Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс бүкіл Қазақстан халқы үшін ғана емес, әр отбасына қастерлі мереке. Сондықтан да әскери, еңбек даңқы, қаһармандық пен қайсарлық мерейтойына дайындық басталып та кетті. 

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел болашағы жастардың қолында дейді. Бұл ұран жастар арасында күн өткен сайын зор қолдау тауып отыр.  Біз, жауынгерлік және еңбек даңқының мұрагерлері жеңімпаздар ұрпағы ретінде аға буын ұрпақтың игі дәстүрлерін лайықты жалғастырушы болуға тырысамыз.  Аудан әкімінің   бастамасын қолдай отырып, біз ескерткіштерді қалпына келтіріп, айналасын абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз, ардагерлерімізді қамқорлыққа бөлейміз, соғыс кезінде хабарсыз кеткен жерлестерімізді іздеу жұмысын қолға аламыз. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылдмайды!»- бұл біздің ұранымыз ғана емес, іс-әрекетіміздің бағдарламасы болып табылады.  

Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ жастарының атынан Мадина Шарбақпаева

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз