Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі халайық! «Тәуелсіздік – алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі бар. Оның біріншісі -  көк байрақ, екіншісі – Елтаңба, үшіншісі - Әнұран, төртіншісі - қазақ тілі», - деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысын оятып, жүрегіне патриоттық сезім ұялататын - осы рәміздеріміз.

Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген таңда өз алдына мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез-келгеннің патриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды ел бола білдік. Сондықтан да, мемлекеттік рәміздеріміз — тәуелсіздігіміздің айғағы.

Өз халқымыздың, өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің ресми қалыптасқан құндылықтарын бағалап, қастерлей білу – әрбір қазақстандық азаматтың қастерлі борышы, патриоттығымыз бен Отанға деген құрметіміздің көрсеткіші.  Мемлекеттік рәміздерге жергілікті ұлт өкілдері ғана емес, қазақ жерінде тұратын ұлттар мен ұлыстар да құрметпен қарауы шарт. Мемлекеттік рәміздер патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда, ерекше мәнге ие. Рәміздерде қазақ халқының дүниетанымымен қатар тарихына да айрықша мән берілген. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа мирас боп қалатын асыл мұратымыз, ұлттық ерекшелігіміз.

Баршаларыңызға мықты денсаулық, зор бақыт пен амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

Д.М.Мусин, аудан әкімі

Р.Беспаев, мәслихат депутаты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз