Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданымызда құрғақшылыққа байланысты мал азығын дайындауда алаңдатарлық жағдай орын алуда. Бұл біріншіден, үстіміздегі жаз айларында орын алған құрғақшылықтың нәтижесінде шөптің түсімінің аздығына байланысты. Аталған жағдай мал басын қысқартуға еріксіз мәжбүрлейді. Аудан әкімі бүкіл ай бойы өткен әрбір жиналыста осы жағдай бойынша дабыл қағуда. Алайда, бұл мәселені шешуге тікелей жауапты ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі, неге екені белгісіз, әзірге ешқандай іс-әрекет қолданбай отыр.

Алдағы күз маусымынан нені күту керек, ауданда шөп шабу науқанының барысы қалай және бүгінгі күнге мал азығының қанша мөлшері дайын екендігін түсіну мақсатында біз ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы М.Теміржановқа бірқатар сұрақтар қойған едік.

Өкінішке орай, біз жем-шөп даярлауға еш қатысы жоқ сұрақтарға жауап алдық, оның үстіне олар да толық емес ақпараттар. Мәселен, фермерлермен өнімділікті жоғарылату үшін инновацияларды енгізу туралы қойылған сұраққа М.Теміржанов тек онсыз да барлығына аты мәлім «Елім-ай - Көкпекті» жобасын атады. Ал, Қ.Садықов, Ж.Күшікпаев, Е.Болде, Е.Мәмбетов сынды және тағы да басқа ауданның аграрлық саласындағы көптеген фермерлер көзге ілінбей қалды. Айта кетсек, олар да өз жұмыстарын жетілдіріп, оған жаңа технологияларды енгізуде.

Аты шулы мал азығын дайындау мәселесіне келсек, бөлім басшысының жауабында тек аудандағы көктемгі егіс құрылымы бойынша жалпылама сандар орын алған: дәнді дақылдар – 74800 гектар, күздік дақылдар – 2300 гектар, майлы дақылдар – 33610 гектар, азықтық – 29600 гектар, картоп – 700 гектар, көкөністер – 430 гектар. Аталған сандардың қысқы мал азығын дайындауға қандай қатысы бар екені тек ауылшаруашылық бөлімінің мамандарына ғана белгілі болар. Газет оқырмандарын толғандыратын қалған сұрақтарға сол бойы жауап ала алмадық. Аудандық газеттің тілшілерінде арнайы ауылшаруашылығы маманы болмаса да, ондай сауалдар аз емес еді. Бізді және біздің оқырмандарымызды қызықтырған сұрақтар – ауданда ағымдағы жылы неше тонна пішендеме, сүрлем, шөп дайындау жоспарланған және бүгінгі күнге қаншасы жиналған? Біржылдық және көпжылдық шөптерді өсіруге қанша гектар жер бөлінген? Бұл шөптердің қоры жоспарланған дайындалатын шөптің көлемін толықтыра ала ма? Мал қыстайтын орындарға неше тонна азық жеткізілді? Шөп дайындау жоспары қандай? Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы екпе шөптің орташа өнімділігі қандай? Мал басына шаққанда неше центнер азық дайындаған жөн? Қай округтерде шөптің өнімділігі жоғары? Ағымдағы жылы қолайсыз ауа райы мал азығын даярлауға қалай әсер етуі мүмкін? Және ең бастысы, мал басы қысқартыла ма?

Осы сауалдардың барлығы, өкінішке орай, жауапсыз қалды. Бұдан шығатын қорытынды - ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі қызметкерлерінде жем-шөп дайындау бойынша ақпараттар да жоқ, жағдайды да толық білмейді.

Алайда, уақыт бір орында тұрмайды. Жаз аяқталуға жақын. Шындығына келсек, аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басына барлығымызға белгілі И.Крыловтың мысалындағы ала жаздай ән салған шырылдауық шегірткенің кері келіп тұрғандай. Шегірткенің басына туған жағдайға ұшырамас үшін ауылшаруашылық және ветеринария бөлімінің мамандарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындап, оянатын уақыт туған секілді. 22 шілдеге қажет етілетін азықтың тек 20% дайындалған. Ал, егін жинау науқаны қыр астында.

Ірі шаруа қожалықтарында жағдай тұрақты болуы мүмкін. Өйткені, қожалық басшыларының ешқайсысы да шығынмен жұмыс істемейтіні белгілі. Ал, жеке қосалқы мал шаруашылығымен шұғылданып, оны күнкөріс көзіне айналдырып отырған ауыл тұрғындары не істемек? Шөптің бір тоннасының бағасын аспандатып жіберетін алыпсатарлар бұл жағдайды пайдаланып, жеке секторларда мал ұстайтындарға қиындық тудыратыны сөзсіз. Бұл жағдайда мал басының саны кемитіні анық.

Әрине, мал басын өсіргеннен гөрі, оны азайту әлдеқайда оңай. Бұл жағдайды болдырмау үшін осы бастан мал азығы тапшылығын төмендету бойынша жұмысты қолға алған жөн.

Бұл аспектіде тағы бір маңызды мәселені айтқан дұрыс. Ол – өрт қауіпсіздігін сақтау. Қазіргі таңда көптеген өрт жағдайларына себепкер адам факторы екендігі құпия емес. Ал, от үшін барлық жер қолайлы. Ол, тіпті, сайларда да, шөмелелерде де, маяларда да жақсы жанады. Бүгінгі күні пішен қорада өрт шығуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған дұрыс. Өйткені, өткен жылдан қалған шөп қоры қыстаманы шығынсыз өткізуге септігін тигізеді ғой. Осы мәселелерді ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі қалай шешетінін уақыт көрсетеді.

Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз