ластығынан шаруашылық басшыларына өнімді жеке-жеке жинауға тура келеді. Бұның өзі қосымша шығын шығарады. Осыдан барып, өнімнің өзіндік  құны ұлғайып, қосалқы бөлшектер мен жанар-жағармайдың бағасы өседі.

Аудан әкімі әрбір ауылдық округтерге үш апта бұрын бағаның шарықтап өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорын құруды тапсырды. Ауылдық округ әкімдерінің жұмыстары қалай жүргізіліп жатқандығы туралы аудан әкімінің орынбасары Р.Сағындықов хабардар етті. Ол ауылдық округ әкімдерінің әзірше бұл мәселе бойынша белсенді жұмыс көрсетпегенін қадап айтты. Бүгінгі таңда ірі шаруа қожалықтарымен 2015 жылдың өніміне дейін 4000 тонна азықтық үшінші сұрыпты бидайды сақтау үшін меморандум жасалды.

-Әзірше орта және шағын ауылшаруашылық тауар өндірушілер қорлары  қолданылмайды. Әйтсе де барлығы толық көлемде субсидия алған,- деп баса айтты Р.Нығметжанұлы.

Көкпекті (Қ.Жадрин) және Самар (С.Дүсіпов) округ әкімдерін тыңдаған аудан әкімі бағаны тежеу, тұрақтандыру қорын құру, көкөніс сақтау қоймасын ұйымдастыру сияқты мәселелер бойынша атқарылған жұмысты қанағаттанарлықсыз, - деп атап көрсетті. Самар ауылдық округінің әкімі күнделікті қажетті азық-түлік және көкөністер, картоп бағасының өсу жағдайларына тосқауыл қоя алмады. Бұл мәселеде бақылау позициясымен кәсіпкерлік бөлімі, ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі басшылары Н.Алиясов пен Ж.Бауеддимов айналысты, - деп көрсетті Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Азық-түлік тұтыну балансын құрастыру олар үшін шешімі қиын математикалық  есеппен бірдей. Оны ай бойы шеше алмай жүр.

Аудан әкімі атқарылған істерді саралай келе, биыл ауданда барлық тұрғындарды қамтамасыз ету үшін жеткілікті өнім шығарылатындығын айтты.

Ең басты міндет – қысқа дайындық жасау және өсірген өнімді сақтау, жыл бойы қолжетімді бағамен тарату. Алайда, ауылдық округ әкімдері қойылған міндеттердің маңыздылығына мән бермейді, сол үшін де жұмыс нашар жүргізілуде, - деді аудан әкімі. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы туралы аудандық білім беру бөлімінің бас маманы А.Фахрутдинова жеткізді.

Оның мағлұматы бойынша барлық мектеп балаларды қабылдауға дайын. Құрамында тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша департамент өкілі, ТЖ бөлімі және білім беру бөлімінен, құралған жұмысшы топ 11 мен 18 тамыз аралығында мектептің дайындығын тексерді.

Қазір білім беру мекемесі дайындық төлқұжатына қол қойды. Берілген мәліметтердегі болжам бойынша, биылғы жылы 4400 ден астам бала оқытылатын болады. Ауданға 30 жас мамандардың келуіне қарамастан, математика, физика, орыс тілі мұғалімдері жетіспейтіндігі анықталды. Осы мәселе бойынша аудан әкімі бір қатар мектептердің қысқа дайындығын, аумақты абаттандыру жұмыстарын нашар екендігін айтты.

Преображенка ауылындағы жеке меншік балабақшаның жөндеу жұмыстарының жеткіліксіздігінен пайдалану мерзімінен асып кеткендігін көрсетті.  Жетекшілік ететін орынбасарлармен білім беру бөлімі басшыларына дарынды балалармен жұмыстың белсенділігіне, оларға көмек көрсетіп, қолдаған мұғалімдерді мадақтауға  баса назар аударды. Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі басшысы Б.Оразғалиева аудандық Жұмыспен қамту - Картасын қалыптастырудың әдістемесі туралы ақпарат берді. Ол еңбек ресурстарында электрондық база құру үшін алда үлкен жұмыс.күтіп тұрғандығын айтты.

–Ауылдық әкімшілік мамандарының қарқынды жұмыстары мен нақты берілген мәліметтеріне байланысты. Бағдарламалардың сапасы және оның әрі қарай жүзеге асуы,  оқыту, қайта оқыту, жұмыс орындарын ашуға байланысты.

Әкімшілік отырысының қорытындысын жасай келе, аудан әкімі ауылдық округ әкімдері мен тиісті қызметкерлерге өрт қауіпсіздігіне арналған жұмысты күшейту тапсырылды.

 Надежда ШАРОВА

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміздің Ата заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Конституцияның негізінде жаңа заманауи мемлекеттің ғимараты тұрғызылғаны көрер көзге айқын. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық. Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаңғырту – мұның бәрі берік конституциялық негізде жүзеге асырылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағытталған. Біздің сыртқы саясаттағы жүйелі бастамаларымыз Қазақстанның халықаралық беделінің ұдайы өсуін қамтамасыз етуде.

Конституцияның негізінде жаңа заманауи мемлекеттің ғимараты тұрғызылды. Еліміз 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясында көзделген мақсаттарды іске асыруға кірісті. Соның ең бастысы – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі. Стратегияның барлық мақсаттарына қол жеткізу қазақстандықтардың бірлігі мен Конституция қағидаларын мүлтіксіз орындау негізінде ғана мүмкін болмақ. Ата заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті. XXI ғасырдағы табысты қоғам – заңды сауатты білетін адамдар қоғамы. Заңды сауатты білу негізі, ең алдымен, Конституцияны терең білу. Сондықтан халықты құқықтық мәдениетке тәрбиелеу - әлеуметтік жаңғыртудың маңызды мәселесі. !

Қазақстандықтар Негізгі Заңды референдум арқылы қабылдауға дауыс бере отырып, даналықтың, топтасу, бірліктің үлгісін көрсетті. Бүгін біз 1995 жылғы Конституция қазақстандық табыстың басты факторына айналды деп мақтанышпен айта аламыз,.

XXI ғасырда біздің Конституциямызды жаңаша оқу қажет. Негізгі Заң – қатып қалған құқықтық реликт емес. Ол тірі механизм, оған қоғам жаңа жағдайларға және қазақстандық социум сапасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік инновация енгізілуін қарастыруы қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанның әлеуметтік заңнамасының кешенді тізімін жасалып, сондай-ақ жаңа заңдар әзірлену үстінде.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, дами берсін! Барша көкпектіліктерге игілік пен бақ-береке тілейміз!

Д.Мусин, аудан әкімі

Р.Беспаев, мәслихат хатшысы

Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Білім күні мектеп табалдырығын имене аттайтын бүлдіршіндер үшін естен кетпес мереке.

Жаңа оқу жылының бірінші күні бірнеше ұрпақ өкілдерін біріктірген, дәстүрге айналған мереке. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты,адам мен адамды теңестіретін білім» деген. Бұл біздің ортақ мерекеміз, себебі әр істің, әр мамандықтың негізі білімде. Білім, адамға өз өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік, жеңістерге жету мен өз қабілеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Сондықтан, біздің елімізде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Жыл сайын ауданның білім беру мекемелерінде көптеген жаңа бағдарламалар енгізілуде, біздің оқушылар мен студенттер олимпиадаларда жеңістерге жетіп және әр деңгейдегі конференцияларда жоғары біліктіліктерін көрсетуде, ал олардың тәлімгерлері әрдайым өз кәсіби шеберлігінің дәрежесін арттыруда. Көкпекті ауданы биік зияткерлік әлеуетіне бай және оны барлығымыз бірігіп сақтап қалып, арттыратынымызға сенімім мол.

1 қыркүйек - барлық оқушыларға жаңа оқу жылының басталу күні және бірінші сынып оқушыларына Алғашқы қоңырау күні, олар қоңырау, сабақ пен үзілісі бар жаңа өмірге енді қадам басып келеді.

. Білім күні – бұл әр уақытта мейірімді және уайымсыз мейрам, ол мектептерде ерекше салтанатты түрде және бір-бірін сағынған сыныптастар арасында шаттықпен өткізіледі.

1 қыркүйек – Білім күні - баршамыздың асыға тосып, қуана баратын мерекеміз. Жаңа оқу жылының басталуы - жаңа идеялар мен шығармашылықтың бастауы. Өмірімізді қызыққа толтыратын, ерекше серпін беретін, толайым табыстарға қол жеткізетін оқу жылының басталуы баршаларыңызға құтты болсын дей отырып, ауданымыздың педагогикалық қауымдастығына, оқушыларға, ата-аналарға зор денсаулық, табысты еңбек тілейміз.

Д.Мусин, аудан әкімі

Р.Беспаев, Мәслихат хатшысы

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес 19 тамыз күні аудан әкімі Д.М.Мусиннің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында ауыл активтерімен жиын өтті.  Мұнда Көкпекті ауылдық округі әкімі Қ.Жадрин, ТҮКШ, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет бөлімдерінің және білім беру мекемелері мен аурухана басшылары қатысты.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз