Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көлеңкелі экономикамен күрес кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе, оның үстіне ел Президенті өзінің Жолдауында алдыға зор мақсат қойды. Ол – әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу. Осы міндетті орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша кешенді жоспарды бекітті. Облыс әкімінің салық салынатын базаны кеңейту және ішкі резервтерді іздеу бойынша хаттамалық тапсырмасы бар. 

 

Заңнамаларда атап көрсетілгендей, «көлеңкелі экономика» салықтан жалтаратын, жалпы ішкі өнім есебіне кірмейтін, заңсыз шаруашылық-экономикалық іс–әрекет ретінде аталады. Ол Сарыбел және Палатцы ауылдық округтерінде кеңінен орын алып отыр. Бұл жайында біз осы ауылдық округ тұрғындарымен аудан әкімінің бас-тамасы бойынша өткен жиындарда толығырақ білдік. Күн тәртібінде округтің ішкі резервтері туралы бір мәселе қаралды. Жиынды аша отырып, аудан әкімі бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерді тексеру, кәсіпкерлер құқына қол сұғу емес, биліктің, бизнестің және азаматтық қоғамның көлеңкелі экономика салдарын, өндірістік іс-әрекеттің жасырын тұстарын әшкерелеу, оған жол бермеу, тосқауыл қоюға бағытталған өзара ашық әңгімесі деп атап көрсетті.     

ӘРБІР АЗАМАТ ТАБЫС ТАБА АЛАДЫ, БІРАҚ ОЛ СОЛ ҮШІН САЛЫҚ ТӨЛЕУГЕ МІНДЕТТІ, - бұл пікір жиынның негізгі ұраны болды. 

Таңдау бұл ауылдарға түсуі жайдан-жай емес. Ауыл Бұқтырма су қоймасының жағалауына орналасқан, алайда бұл жерде заңды «белінен басу» орын алған. Сондықтан да, жағалауды пайдаланудан түсетін кіріс жоқ, оны тиімді пайдалануда кемшіліктер бар. Құжат бойынша Сарыбел ауылдық округінде табиғатты пайдаланушы ретінде 67 жеке тұлға тіркелген. Олардың қарамағында 121 гектар жағалау жерлері бар. Құжаттар бірнеше жыл бұрын негізінен жағалауда демалыс үйлерін салуға жасалған. Бірақ, округ әкімі К.Сақуанованың айтуынша, олардың ішінде қазіргі күні үшеуі ғана жұмыс істеп тұр. Ал қалған төртеуі құрылысты жаңа бастаған. – Жер иелерінің көбі тіркелген мекенжай бойынша тұрмайды. Бұл олармен заң талаптарын сақтау бойынша ашық әңгіме жүргізуді қиындатып отыр, - деді К.Сақуанова. Аудан әкімі аудандық жер қатынастары бөлімі бастығының міндетін атқарушы Е.Құдайбергеновке жер Заңнамасының қалыптарын сақтау бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Осымен бұл мәселе жабылған жоқ. Көкпекті ауданы бойынша салық басқармасының бастығы С.Жұмағалиевтің түсіндіруі бо-йынша, сараптама жасау барысында демалыс орындарына салық төлейтіндердің іс-әрекеттерінің салық мөлшерлері күмән туғызады. Суға түсу маусымы 10 маусым мен 20 тамыз аралығына дейін созылады, яғни үзіліссіз 71 күн. Салық төлеушінің демалыс орыны үшін бір күндік табысы 39,5 мың теңгені құрайды, шынтуайтында, жағалаудағы әр үйді есепке алсақ, кіріс сомасы 84 мың теңгеге жетеді. – ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЖЫЛ БОЙЫ ЖОҒАЛТАТЫН САЛЫҚ МӨЛШЕРІ 71,2 МЫҢ ТЕҢГЕ НЕМЕСЕ 70%, - деп атап көрсетті Серғазы Нұрқасымұлы. Жағдай, біздіңше, қарапайым емес, Салық басқармасының қызметкерлері қалған салықтың қайда қалып қоятынын білетін тәрізді. Сонда олар салықтың көлеңкеде қалып қалмауы үшін өздерінің құзыреттерін неге пайдаланбайды?   

 

Бұл жағдайдағы ең ауыры - есепке алынбайтын жалдамалы жұмысшылар. Олар ең аз мөлшердегі жалақы алады, жұмыс берушінің «тапқырлығының» арқасында зейнетақы жарнасы да болмайды. Салықтық есептер бойынша, демалыс орындарында жұмысшылар жоқ көрінеді. Сонда үйлердің айналасын кім тазалап, қоқыстан кім арылтады, мүлікті күзетіп, басқа да қосымша қызметтерді кім көрсетеді? Ең кем дегенде демалыс базасында 3 адам жұмыс істеуі тиіс. Қарапайым есептеу бойынша үш демалыс орнында 9 адам жұмыс істейді. Бір маусымда бір жұмысшыға төленетін ең төмен мөлшердегі жалақы сомасы 210 мың теңгені құрайды. Осылайша, суға түсу маусымында бюджетке қомақты сома төленбей отыр. – Егер осының барлығын есептесек, біз жағалау бизнесінің ірі ішкі резерв болып табылатынын көреміз. Сонымен бірге, мультипликаттық тиімділікті де ескеру қажет, ол – құрылысты дамыту, сауданы жолға қою, инвестиция тарту, осылардың барлығы салықтың артуына әсер ететін болады, - деді Д.Мусин.

Аудан әкімі ауылдық округ әкімшіліктері қызметкерлерінің заңнамаларды нашар білетінін, бұл ішкі резервтерді іздестіру бойынша тапсырманы орындауға кедергі келтіретінін атады. –ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ, - деп баса айтты аудан әкімі. Еңбек туралы заңның барлық талаптарын орындауды, әсіресе, жалдамалы жұмысшылар құқын қорғауға қатысты баптарының орында-луын қамтамасыз ету керек. Ең алдымен, әр жұмысшымен барлық стандарттарды сақтай отырып, жеке еңбек шартын жасауға тиіс. Ол стандарттарға ең төменгі еңбекақы мөлшері, жұмыс уақыты, еңбек қауіпсіздігі қалыптары, әлеуметтік және зйнетақылық төлемдерді төлеу кіреді. Соңғысы ерекше маңызға ие. Өйткені, оның соңында адамның кәрілігін немесе мүгедектікке ұшырап қалған жағдайда оны қамтамасыз ету тұр. Қаңтар айында аудан әкімі өзінің есептік жиындарында бұл мәселені көтеріп қана қоймай, қатаң талап қойған болатын. Өкінішке қарай, не ауылдық округ әкімдері, не болмаса еңбек бойынша қорғау инспекторы, Салық басқармасы, басқа да құқыққорғау органдары ешқандай шара қабылдаған жоқ. Әрине, әрбір жалдамалы жұмысшы өзінің қамын өзі ойлауы тиіс, жұмыс берушіден еңбек келісімшартын жасауды талап ету өзінің мүддесі үшін қажет. Алайда, ауыл тұрғынының ділімен санассақ, олардан тұрақты жұмыссыздық, құқықтық сауатсыздық салдарынан азаматтық белсенділік талап ету әзірге мүмкін емес. Сондықтан, бұл жұмыс барысында үгіт-насихат жұмысымен қатар, заң талаптарын бұзушыларға шара қабылдау да қажет.

Сауда жасаушы кәсіпкерлердің арасында жасырын өндірістік әрекет кеңінен таралған. Көлеңкелі экономика түрлері бойынша бұл іс-әрекет өндірістік деп аталады және заңды болып саналады.  Бірақ, мемлекеттік органдардан салық төлемеу үшін қасақана жасырылады. Табыс мөлшері де жасырын болады. Салық органдарының мәліметі бойынша, сарыбелдік кәсіпкерлердің барлығының да табысы шынайылыққа жанаспайды. Құжаттарға сенсек, олар өздеріне шығын келтіре жұмыс істеп отыр деген сөз. Сараптама бойынша, азық-түлік сататын сауда орындарындағы бір күндік кіріс 4-5 мыңнан аспайды. Ауылда 205-365 аула бар деп есептесек, әр үй күніне 500 теңгенің саудасын жасаса, кәсіпкердің күндік кірісі 17-26 мың теңгеден кем болмауы тиіс. Осыған орай, аудан әкімі Салық басқармасының басшысына кассалық аппараттардың бар-жоғы, түбіртек беру, салықты жасырып қалумен күрес бойынша сауал қойды. Нақты жауап ала алмаған Дүйсенғазы Мағауяұлы бұл жерде Салық басқармасының жұмысында бірбеткейліктің және салық заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша жұмыстың жоқтығын атап көрсетті.

Көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді жоспарда ресми емес сала және заңсыз өндіріс деген түсінік бар. Оған тіркелмеген жылжымайтын мүлік, ресми емес сауда мен өндіріс кіреді. Олар ешқандай рұқсатсыз әрекет етеді. Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Г.Смағұлованың айтуынша, Сарыбел округі бойынша 415 нысанның бесеуі тіркелмеген, 16-сында техқұжат, 17-де мемлекеттік акт жоқ, 19-ы әділет басқармасында тіркелмеген. Д.Қимадиев пен Қ.Оңғарбаевтың мал қоралары, К.Маянованың Васильев өткеліндегі кафесі, Р.Сәрсенбаевтың қоймалары Әділет органдарында заңды түрде рәсімделмеген және тіркелмеген. Бұл әлі толық тізім емес. Бұл - легализация бойынша жеткіліксіз жұмыстың нәтижесі. Олардың барлығы да ұзақ уақыт бойы салық төлемей       отыр. Сонымен бірге, жер, бизнес нысандары иелерінің басым бөлігі округ аумағында тұрмайды. Бірақ, бұл оларды салық төлеуден босатпайтыны белгілі. Азамат қайда тұрса да, заң барлығына да ортақ. – Барлық заң жергілікті жерде жүзеге асады, барлығы да ауылдық округ әкімінің құзырында, - деді Д.Мусин.

-Ресми емес сала да есепке алынбай қалады, - деп атап көрсетті аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова. Жаз айларында ауыл тұрғындары үйлерін демалушыларға жалға береді, басқа да қызмет түрлерін көрсетеді. Бірақ, мұның барлығы да салық басқармасы қызметкерлерінің назарынан тыс қалады.

Бұл округте балық аулаушыларға да қатаң бақылау жоқ, бұл да салық көзі. Тіркелген балық аулаушы бригадалар иелерін Өскемен қаласынан зорға тапқан, бірақ олар жергілікті әкімшілікпен әңгімеден бас тартуда.

Салық қызметкерлерінің назарынан тыс қалған тағы бір жағдай – бұл құрылыс құмдарын баржамен әкетіліп жатқаны. Жиын барысында анық болғандай, осы мәселені әлі күнге дейін ешкім қолға алмаған.

Осылайша, екі жарым сағат ішінде округтің экономикасы толықтай талқыланды. Мұнда барлығы 8-10 миллион теңгенің салықтық кірісі жасырын жатқаны белгілі болды. Көтерілген мәселе ауыл тұрғындарына түсінікті әрі жақын еді. Олар жекелеген бизнесмендер тарапына қаншама ашулы сөздер айтты. Бұл жиынның бизнесті ашық жүргізудің, жұмыс беруші мен жалдамалы жұмысшының қарым-қатынасын заңды түрде болуының, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі белсенуінің бастауы болатынына сенім мол.

Палатцы ауылдық округінде жағдай бұдан да нашар. Атап айтсақ, 42 нысанның 16-сында техникалық құжат жоқ, 25-і мемлекеттік жер актісіз, 25-і әділет органында тіркелмеген, 25-і жерді сатып алуды рәсімдемеген, 18 тұрғын үй ресімделмеген, 65 пәтер бос тұр және олар әділет органында тіркелмеген. 

-Округтің 198 гектар жері Бұқтырма су қоймасының жағалауында. Олардың иелері Қазақстан қалаларының тұрғындары. Телімдердің ешқайсысы да мақсатты пайдаланылмайды, біреуінде де демалыс базасын салу құрылысы басталмаған, - деді Палатцы ауылдық округінің әкімі Б.Мұқышев. Бұл нысандар үстеме баға қосып сату арқылы табыс табу көзіне айналғаны белгілі. НЕГЕ БҰЛ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛЫП ОТЫР?

Округтің сауда нүктелері туралы мәселе айрықша назарда болуы керек. «Динара» (Р.Жұмағұлова), Л.Құжбанованың дүкендерінің ғимаратында ешқандай құжат жоқ және олар әділет басқармасында тіркелмеген. Н.Дүзбенбетованың «Арман»  және Р.Дүзбенбетовтың «Шығыс» дүкендері пәтер ретінде рәсімделген. Кәсіпкерлердің көпшілігінде құжаттары жоқ, кейбіреуінің кемшіліктері жеткілікті. Мұндай бизнес түрі ресми емес салаға жатады. Бұның бәрі ештеңе емес. Салық басқармасы басшысының айтуынша, округтегі 6 сауда нүктесінде жыл басынан бері ешқандай қозғалыс жоқ. ОЛАРДЫҢ КӨРСЕТКЕН БІР КҮНГІ КІРІС МӨЛШЕРІ БІР ҚОРАП СІРІҢКЕ ҚҰНЫНА ТЕҢ. Палатцы ауылының тұрғындары бұл дәйектерге қосыла наразылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, сатушылар ешқашан да кіріс кассасын басып, түбіртек бермейді екен. Салықтан жасырынудың айғақты дәлелдері келтіріліп отырғанда кәсіпкердің бірі өздеріндегі қарыз кітапшаларымен ақталмақ болды. Алайда, Серғазы Нұрқасымұлы Салық заңнамасына сүйене отырып, «бұл бәрібір де заң бұзушылық болып табылады, сондықтан да жолы кесіледі», - деді. Тағы да мысал келтіре кетсек, тауарға тек 10 пайыз ғана үстеме қосылатыны барлығына белгілі. Ендеше, 5 мың теңге тұратын тауарды кәсіпкер 4,5 мың теңгеге алады деген сөз, сонда айына кәсіпкер 15 мың теңге таза табыс табады. Ол сомадан ол электр қуаты ақысын, көтерме сауда базарына дейінгі баратын көлік шығынын төлеуі және ағымдық шығындарды жауып, отбасын асырауы керек. Күндіз-түні жұмыс істеп республика бойынша ең аз жалақыдан да төмен кіріс кіргізетін палатцылық кәсіпкерлерге жаның ашиды. БҰЛ ЕНДІ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙТЫН ДҮНИЕ ҒОЙ! Салық төлеуді жасырудың осындай жағдайлары ауданның барлық сауда нүктелерінде байқалады. Үстіртін жүргізілген сараптамаға сүйенсек, тек Көкпекті және Самар ауылдарының кәсіпкерлері жылына 40-50 млн.теңге қаражатты кем төлейді. Ауылдардағы шағын дүкендердің иелері аудан орталығындағы «Алуа» «бөлшек сауда» дүкені ешқашанда ешбір құжат бермейтінін ашық айтады. Осы орайда, аудан әкімі кәсіпкерлік бөлімінің (М.Смағұлов) жұмысындағы олқылықтарды, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің (А.Макенов) кәсіпкерлік әрекеттерді болжау мен сараптаудың төмен деңгейін және аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова тарапынан бақылаудың нашарлығын атап өтті. Біз тауар бағасының үнемі көтеріліп тұратынын айтып отырған жоқпыз. Осыған орай, аудан басшысы Салық басқармасы жетекшісіне заң бұзушыларға ең қатал жаза қолдануды талап етті. Олардың жасырын экономикасын жарыққа шығаратын кез келді.

Жасырын қорлар туралы айта отырып, біз аудан ауылшаруашылығына бағытталғанын атай кету керек. Мемлекеттік саясат аграрлық секторды қолдауға және дамытуға бағытталған. Сондықтан, шаруа қожалықтары үшін салық мөлшері өте төмен, оның үстіне қомақты субсидия төленеді. Осылайша, Сарыбел ауылдық округінің шаруалары өткен жылы 4 миллионнан астам субсидия алды. Ал палатцылықтар 14,9 миллион теңге көмек алды. Субсидия ол несие емес, оны қайтарудың қажеті жоқ, ол шаруашылықтың инновациялық да-муына жұмсалатын тегін қаражат. Алайда, аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы М.Теміржановтың айтуынша, бұл ауылдық округтерде алға жылжу жоқ. Өйткені, мұндағы шаруа қожалықтарының басшылары жер телімдерін тиімді пайдаланбай отыр. Биыл олардан минералдық тыңайтқыштарға, гербицидтерге, жаңа техникаға  тапсырыс берілмеген. «Сыбаға» және «Жайлау» бағдарламаларына қатысуға ұсыныс та  жоқ. «Нұр» шаруа қожалығы иелігінде 823 гектар жері бола тұрып, бір гектар да егін екпеген. Палатцы ауылдық округіндегі 23 шаруа қожалығы 7452 гектар алқапқа ие болса да, 2000 гектардан астамын пайдаланбай отыр. Тапсырыс берілген арзандатылған жанар-жағармай алынбаған. Мұның барлығы округте аграрлық саланың жұмыс істемейтінін, ендеше салыққа кіріс те болмайтынын айтады.

ОСЫНДАЙ ҰҒЫНЫҚСЫЗ ШАРУА БАСШЫЛАРЫНА СУБСИДИЯ НЕ ҮШІН ТӨЛЕНЕДІ? деген сұрақ орынды туындайды. Оған жауап жоқ. Өйткені, Жерді тиімді пайдалану ережесін сақтауға, Жер кодексін орындауға бақылау нашар - аудан әкімі ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жұмысын осылай бағалады. Ол осы аталған кемшіліктерді тіркеу мен жерді жалға алу келісімшарттарын бұзуға ұмтылыстың жоқтығын сынға алды. – Мемлекеттік қаражатты тиімді әрі мақсатты пайдалануды бақылау үшін субсидия бойынша әртүрлі деңгейде комиссия құрамыз. Олар бір-біріне қарайламай өз беттерімен егіс алқаптарын тексеретін болады. Солардың тексеріс қорытындысын қарағаннан соң ғана шаруашылықтарға субсидия берілетін болады, - деген міндет қойды аудан әкімі.   

Жиын барысында жерді субарендалау мәселесі де көтерілді. Мұның заңмен тыйым салынғанын, бірақ орын алып отырғанын барлығы да біледі. Бірақ, ешкім де дәлелдей алмауда. Сондай-ақ, іргелі шаруа қожалықтарының басшылары өздері игере алмайтындардың жерін пайдаланады немесе басқа жақта тұратындар, бірақ осы жерде алқаптары бар адамдар өз телімдерін беріп, субсидия алып отырады деген болжам айтылды. Екі жағдайда да бұл заң бұзушылыққа жатады, оларға жаза да қарастырылған. ТЕК, БҰЛ МӘСЕЛЕМЕН ТҮБЕГЕЙЛІ АЙНАЛЫСУ ҚАЖЕТ.

Ресми емес жұмыспен қамту шаруа қожалықтарында да кеңінен таралған. Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің мәліметі бойынша Палатцы округіндегі 29 қожалықтың тек 5 шаруашылық басшыларында жалдамалы жұмысшылар көрсетілген, Сарыбел округінде 10-ның 3-інде. «Бірлік»ШҚ (О.Қозығұлов) 790 га, «Лотос» ШҚ (Б.Дүзбенбетов) 200 га, «Оңғарбаев»ШҚ  (Қ.Оңғарбаев) 590 га, «Рустам»ШҚ (Б.Майтжанов) 108 га жыртылатын жер бар. Олардың  біреуінде де жалдамалы жұмысшылар жоқ.

Егер шаруа қожалықтарында техника, жұмысшылар болмаса,  олардың жерін кім өңдеп, малын кім бағып жатыр? Жер көлемін, мал басын есепке алсақ, жерді өңдеп, малды бағу үшін кем дегенде тағы да 115 адам жұмыс қолы қажет. Мұндай жағдай Сарыбел ауылдық округінде де бар.

Құрметті шаруа қожалықтарының басшылары, мемлекет тарапынан қолдау мен көмек ала отырып, заң талаптарын еске түсіріңіздер, ертеңгі кәріліктеріне зейнетақылық жиынтықсыз қалатын адамдарды ойлаңыздар. Олар сіздердің жерлестеріңіз, ауылдастарыңыз емес пе?!     

Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің сараптамасы бойынша және ішкі резервтерді есепке ала отырып, Палатцы ауылдық округінен 4,5-5 миллион теңге қосымша кіріс күтуге болады. 

Аудан әкімінің сауалдарына жауап бере отырып, Салық басқармасының басшысы ел Президентінің шағын бизнес субъектілерін тексеруге қарсы жарияланған мораторийге сілтеме жасап тұрды. Бұл дәйектер ол жарияланбай тұрып та белгілі болды емес пе?! Оның үстіне Президент мораториін бизнес өкілдері өздеріне білдірген сенім деп қабылдаулары керек. Бизнесті ашық және адал  жүргізу мораторийге қайтарылған жауап болуы тиіс. Бұл аталғанға Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры  ел Президентіне мораторий кезінде кәсіпкерлерден түсетін салық мөлшерін арттыру, олардың жаңа жұмыс орындарын құруы, инвестиция тартуды арттыру және басқа да индикаторлар да қарастырып енгізу жөнінде ұсыныс енгізгенін айта кету орынды болар. Бизнеспен өркениетті түрде айналысудың уақыты жеткен сияқты.

Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі жергілікті әкімдер болашақта округтің дамуын бағамдау үшін тұрғындардың экономикалық белсенді тобын жіті танып, құқықтық қатынаста кімді қорғау керектігін білулері керек екенін баса айтты.

Бұл мәселелерді шешу үшін тиімді жолдар анықталды. Олар бойынша ауылдық округ әкімдеріне, дербес бөлімдер мен барлық қызмет түрлері басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Көптеген мәселелер бойынша мерзімдер өте тығыз. Әрине, олардың орындалуы мамандардың жедел қимылы мен біліктілігіне байланысты. Алайда, бизнесмендер мен қатардағы тұрғындар да өздерінің азаматтық ұстанымдарын танытулары керек, сонда аудан бюджеті толығады. Ал, бюджет толық болса, ол ауылдардың дамуына да зор ықпал ететіні сөзсіз. 

Надежда ШАРОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз