Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес 19 тамыз күні аудан әкімі Д.М.Мусиннің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында ауыл активтерімен жиын өтті.  Мұнда Көкпекті ауылдық округі әкімі Қ.Жадрин, ТҮКШ, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет бөлімдерінің және білім беру мекемелері мен аурухана басшылары қатысты.

  Жиын барысында аудан әкімі аудан орталығына қатысты шешімін күткен мәселелерді ортаға салды. Алайда, жиынның ең басты тақырыбы Көкпекті ауылындағы білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қыс маусымына даярлығы және тұрғындарды арзан бағадағы қатты отынмен қамтамасыз ету болды. Жадырыған жаз маусымы да аяталуға жақын. Енді алда күтіп тұрған жылыту маусымына дайындық, мал азығы мен егін орудың қарбалас кезеңі басталды. Осыған орай, аудан әкімі округ әкімі Қ.Жадринге жылу беру науқаны бойынша кқмиссия құруды, барлық мемлекеттік мекемелердің қысқа дайындығы бойынша төлқұжаттарын тексеру және апта ішінде кәсіпкерлік, ТҮКШ, коммуналдық қызмет бөлім басшыларының, кәсіпкерлер және ақсақалдар қатысуымен тұрғындарды көмірмен  қамтамасыз ету, қатты отын бағасының жасалуын пысықтау мәселесі бойынша кездесулер өткізуді тапсырды.

Жемшөп дайындау мәселесі бойынша аудан әкімі әкімдік аппараты мен ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімін өатаң сынға алды.

-Округ әкімі мал азығын даярлау бойынша мүлдем хабарсыз, ал ауылшаруашылық бөлімі жемшөп дайындау мен егін жинау бойынша нақты мәлімет бермей отыр, жемшөп дайындау мен егін жинау бойынша нақты мәлімет бермей отыр, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Ол биылғы қыстың күрделі болатынын ескерте келе, қазірден бастап қыстың ызғарын қарсы алуға жоғары дайындық керектігін айтты. Аудан басшысы әкімдік аппаратына кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімдерімен бірлесе отырып, тұрғындардың кірісін ескере келе шөп бағасын сараптап, реттеуді тапсырды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету әкімдік аппаратының белсенділігі мен аудан шаруаларының қолдауына байланысты. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі округ әкіміне бөлім басшыларымен бірлесе, шаруашылық басшыларымен кездесу өткізіп, олармен тұрғын халықты ұнмен, нанмен және дәнмен қамтамасыз ету үшін меморандумдарға отыруды тапсырды.

-Аграршылар мемлекет тарапынан субсидия түрінде үлкен қолдау тауып отыр. Олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында мемлекетке де өзара қайтарымды көмек жасауы қажет, - деді аудан әкімі. Аудан басшысы осындай азық-түлік базасы, тұрақтандыру қорын жасау бойынша жиындарды барлық ауыл әкімдері округ аумағында жұмыс істейтін шаруашылық басшыларымен өткізіп, олармен келісімге отыруы және ауыл тұрғындарын барлық керекті нәрсемен қамтамасыз етуі тиіс екенін ескертті.

-Көкөністер барлық тұтынушыларға қолжетімді болуы керек, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы, азық-түлік өнімдерін дайындау мәселесін қозғай келе. Сондай-ақ, ол ауылдық округ әкіміне жақын арада бөлім басшыларымен және кәсіпкерлермен бірлесе, Көкпекті ауылының тұрғын халқына ауылшаруашылық өнімдерін төмен бағамен сататын жәрмеңке ұйымдастыруды тапсырды. Осындай жәрмеңкелер ауданның өзге де округтерінде өтуі тиіс.

Одан әрі Көкпекті ауылының абаттандырылуы, бүкіл аудан көлеміне аудан орталығы үлгі болатындай жасау керектігі туралы әңгіме қозғалды. –Барлық ғимараттар, саябақтар мен скверлер, жолдар мен тротуарлар тәртіпке келтірілуі тиіс, - деді аудан басшысы. –Әсіресе, Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштерін қайта жаңғыртуға баса назар аудару қажет. Ол үшін ауылдық округ әкіміне тұрғындармен, кәсіпкерлермен, басшылармен бірлескен жұмысты белсендірген жөн. Өкінішке орай, ауылды абаттандыру мен көгалдандыру бойынша кейінгі кезде ұмыт болып бара жатқан сенбіліктерді қолға алу керек, - деп түйіндеді ол.

Аудан әкімі ауылды абаттандыру мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық жұмыстарындағы Жастар орталығының ұстанымы белсенділігі жоғарырақ болу керектігін атап өтті. –Бұл мәселеде біздің жастарымыз тарапынан бастамашылдық төмен. Жас буын өздерінің бойындағы  азаматтығы мен патриоттығын көрсетуі қажет, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Тұрғындар арасындағы әлсіз топтар үшін тұрғын үй құрылысын салу мәселесі жеткіліксіз болып отыр. Бұл мәселеде ТҮКШ және құрылыс бөлімі тарапынан, сондай-ақ округ әкімдігі аппараты жағынан кемшіліктер көп. Осы орайда аудан әкімі тұрғын үй бірінші кезекте көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға берілетінін баса айтты.

Жақын арада ауылда жылыту қазандығының құрылысы басталмақ. Су құбырлары мен канализация жүйесін қайта жөндеу жұмыстары толығымен қызу жүргізілуде. Осыдан ауыл халқының тұрмыс-тіршілігі қалалықтардың жағдайынан кем болмайтынын байқауға болады. Алайда, бұл айтылғандар шындыққа айналуы үшін әр тұрғын жеке бюджетін есептеп, үйлеріне инфраструктураны тарту үшін тапсырыс беріп қоюы керек. Дүйсенғазы Мағауяұлы ауыл әкіміне орталықтандырылған жылыту қазандығына қосылу мәселесі бойынша барлық тұрғындармен және мекеме басшыларымен кездесу өткізуді тапсырды.

Жиынды қорытындылай келе,аудан әкімі округ әкімінің барлық бағыттар бойынша жұмысының әлсіздігін атап көрсетті. Дүйсенғазы Мағауяұлы қазіргі таңда ең бастысы – қысқа қамдану екенін тағы бір қайтара баса ескертті. Бұл мәселені барлығы бірлесе шешу қажет. Қысты қысылмай өткізу осындай жауапты істің орындалу сапасына байланысты.

 Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз