Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Палатцы ауылдық округінің бастауыш ардагерлер ұйымыЖеңістің 70 жылдығына арналғанмерекелік іс-шараларды атап өтудің дайындық жұмыстарына белсене атсалысуда. Еліміздің болашағыжас ұрпақ болғандықтан, олар отанымыздың тарихын білуі тиіс. Ұлы Жеңіс– ол ең қадір тұтқан мереке, сол себептен,бұл тек қана тарихи дата емес, сонымен қатар,күллі әлемдегі бейбітшілік пенақиқат үшін күрес және халықтар ынтымақтастығының салтанатты күні.

Подгорный ауылы - есімдері аңызға айналған,Кеңес Одағының Батырлары Иван Михайлович Яроцкий, Николай Яковлевич Фонов, Сергей Егорович Седнев сындықаһармандарыменәйгілі. Шағын ауылдан шыққан үш батыр, ауыл тұрғындарының мақтанышы. Сол себепті, аудан әкімі Дүйсенғазы Мағауяұлы Мусиннің бастамасымен Подгорный ауылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған дайындық жұмыстарының орталығына айналуы және ауданның туристік кластеріне енуі тиіс.

Облыстық сәулетші Г.Сугатов ескерткіштің эскизі мен оның айналасын сондай-ақ, бүкіл ауылды қоса абаттандыру жұмысын көрсетті. Атқарылатын жұмыс жетерлік.Әрине, бұның барлығына қаражат қажет. Сондықтан, Подгорный ауылы мен Палатцы округінің ардагерлер ұйымы, Қамзинов, НиколайГончаренко, Қамбар Итемгенов сынды ардагерлерауыл тұрғындары арасында үндеу тастады. Оған жерлестері қызу қолдау көрсетті.Яғни, олардың әрқайсысы ортақ қазанға белгілі бір қаражаттарын қосуғадайын. Сондай-ақ,болжам бойынша ауданнан, облыстан тыс жерде тұратын батырлардың ұрпақтары, балалары мен немерелері мерекеге арналған дайындық жұмыстары меналға қойған жоспарларды жүзеге асыруға қолдарынан келгенше жәрдемдесуге мүмкіндігі бар.

Бүгінгі күні «Батраков»шаруа қожалығының жұмысшылары ауылкөшелерімен жолдарына қиыршық тас төсеумен шұғылданып, абаттандыруда.Сондай-ақ, ауылдың жекелеген тұрғындары аулаларын көркейту мақсатында қоршауларды жөндеу үшін темір мен қоршаулар сатып алуда.

Барлығымыз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара»отырыпЖеңіс мерейтойын лайықтықарсы алуға белсене қатыссақ, бұл соғыста қаза тапқандар мен соғыс арадагерлеріне деген біздің құрметіміз, олардың жауынгерлік ерліктері мен еңбектегі жанқиярлықтарын бағалағанымыз екендігіне ардагерлер сенімді. Бұл жай ғана айтылған құрғақ сөздер емес, солай болуы қажет! Өткенді білмей, болашақты құруға болмайды.

Ашылған есепшотқа әлден-ақ ақша түсе бастады. Алғашқылардың бірі болып, Палатцы ауылдық округінің тұрғындары: Василенко Сергей, Әміренов Мәмбет, Лебеденко Виталий және басқалары өз үлестерін қосты.Өйткені, түскен қаражат Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналады. Ауданымыздың барлық тұрғындарын бұл шараға белсене қатысуғаүндейміз: ӨЗ ОТАНЫҢЫЗДЫҢ ПАТРИОТЫ БОЛЫҢЫЗДАР! АЛДЫҢҒЫ ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН ІСТЕРІНІҢ ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫЛАРЫ БОЛЫҢЫЗДАР!        ҚАЗА БОЛҒАН ЖЕРЛЕСТЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ОРТАҚ ІСКЕ ҚОЛДАН КЕЛГЕНШЕ ӨЗ ҮЛЕСТЕРІҢІЗДІ ҚОСЫҢЫЗДАР!

«Көкпекті аудандық «Асар» қайырымдылыққоры» қоғамдық қор»

БИН 100540003667

ИИК КZ 156010151000127715 код 18

В.Лебеденко,Палатцы ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз