Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

22 шілде күні аудан әкімі әкімдік отырысын өткізді. Күн тәртібінде қаралған сұрақтар қатарына баса көңіл бөлуді қажет ететін, барлық қызметтер мен мекемелердің қадағалауын қажетсінетін мәселелер кірді.

ЖОБА ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚАЛАЙ ТЕЗДЕТУГЕ БОЛАДЫ?

Аграрлық сектордағы инновациялар оның орнықты дамуын қамтамасыз етіп, аудан экономикасының тұрақты болуына септігін тигізуі тиіс. – «Елім-ай-Көкпекті» жобасын жүзеге асыру ауыл шаруашылығы бөлімі жұмысының призмасы арқылы қарастырылатын болады. Аталған жобаға бірнеше мемлекеттік бағдарламалардың әлеуеті салынған, бюджеттік қаражатты қаржыландыру жүзеге асып жатыр. Сондықтан, бөлім мамандары осы жобаны «алып жүруге» міндетті, - деп қадап айтты аудан әкімі.

 

Алайда, бөлім басшысы өз сөзінде шаруашылық жұмысына баса ден қойды. Дүйсенғазы Мағауяұлы бөлім уысынан шығарып алған бірқатар кемшіліктерді атап өтті. Олар - төлдейтін малды тиімді пайдалану, сатып алынған техникалар мен жинақталған дәнді-дақылдарды оңтайлы қолдану, магистральды каналдарды жөндеуден өткізу, репродуктор бойынша ЖСМ аяқтау мәселелері. – Қазіргі таңда уақытша фактор аса маңызға ие. Әр күнді тиімді өткізген абзал, - деді аудан әкімі. – Жобаның алға жылжуын тежеп тұрған әр мәселенің түп-тамырына бойлап, мағынасын түсіне білген жөн.

Биылғы жылғы ауа райының қолайсыз жағдайлары астықтың өнімі көлеміне теріс ықпалын тигізбек. Бұл мәселе маусым айында-ақ айқын болған. Бірақ, ауыл шаруашылығы бөлімі әлі күнге дейін дабыл қақпауда, ешқандай шара да қабылдаған жоқ, - деп қадады аудан әкімі.

Ол жерге қатысты мәселелерді шешу бойынша сындарлы жұмыстың жоқтығын атады. Осылайша, М.Теміржанов ұзақ уақыт шаруашылықтар пайдаланбай отырған жер телімдері бар деген деректі алға тартты. Алайда, бөлім соңғы төрт жылдың ішінде заңнаманы бұзу оқиғасы туралы бірде-бір қызмет бабындағы хатты дайындамаған, келісімшартты бұзу рәсімін де қолға алмаған.

Мал соятын цехтің жұмысы жайлы айта келіп, аудан әкімі бөлім оның жүктемелілігі мәселесіне көңіл аудармағанын атады. – Аудан бойынша әлдеқашан мал соятын цехтың жұмысына бағытталған бордақылау алаңдарының шағын және орта жүйелері ұйымдастырылуы керек болған. Бірақ, бүгінгі таңда аталған жағдай бізде орын алып отырған жоқ. Бұл - ауыл шаруашылығы бөлімі құзыретіне сын, - деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Әкім орынбасары А.Әкімова аталған жобаны алға бастыру бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің міндеттеріне тоқталды. Ең басты міндет – ағымдағы жылы репродуктор құрылысын тәмамдап, оны пайдалануға беру болып табылады. Сонымен қатар, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына ТҮКШ және құрылыс бөлімдері арқылы бақылау орнату қажет.

Аудан әкімі аталған жоба бойынша жекеленген көрсеткіштер аса көтеріліп көрсетілгенін жеткізді. Сол себептен, бөлім соларды нақтылап, түзетулер енгізуі керек. – Біздің міндетіміз – ақшалай қаражатты қайтарудың мерзімін ұзарту мәселесіне қолдау көрсету, - деген Дүйсенғазы Мағауяұлы аталған жағдайға баса көңіл аударды.

Бұл мәселе бойынша қорытынды жасай келіп, ол «Елім-ай-Көкпекті» жобасын жүзеге асыру бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің жұмысына қанағаттанарлықсыз деген баға берді. Аудан әкімі орын алған Жер заңнамасына қайшы келетін бұзушылық фактілері және аталған мәселелерді шешу бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті. 

ЖІБЕРІЛГЕН ҚАТЕЛІКТЕРГЕ КӨҢІЛ БӨЛІНДІ

Бірінші жартыжылдықтағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері мен екінші жартыжылдыққа межеленген міндеттер жайлы аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова баяндап берді. 

Ол жиналғандар назарын ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің рейтінгісі аса жоғары еместігіне аударды. Нәтижелерді саралай келе, көрсеткіштердің бұлай төмен болуының бірден-бір себебі нәрестелердің шетінеуі болып отырғаны анықталды. Өткен жылы орын алған  1 оқиғаға биыл 4 жағдай тең келіп отыр. Яғни, жылдың басынан бергі мерзім ішінде ауданда сәби өлімінің 4 оқиғасы тіркелген.

Алмагүл Жанахметқызының айтуы бойынша, екінші жартыжылдықта бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері бүгінде жұмыс істеп тұрған салалық және мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру мен жоспарлы тапсырмаларды соңына дейін орындауды қамтамасыз етулері тиіс. Олардың қатарына «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша қауіпсіз таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп отырған тұрғындар санын ұлғайту, Преображенка және Теректі ауылдарында жеке меншік балабақшалар ашу, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары аясында ауыл шаруашылығы малдарының басын көбейту жатады. Бұған қоса ол келесідей дерекке назар аударды – «Жайлау» бағдарламасы бойынша 2400 ұсақ тұяқты мал алынған. Ал, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғандағы көрсеткіштен тек 512 бірлікке ғана ұлғайған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне тоқталған А.Әкімова бизнес-жобаға сәйкес жаңа жұмыс орындарын ашып, салықтар мен несиелерді төлеуді қамтамасыз етуді талап етті.  

-Ішкі қорларды іздестіру шараларын жалғастырған жөн, - деген Алмагүл Жанахметқызы ауданның бюджетіне түсетін кірістердің ішіндегі басымдыққа ие түсім ретінде 20 миллион теңге көлемін құрайтын алгоритмдік шаралардың қаражатын атады.

Өз сөзін қорытындылай келе, ол ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы рейтингісі бойынша бірінші жартыжылдықтың нәтижелеріне тоқталды. Аудандық комиссияның шешіміне сәйкес, бірінші орынды Шұғылбай ауылдық округі иеленді. Екінші орынға Көкжайық ауылдық округі табан тіреді. Үшінші орынға Теректі ауылдық округі жайғасты. Осыған орай, аудан әкімі аталған округ әкімдері Ерлан Қалдыбаевқа, Нұрбек Сүлейменовке, Ержан Күзембаевқа лайықты сертификаттарды тапсырды.

ОТПЕН ОЙНАҒАННЫҢ БІРДЕ ШОҚ БАСАРЫ АНЫҚ

Шақырайған күн мен қапырық ауа райы өрт қауіпін еселете түсетіні айқын. Соңғы толық емес үш айдың ішінде аудан көлемінде 6 ірі дала өрті орын алған.

ТҮКШ, автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысы, сондай-ақ ТЖ бойынша аудандық комиссия төрағасының орынбасары болып келетін Руслан Бектасовтың айтуы бойынша, өрт қауіпі бар мерзімге 17 округтің ішінен тек жетеуі ғана дайын. Аталған округтерден Руслан Армияұлы Палатцы, Мариногорка, Үлгілімалшы округтері әкімдерінің жұмысын қанағаттанарлық деңгейде екенін атады. Оның мәліметіне сүйенсек, бүгінде ерікті түрде құрылатын өрт сөндірушілер жасағы мәселесі реттелмеген, техникаларды тарту бойынша шаруа қожалықтары басшыларымен келісім-ұсынымдар бекітілмеген, өрт сөндіру құрылғылары дайындалмаған. Шығарылған қорытындыға көз жүгіртсек, қазіргі таңда Үлкенбөкен округінде 5, Самар ауылдық округінде 9 өрт сөндіретін сақпан бар.

Сонымен қатар, Р.Бектасов өрт сөндірушілер жасағының жиналу қарқыны, құлақтандырылуы, шұғыл қимылдауы көңіл көншітерлік емес екендігін атап өтті. Тіпті, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары демалыс күндері ұялы телефондарын сөндіріп тастаған фактілер де орын алған.

Аудан әкімі өз сөзінде далалық алқаптардың жануы мен өрт шығуының басты себебі – ол адам факторы екендігін айтты. Алайда, соңғы бірнеше жыл көлемінде өрт шығуына себепкер болған кінәлілерді заң бойынша жауапкершілікке тарту оқиғалары кездеспеген. – Бұл бағытта учаскелік полицейлер мен ТЖБ қызметкерлері әлсіз жұмыс атқарып отырғандарын атап өткен жөн, - деп қадап айтты Дүйсенғазы Мағауяұлы. Ол аталған қызметтер басшыларынан парменді жұмыс пен нақты нәтижелерді талап етті. – Кінәлілер бостандықта жазасыз сайран құрып жүргенде, далалық өрттер жалғаса бермек. Соның салдарынан аудан материалдық тұрғыда да, экологиялық жағынан да айтарлықтай шығынға ұшырауда, - деді аудан әкімі.

Әкімдіктердің өрт қауіпі бар мезгілге дайындығын, бірлесе атқаратын қимылдарын тексеру үшін ол демалыс күндері мен түнгі уақытта өрт сөндіруші жасақтарын шұғыл түрде жинау бойынша тактикалық оқу-жаттығуларын өткізуді тапсырды.

Орман және өрт сөндіру қызметкерлерінің жұмыстары өзге тақырыптағы әңгімеге арқау болды. Аудан әкімі өрт сөндіру көліктерін шығаруда кідірістің жоқтығына және соны қадағалайтын басшылардың жауапкершілігіне назар аударды.

НЕСИЕ АЛУ - "СӘНГЕ", ҚАЙТАРУ ПРОБЛЕМАҒА АЙНАЛДЫ

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде алынған несиелерді қайтару мәселесін аудан әкімі осымен бірнеше жиналыстарда көтерген болатын. Осылайша, жұмыспен қамту орталығының директоры Р.Баймолдинаның мәліметіне сүйенсек, «Тобыл Несие» несиелік серіктестігі «Ертіс» ӘКК алдында жалпы сомасы 9 миллион теңгені құрайтын берешегі бар көрінеді. Бұл жағдай аталған бағдарламаның екінші бағыты аясында берілетін қаржыны толықтай тоқтатуға және қысқартуға себеп болатындай алғы шарттарды тудырып отыр. Іс жүзінде, бұл дегеніміз – несиеден үмітті ықтималды қарызгерлер жеңілдетілген пайыздағы қаражаттан қолдары қағылуы мүмкін.

Қарызды қайтармаудың себебі несиелік серіктестік, жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері және ауылдық округ әкімдері мен қарызгерлердің жаңсақтығы, істі аяғына дейін ойластырылмағандығынан болып отыр. Аудан әкімі әр қарызгер бойынша жағдайды жіті зерттеп, несиелердің уақытылы және толық көлемде қайтарылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Әкімдік отырысын қорытындылай келе, Дүйсенғазы Мағауяұлы дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің назарын бюджетті құрудың уақыты жақындағанына аударды. Оның аяқталуы 15 тамызға дейін белгіленген болатын.

Сонымен қатар, күн тәртібінен түспей, баса назар аударуды қажет ететін мәселелер қатарында суық мезгілдегі от жағу маусымына, астықты жинау мен қысқы мал азығын даярлауды аяқтауға дайындық, бюджетті игеру болып қала бермек.

Екінші жартыжылдықтан бастап рейтингілік көрсеткіштер туралы жаңа заң өз күшіне енеді деп күтілуде. Сол себептен, әр көрсеткішті бағалаудың әдісін ежіктей зерттеу қажет болады.

Егістікке теріс ықпалын тигізіп үлгерген ауа райының қолайсыз жағдайын ескере келіп, аудан әкімі өңірде аудандық тұрақтандыру қорын құру басталғанын атап өтті. Ол ауылдық округ әкімдеріне өз орындарында осы мәселемен айналысуды жүктеді.

Надежда ШАРОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз