Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

АУДАН ИГІЛІГІ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУ - БОРЫШ

Құрылысшымамандығықұрметтіәріқажеттімамандықтардыңбірі. Бұлмамандыққакөбінеқиялшыл, арманшыл, патриоттықрухы бар жастарқұмартатын.Біздіңауылдарымыздыңбүгінгі бет-бейнесі – бірнешеұрпаққуалапкететінадамдардыңқолтаңбасыіспетті. Олардыңәрқайсысытуралыайтыпжеткізумүмкінемес. Бірақбіздің газет туғанөлкеніңтарихындағымаңыздысәттертуралыайтаотырып, оныңдамуынақомақтыүлесқосқандаржайындаылғи да халыққажеткізіптұрады.  

Толығырақ...

Тамыздың 4 күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы Д.М.Мусин қоғамдық қабылдауда жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

Тұрғындардың мәселелеріне әсер ету жүйесінің тиімділігін арттыру үшін партия   жұмыстың жаңа бағыттарын іздейді әрі енгізеді. Қоғамдық қабылдаулар – халық пен мемлекеттік органдар арасын  байланыстырушы буын болып саналады. Партияның аудандық филиалы көкпектіліктердің мәселелерін шешуге  барлық тетіктерді және ресурстарды жұмылдыруды көздейді. Әрине, қабылдау жүргізу қиын, себебі адамдар шешімін бірден таба қоймайтын тұрғын үй және жұмысқа орналастыру сынды мәселелерді көтереді. Қабылдауға келгендердің жартысынан көбі «Дипломмен- ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға жұмыс істеуге келген жас мамандар болды. Әрине, сөзсіз, оларды тұрғын үй мәселесі толғандырады.

Толығырақ...

31 шілде күні аудан әкімі аппараттық кеңес отырысын өткізді. Күн тәртібінде қымызды өндіру және оны бөліп құю бойынша «Елдар» шаруа қожалығының индустриалды-инновациялық жобасын жүзеге асыру, оның іс-әрекетінің тиімді жақтары мен бағалау нәтижелері мәселесі көтеріліп, «Туған ел – алтын бесігім» акциясының шеңберінде өткізілетін аудан күнін атап өтуге дайындық жұмыстарының барысы талқыланды.

Толығырақ...

САЛЫҚ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРУҒА ЖОЛ ЖОҚ

2014 жылдың 25 шілдесі күні Мәдениет үйі ғимаратында аудан әкімі Д.М.Мусиннің төрағалық етуімен Самар ауылдық округінің қоғамдық белсенділері, мекеме және ұйым ұжымдарының өкілдері, шаруа қожалықтар басшылары қатысқан отырыс өтті. Жиында облыс әкімінің қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдары, экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша округтің ішкі қорлары туралы 2014 жылдың 4 мамырымен көрсетілген  хаттамалық тапсырмасын орындау жайлы мәселесі қарастырылды.

Аудан әкімі нормативтік құжаттарға сілтеме жасай отырып, жиналысқа қатысушылардың назарын талқыланып отырған мәселенің маңыздылығына аударды. Аудан экономикасының 44-45 пайызы екі ірі – Көкпекті және Самар ауылдық округіне тиесілі. Сауда саласы бойынша аудан бюджеті 40-50 миллион теңге көлеміндегі қаражаттан қағылып отыр. Шаруашылық жүргізіп отырған субъектілер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Солардың нәтижесінде кәсіп иелері өз істерін жемісті жүргізіп отырған жайлары бар. Тіпті, ауданның көптеген   сауда орындарында чек соғылмайтыны ешкімге жасырын емес. Шаруалар жалпы ішкі өнімнің 70-80 пайызын өндіре отырып, аудан салығының тек 5 пайызын құрайды. Ауданда ірі фабрикалар мен зауыттар жоқ. Сол себептен, орта және шағын бизнестің субъектілері адамгершілік тұрғысында салық төлеуге міндетті.

 

ҮСТІРТІН АҚПАРАТ БЕРДІ

Талқыланып отырған мәселе бойынша атқарылған жұмыстар туралы Самар ауылдық округінің әкімі С.Дүсіповтың аналитикалық баяндамасына сәйкес, округтегі 11 адамнан жерді сатып алу бойынша қосымша түсімдер 2 млн. 373 мың теңгені құрады. Транспорттық құралдарға салық төлеуге автокөлік иелері де тартылды. Нәтижесінде 635 мың 148 теңге қаражат жиналып алынды. Жерді сатып алудан түскен қаржылар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1 млн. 457 796 теңгеге ұлғайған. Өсім 262 пайызды құрап отыр. Ауылдық округ әкімі атап өткендей, округте жерді сатып алу бойынша кампания баяу жүріп жатыр. Бұған ауылдық әкімдіктің, жер қатынастары бөлімінің кемшін тұстары себеп болған. Округ бойынша 252 нысанды инвентаризациялау барысында олардың ішінде 18-інде техтөлқұжаттың жоқтығы, 53 жерге мемлекеттік акт алмағаны, 81-і Әділет басқармасында тіркелмегендігі анықталды. Шаруа қожалықтарында жұмыс істейтін адамдар саны 246 болса, 5 ЖШС-те 89 адам. Ресми түрде тіркелген жалдамалы жұмысшылардың саны 198 адамды құрап отыр. Олармен еңбек келісімшарттары бекітіліп, салықтар аударылады, еңбекақылары төленеді. Егер ірі шаруа қожалықтары субъектілерінде салықтар жасырынбаса, орта және шағын шаруашылықтарда қарама-қарсы жағдай қалыптасқан. «Осы бағыттағы жұмысты біз жер қатынастары және салық комитетімен бірлесе отырып қолға алмақпыз», - деді Салауат Қалымжанұлы. Бірінші жартыжылдықта округ аумағындағы ЖШС-терден түскен салық 10 млн. 779 мың теңгені құрады. Олардың ішінде «Каскад-Н» ЖШС-гінен түскен салық 4 млн. болса, 3 млн. теңге «Рыбпромнан» түскен.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылы сомасы 34,5 млн. теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылған болатын. Жаңа 15 жұмыс орны ашылып, есептік жылда түскен салықтар 234 мың теңгені құрады. Бірақ, 12 қарызгердің тек алтауы ғана Салық басқармасында тіркелген. Ауылдық округ аумағында төрағасы А.Старцев болып келетін аудандық аңшылар және балық аулаушылар ұйымы орналасқан. Салықтарды төлеу тіркелген орны бойынша Өскемен қаласында жүзеге асады. Салық басқармасында екі жеке меншік аң аулау шаруашылығы тіркелген. Олар – шаруашылық жүргізуге лицензиялары бар «Қайынды» (Анатолий Киселев) және «Бритоусов». «Біз олардың жануарлар аулау саласына қанша лицензия және қандай көлемде алып отырғанын нақты айта алмаймыз. Бірақ, біз аталған шаруалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауымыз керек», - деді ауылдық округ әкімі.

Аталған мәселе бойынша Д.М.Мусин ауылдық округ әкіміне бір айдың ішінде әр шаруашылық бо-йынша жағдайды жіті зерттеп, олардың басшыларымен кездесу өткізуді тапсырды.

Салық басқармасында тіркелмей жұмыс істеп жүрген Самар ауылындағы жеке арбакештер бойынша әңгіме басқа арнада өрбіді. Олардың санын толық есептегеннен кейін, ауылда 15 адам анықталды. Оның ішінде жетеуінде жолаушыларды тасымалдаумен айналысуға рұқсат бар. Демек, қалған жартысына жуығы салық төлеуден жалтаруда. 

Ауылдық округтегі иесіз қалған нысандар бойынша жұмыс өте баяу жүргізілуде. 38 нысанның ішіне 23-і тұрғын, 15-і коммуналдық орындар.

Ауылдық округ әкімі «Ворсинка» ШҚ көрсеткен туристік қызметтердің көлемі жайлы ештеңе айта алмады. Аудан әкімінің айтуы бойынша, «Ворсинка» ШҚ бірінші жартыжылдықта 19 млн. теңгеге туристік қызмет көрсеткен. Жалпы алғанда, аудан бойынша туристік қызметтердің кірісі 20 млн.теңгені құраған. Олардың 80 пайызы Самар ауылдық округіне тиесілі.

-Сіз бірде-бір фамилияны атамадыңыз. Сіздің баяндамаңыз үстіртін берілді және пансионаттағы лекцияны еске түсіреді. Тақырыпты аша алмадыңыз, тек істің жағдайы туралы мағлұмат беріп қана өттіңіз. Саудада жаппай былықпа, кәсіпкерлікте жүздеген миллион қаражат «көлеңкеде» жатыр. Біздің аумағымыздағы жердің байлығын пайдаланып отырғандардың барлығы да салық төлеуі тиіс. Сіздің округіңіз иесіз аулаға ұқсайды! Округтегі ағаш кесетін орындар қалай жұмыс істеуде? Салық есептемесі жүргізіле ме? «Шығыс Су қоймалары» бюджет қоржынына қанша салық төлейді? Округтегі шаруашылық жүргізіп отырған ағаш кесу орындарының әрекетін қатаң бақылауға алып, әрбір құрылым мен әр нысанды анықтаңдар, - деді наразылығын білдірген аудан әкімі. 

 

ОКРУГТЕГІ КЕМШІЛІКТЕР ЖЕТІП АРТЫЛАДЫ

Қаржы бөлімінің басшысы Г.Смағұлова округтегі нысандарды түгендеу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат берді. Тұрғын үй қорынсыз 252 нысан есептелді.

Мемлекеттік меншікте 45 коммуналдық нысан бар. Оның ішінде 17-сі аудандық коммуналдық меншікке жатады. Оның төртеуінің техтөлқұжаттары, алтауының мемлекеттік актісі жоқ, 10 нысан тіркелмеген. Жиналысқа дайындық жүргізу барысында округте 38 бос тұрған иеліктегі үй анықталды. 23 нысанның иесі бар, бірақ олар қазіргі таңда бос тұр. Оларды шұғыл түрде қожасы жоқ мүлік ретінде тіркеуге алу қажет. Мемлекеттік актісі жоқ 14 коммуналдық нысан бос тұр әрі тіркелмеген. Округтегі 58 сауда орындарының бесеуінде техникалық төлқұжат, жиырмасында жердің мемлекеттік актісі жоқ,  24-і тіркелмеген, 18-і жерді сатып алмаған. Сондай-ақ, тұрғын үй қорынан бөлек, 5,6% техникалық төлқұжаттары, 21,3% жердің мемлекеттік актісі жоқ және 32,8% өз құқықтарын растамаған, 50% жерді сатып алу жұмыстарын жүргізбеген. Ауылдық әкімшілік аумағында 16 иесіз нысан бар екені анықталған. Бірақ, бұл нысандар бойынша ауылдық әкімшілік жұмыстарды әлі қолға алмаған. Жерге мемлекеттік актіні рәсімдеуге кедергі келтіріп отырған басты себеп – Қайыңды ауылында үйлердің салынуы. Бұл ауылдың жерлері Мемлекеттік орман қорына тиесілі болып келеді. Аталған мәселені шешу жер қатынастары бөліміне тапсырылды.

Аудан әкімі көп қабатты үйлердің бос тұруы мәселесі жылдан-жылға шешілмей келе жатқанына ескерту жасады. «Мемлекеттің бізге беріп отырған тұрғын үй бағдарламасының әлеуетін пайдалану мүмкіндігін дұрыс жүзеге асыра алмай отырмыз», - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы. Бұл туралы әртүрлі жиындарда да аз айтылған жоқ. Бүгінгі күнде 23 нысан иесіз деп танылған. Аудан әкімі осы көтерілген сұрақтар төңірегіндегі мәселелерді қыркүйекте аппараттық кеңесте талқылауды ұсынды.

Жер қатынасы бойынша комитеттің бас маманы Е.Құдайбергенов жиналғандарға жердің құны туралы, яғни 1 шаршы метр жер 196 теңге тұратындығы жайлы мағлұмат берді. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, шаруалар нысандағы жерлерін сатып алып, тезірек рәсімдеулері керек. Өйткені, оның құны өсетін болады. Келісімшарт бойынша көптеген шаруагерлер жерді сатып алуда өз мүмкіндіктерін тең бөлісіп, есептейді. Аудан әкімі ауылдық округ әкімі С.Дүсіповке жер заңнамасының талаптарына сәйкес әрбір метр жерді реттеу бойынша арнайы тапсырма берді. - Әкім қолданыстағы жерлердің есебін бақылауға, реттеп отыруға міндетті, - деді ол.

Ауылшаруашылық және ветеринария бөлімінің басшысы М.Теміржанов округке қосымша қорларды түсірудің жолдары туралы айтты. Аудан бойынша балық аулаудан түскен үстеме әлі күнге дейін бақылаусыз босатылуда, қолданылып отырған шаралардың ешқайсысы ахуалды еш өзгертпеді. Округтегі 8 ірі және орташа шаруа қожалықтарында тұрақты жұмыс істейтіндердің саны - 408, ал, мезгілдік жұмысшылар - 195 адам. Ауылшаруашылық бөлімі округке қосымша қорды құюдың бір бастауы -  шаруашылықтарды нығайту деп есептейді. Алайда, ауылшаруашылық бөлімінің басшысы аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова айтып өткен «Мәмбет», «Лик», «Дюсюпов», «Колос», «Қалисатарұлы», «Рыбпром» сияқты ірі шаруашылық нысандарындағы жалдамалы жұмысшылардың саны бойынша нақты деректер келтірмеді.

Округ аумағында жұмыс істейтін «Рыспаев және оның ұлдары» атты ЖШС құрылыс кампаниясы өз  мүмкіндіктерін толық көлемде қолдана алмай отыр. Дүйсенғазы Мағауяұлы ауылдық округ әкімі мен ауылшаруашылығы бөлімі басшысына Самар орман шаруашылығында құрылыс және іскерлік орманның пайдаланылуына бақылаудың немқұрайды жүргізіп отырғандарын тағы бір мәрте ескертті. Аудан әкімі жоғарыда аталған кәсіпорындардың зор мүмкіндіктері бар екендігін бірнеше рет айтқан болатын.

Егер де оларды қуаттылығына байланысты «жұмыспен жүктесе», онда ол «көлеңкелі» экономика үшін сенімді кедергі болар еді әрі қосымша жұмыс орындарын ашу істеріне жақсы демеу болып, кірістердің өсуіне де септігін  тигізбек. «Бұл ұстанымда қатаңдық танытып, ешкіммен санаспау керек. Сіз, ауылшаруашылық басшысы ретінде бұл жұмысқа бастамашылдық етуге тиіссіз! Әзірше, бұл мәселе сіздің назарыңыздан тыс қалып отыр! Ауылдық округ әкімі бәріне жауапты», - деп мәлімдеді аудан әкімі.

Кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін ат-қарушы Н.Алиясов округтегі кәсіпкерліктің даму келешегіне тоқталды. Самар ауылында 6 қоғамдық тамақтану орны жұмыс істеп тұр. Қазіргі кезеңде тұрғындарға қызмет көрсету деңгейін көтеру талап етілуде. Мәселен, мейрамхана, сауна ашу қосымша қаржы тартуға көмектеседі.  Н.Алиясовтың пікірінше, жұмыс істеп тұрған жылжымайтын мүлік суъбектілерінің сараптамасын жасауда бағалау құны төмендетілген. Мысалы, бұрынғы Агропромбанк ғимараты шамамен 20 млн.теңге тұруы мүмкін. Кәсіпкерлік салада жалға алынған жұмысшыларды тіркеу төмен деңгейде қалып отыр. Жаңадан тағайындалған кәсіпкерлік бөлімінің басшысы шаруа қожалықтарында жұмыс істейтін адамдар саны мен оларға төленетін еңбекақыларды есепке ала отырып, субсидия бөлу туралы ұсыныс жасады.

 

 

ҚАРЫЗГЕРЛЕРМЕН ДЕРБЕС ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша шағын несие алған қарызгерлер туралы Жұмыспен қамту орталығының директоры Р.Баймолдина ақпарат берді. 2011-2013 жылдарда Самар аймағы бойынша 372 млн.теңгенің 28 бизнес-жобасы іске кірісті. 1 шілдеге дейінгі уақытта қайтарылған қарыздар 1 млн.130 мың теңгені құрайды. Округте шағын несиелендіру бойынша 3 адам қарызын қайтармаған. Бұл Байзақова Әлмира 579 422 теңге (Пантелеймоновка ауылында наубайхана ашқан), Васильев Сергей 247 100 теңге (құс шаруашылығы), Рүстемов Арман 200 100 теңге (жолаушыларды тасымалдау).

Қосымша қорлар ісінде байланыстырушы буын ретінде бола алатын кәсіпкерлердің салықтарды уақытында төлеуі, жұмыстарының адалдығы жайлы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Ә.Мұқашева айтып өтті. «Кәсіпкерлер үшін салық төлеу міндетті шарт болуы қажет. Дәл сауда саласында көптеген қорлар жасырылып отыр. Көптеген сауда нүктелерінде чектердің соғылмайтыны ешкімге құпия емес. Ал бұның өзі - кірістерді жасыру деген сөз. Кәсіпкерлік өкілдері тарапынан өз кірістерін шындыққа жанасатындай етіп көрсетуі талап етіледі. Бұл кейін орын алатын келеңсіздіктерден сақтайды. Мораторийдің аяқталуына әлі уақыт бар. Сол себептен, өз құжаттарын тәртіпке келтіріп, бюджеттің кірістерін толықтыру қажет», - деп сөзін қорытындылады Әлия Орынбекқызы.

- Округ бойынша нысандардың барлығы рә-сімделмеген. Соған сәйкес мүліктерге салық төленбейді, - деп атап өтті А.Әкімова. Аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова кәсіпкерлік бөлімі басшысының м.а. бағалау құнының тым төмен екендігі туралы сөзіне сүйене отырып, кәсіпкерлерге жылжымайтын мүлік құнының нарықтық бағасын қайта қарап, салықтар туралы декларацияны қайта қарауды ұсынды. Несиелендіру туралы тақырыпты жалғастыра келе, Алмагүл Жанахметқызы А.Би-қатова, В.Қайсанов, А.Дюсебаева сияқты кә-сіпкерлер жұмыс орындарын аша отырып, дер кезінде салық төлеп отырғандарын айтты. Қалған қарызгерлер туралы дәл осылай айта алмайсыз. Аталған мәселе бойынша аудан әкімі кәсіпкерлік бөліміне жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, шағын несиелендіру бағдарламасына әрбір қатысушымен жеке жұмыс жүргізуді тапсырды. «Әр округтің әкім аппараты бұл мәселемен айналысып, қарызгерлерді шақыруы және бизнес-жобалардың жүзеге асырылуын бақылауға алуы тиіс. Өйткені, ең соңғы нәтижеде әкімдік аппараты қарызгерлер үшін кепілдік береді емес пе?!», - деп қадап айтты Дүйсенғазы Мағауяұлы. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, Самар ауылдық округі әкімдік аппараты әзірге жеткіліксіз болса да, барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізуде. Ауылдық округтің әкімдік аппараты үдемелі инновациялық-индустриалдық даму жобаларын енгізуде ауқымды жұмыс атқарулары керек.

КҮН ТАҚЫРЫБЫНДА – ӘДІЛ БАҒАЛАР

Кездесу соңында аудан әкіміне иесіз қалған тұрғын үйлер, олардың есепке алынуы, әділет органдарында тіркелуі туралы сұрақтар қойылды. Алайда, бұл сауалдардың барлығы ауылдық округ әкімінің құзырына кіреді. Ауыл тұрғындары шаруа қожалықтарына жапа шектіріп отырған дала зиянкестері – қарғалармен күрес мәселесін алға қойды. Самарлықтарды толғандыратын өзекті мәселелердің бірі – ауылдағы бақылаусыз ағып жатқан су, тоғандағы судың дұрыс ақпауы. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде тұрғындарды мал шаруашылығының экологиялық жағынан таза өнімі – сүтпен қамтамасыз етілуі қалып отыр. Бұл мәселе соңғы жылдары ұмытылған және тиімсіз өндіріс қатарына өткен болатын.

Суды мақсатты түрде, тиімді қолдану, қызметтер үшін уақытылы ақы төлеу, округтегі тарифтерді қайта қарау бойынша ТҮКШ, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі мен округ әкімдік аппаратына тапсырмалар берілді. Зиянкес құстарды ату жөнінде әзірше заңнамалық қалыптар жоқ. Бірақ, бұл мәселе Мәжіліс депутаттарына белгілі және ол болашақта шешімін табады.

Кездесуді қорытындылай келе, Дүйсенғазы Мағауяұлы ауылдық округі әкімдік аппаратының жұмысындағы оң бағыттағы ілгерілеудің кейбір тұстарын атады. Алайда, бұны қанағат тұтуға болмайды. Өз іс-әрекеттерін жетілдіріп, өзіндік деңгейді арттыруға баса назар аудару талап етіледі. Кейбір салық түрлері бойынша ауылдық әкімдік кірістерден алда келеді.

Салық төлеушілер, шаруа қожалық басшылары алдыға қойылған міндеттерге түсіністікпен қарады. Күн тәртібі бойынша қоғам мүшелерінің креативті, өркениетті көзқарасы байқалды. Ауылдық әкімдікке жылжымайтын мүлік нысандарын, иесіз қалған тұрғын үйлерді рәсімдеуді аяғына дейін жеткізу қажет. Дүйсенғазы Мағауяұлы кәсіпкерлерге қарата айтқан сөзінде күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасын жасауда әділ болып, 10 пайыздық өсімді ұстану керектігін ескертті. Кеңесте көтерілген мәселелердің барлығы тиісті қызметтер тарапынан бақылауға алынады.

Қанат АПСАДЫҚОВА

22 шілде күні аудан әкімі әкімдік отырысын өткізді. Күн тәртібінде қаралған сұрақтар қатарына баса көңіл бөлуді қажет ететін, барлық қызметтер мен мекемелердің қадағалауын қажетсінетін мәселелер кірді.

ЖОБА ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚАЛАЙ ТЕЗДЕТУГЕ БОЛАДЫ?

Аграрлық сектордағы инновациялар оның орнықты дамуын қамтамасыз етіп, аудан экономикасының тұрақты болуына септігін тигізуі тиіс. – «Елім-ай-Көкпекті» жобасын жүзеге асыру ауыл шаруашылығы бөлімі жұмысының призмасы арқылы қарастырылатын болады. Аталған жобаға бірнеше мемлекеттік бағдарламалардың әлеуеті салынған, бюджеттік қаражатты қаржыландыру жүзеге асып жатыр. Сондықтан, бөлім мамандары осы жобаны «алып жүруге» міндетті, - деп қадап айтты аудан әкімі.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз