Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

31 шілде күні аудан әкімі аппараттық кеңес отырысын өткізді. Күн тәртібінде қымызды өндіру және оны бөліп құю бойынша «Елдар» шаруа қожалығының индустриалды-инновациялық жобасын жүзеге асыру, оның іс-әрекетінің тиімді жақтары мен бағалау нәтижелері мәселесі көтеріліп, «Туған ел – алтын бесігім» акциясының шеңберінде өткізілетін аудан күнін атап өтуге дайындық жұмыстарының барысы талқыланды.

 

Ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Бауедимов өз баяндамасында шаруашылықтың материалдық базасының құрамдас бөліктерін санамалап қана өтті. Аталған баяндаманы тыңдай келе, аудан әкімі бөлім мамандары тарапына қатаң түрде сын айтты. Ол бұл жоба жылдамдатылған индустриалды-инновациялық дамудың бағдарламасына енгізіліп отырғандығын атап өтті. – Екінші жобаның жүзеге асырылуы мәселесі бір ай көлемінде қызу талқыланып келеді. Бірақ, бөлім мамандары ешқандай қорытынды шығармаған, жобаның түпкі мақсатын ұғына білмеген, өндіріс қалай ұйымдастырылатынын жіті зерттеп, ойластырмаған. Бөлім жұмысы қанағаттанарлық емес, - деді наразылығын білдірген Дүйсенғазы Мағауяұлы.

«Елдар» шаруа қожалығының атқарушы директоры Валерий Мукин жобаны іске қосудың кезеңдері мен оның ағымдағы жағдайы туралы ақпарат берді. Оның айтуы бойынша, қазіргі таңда цех ғимараты мен жануарлар үшін үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сауу аппараттары мен бөтелкеге құятын технологиялық қондырғыларды жеткізу және логотиптерді жапсыру бойынша барлық ұсыныстар жіті зерттелді. Қондырғылар Ресей Федерациясының Қалмық жерінен әкелінеді деп жоспарланып отыр. Валерий Владиславович қыркүйек-қазан айларында цех құрылысы аяқталады деп жоспарланып, желтоқсан-қаңтар айларында қондырғылардың жиынтығын жеткізу жүзеге асырылса, ал ақпан айында оларды құру көзделіп отырғандығын жеткізді. Технологиялық үдеріспен қарастырылғандай санитарлық қалыптарды қамтамасыз ету үшін ұңғымалар бұрғыланған. – Жобаны жүзеге асыруда кедергі келтіріп отырған жағдайлар жоқ. Қымызды өндіру бойынша цех келер жылдың көктемінде іске қосылады деген ойдамыз, - деді сенімділік танытқан «Елдар» ШҚ атқарушы директоры.

Бұл тақырып бойынша қорытынды шығара келе, аудан әкімі ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі мамандарының әлсіз жұмыс атқарып отырғандарын баса айтты. Осылайша, ол ауылшаруашылық құрылымдары субсидияларын алу үшін құжаттар тек 30 шілде күні дайын болғандығын айта келіп, бұлар басқа аудандарда әлдеқашан алынып қойғандығын жеткізді.

Сонымен қатар, Дүйсенғазы Мағауяұлы көрмеге – «Шыңғыстау» атты ауылшаруашылық жануарларының жәрмеңкесіне дайындық жеткіліксіз көлемде жүргізіліп жатқандығын айтты. – Жәрмеңкелер тұқымның генетикалық әлеуетін паш ету мақсатында өткізіледі. Көрмеге қойылатын мал басы осы уақыттан бастап жалпы табыннан жеке ұсталып, арнайы тамақ мөлшерімен азықтандырылуы керек болатын. Соңғы жылдары ауданда мал шаруашылығын дамытуға баса көңіл бөлініп отыр. Сол себептен, өз жетістіктерімізді лайықты түрде көрсете білуіміз керек, - деп талап етті ол.

Аудан әкімі болжалды түрде көрсетіліп отырған астық өнімінің дәнді-дақылдық сандарына сенімсіздік білдірді. Ол ауылшаруашылық бөлімі мамандарынан сараптама жасап, нақты жағдайға сәйкес көрсеткіштер шығаруды, сонымен қатар тұқымдармен қамтамасыз ету бойынша күтілетін теңгерім мен болжам жасауды талап етті.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Кемербаева тиімділікті бағалаудың негізгі бағыттары туралы ақпарат беріп өтті. Оның айтуынша, біздің аудан 2013 жылдың қорытындысы бойынша үшінші орынға табан тіреген. 2012 жылмен салыстырғанда ауданымыз бір сатыға жоғары көтерілген. Қызметтің тиімділігін бағалауда облыс бойынша екі жыл қатарынан бірінші орын Зайсан ауданының еншісінде қалып отыр. Раушан Алпысбекқызы түсінікті түрде негізгі көрсеткіштер, оларға жетуге кедергі келтіріп отырған қиындықтар мен оларды шешудің жолдары туралы баяндады. Ол бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің жұмысындағы олқылықтарды нақты дәлелдер келтіре отырып, айтып өтті. – Негізгі себептерге адами факторлар мен электрондық технологияларды әлсіз меңгерудің салдары жатады. Қазір бұл - бірінші кезекте тұрған талап. Және біз мемлекеттік қызметкер ретінде заман талабынан қалыс қалмауға міндеттіміз, - деп атады Р.Кемербаева. – Жергілікті атқарушы органдары жұмысының тиімділігін бағалаудың жүйесі іс жүзінде сайып келгенде жұмыстың ішкі тәртібін қамтиды. Атап айтқанда, бұл фактор әр мемлекеттік қызметкердің деңгейін анықтап береді. Әр бөлім мен округ әкімі аппаратының үйлесімді атқарған жұмысынан және әр мемлекеттік қызметкердің жауапкершілігі мен міндетінен ортақ баға қалыптасады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Саржанов Аудан күнін атап өтуге дайындық жұмыстары барысы туралы ақпарат берді.

Аппараттық кеңесті қорытындылай келе, аудан әкімі күн тәртібіндегі басымдыққа ие міндеттерге баса көңіл аударды. Ауылдық округ әкімдері келесі апта ішінде халықпен кездесулер өткізіп, қысқа дайындық жұмыстарын пысықтап, тұтынатын азық-түлік бағаларын тұрақтандыру, мал азығымен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді талқылаулары тиіс.

Аудан әкімі аудандағы денсаулық сақтау саласы жұмысында орын алып отырған олқылықтарға тоқталды. – Бірінші жартыжылдықта бала өлімінің 4 оқиғасы орын алған. Бұл жерде басшылардың да, амбулатория дәрігерлерінің де, жеке ауылдарда отыратын медбикелердің де кінәлары бар. Осы сынды жағдайлар алдағы уақытта қайталанбас үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажет, - деп талап етті аудан әкімі.

Тамыз айында «Мектепке жол» акциясы өткізілмек. Ауылдық округ әкімдерінің міндеті – көмекке зәру балаларды бақылауға алу, мектепке қажетті заттармен қамтамасыз ете отырып, оларға қолдау көрсету.

Әр бөлім басшысы мен округ әкімдері Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына дайындық мәселесін бір сәт естен шығармаулары керек. – Бұл жұмыстың идеологиялық негізі әлі де кемшін қалып отыр. Қоғамдық бірлестіктерде белсенділік жоқ, - деп қадап айтты аудан әкімі. Ол қараша айына дейін соғыс жылдары қайтыс болғандарға арналып қойылған ескерткіштерді қалыпқа келтіріп, өлкетанулық және іздестіру жұмыстарын белсендіруді, тыл ардагерлері мен соғысқа қатысқандарға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Аудан әкімі түрлі жобаларды дайындауда алгоритмдердің бұзылуына жол бермеу туралы баса айтты. Олар мұқият ойланбаған шешімдерге ғана алып келмейді, сондай-ақ дербес басшылардың біліксіздігін көрсетеді. - Идеяларды емес, нақты істерді қолдау керек, - деп қорытындылады өз сөзін Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Надежда ШАРОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз