Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

01 Мамыр 2014

ПОД ЕДИНЫМ ШАНЫРАКОМ

Высокие своды шанырака, надежные опоры и открытые двери нашего дома - это суть народа Казахстана, воплощение его многовекового опыта, духа и мудрости. Именно эти слова стали лейтмотивом для мероприятий, проходивших в День единства Народа Казахстана 1 мая на площади села Кокпекты. Как одна семья весело и шумно отпраздновали этот день кокпектинцы. Выставка  национальных блюд, ярмарка, танцы народов мира, выставка прикладного искусства, и главное – традиционное торжественное шествие по главной улице села жителей в национальных одеждах и митинг – показали многогранность и колорит национальностей, проживающих на территории Кокпектинского района. Аналогичные мероприятия прошли в этот день и в остальных сельских округах района.

Read more

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

Көзді ашып – жұмғанша көктемнің  соңғы айы мамыр да жетіп қалды. Алғашқы күнінен бірлік пен берекеге бастайтын бұл айдың барша адамзат үшін асқақ абыройы бар. Дүниежүзілік Ынтымақ, Еңбек, Бейбітшілік күні біздің елімізде де «Қазақстан Халқының бірлігі» күні деп аталып өтіледі. Бұл мерекені біздің аудан да бар сән-салтанатымен, думандатып атап өтті. Таңертең ертемен Абай көшесінен бастау алған мерекелік шерудің легінде барлық ұлттар өкілі ұлттық киімдерімен, шаттық көңілдерімен, қызылды-жасылды шарларымен Орталық алаңға қарай ағылды. Бірлігі жарасқан әр ұлт өкілдерінің көтерген «Мәңгілік ел» ұрандары аудандағы бейбіт өмірді, ынтымақтастықты паш еткендей. Татарлар, өзбектер, орыс ұлты, корейлер, украиндар, т.б. ұлттар бір атаның баласындай бір шаңырақтың астында татулық пен достықтың үлгісін көрсетті.

Шерудің сәнін келтіріп, қазақилықтың нағыз көркемдігін көрсеткен Аудандық орталық аурухананың ұжымы қастарына тазы ерткен сұлу, жорға сәйгүліктерге мініп, сал-серілердің салтанаты мен қазақ биін билеген қыздар жиналған қауымның қызу қошеметіне бөленді. Аудан әкімі Д.М.Мусин барша халықты айтулы мерекемен құттықтай келе, «Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық» деген тілегін білдірді. Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының мерекелік концерті мен сауық-сайранына ұласты.

Read more

ЧЕЛОВЕК С ПЛАМЕННЫМ СЕРДЦЕМ

Герой Социалистического Труда,  Народный Учитель,  Заслуженный педагог Казахской ССР,  Отличник просвещения. Эти высокие регалии можно было присвоить не одному педагогу, а нескольким людям, преданно служившим своему делу. Но этого достоин  действительно один человек – Жакия Шайжунусов, который без остатка отдавал всё свое время, тепло души, бесконечную любовь  детям-сиротам.

Родился Жакия Шайжунусов в 1914 году в живописном местечке Жабагы Абайского района Семипалатниской области. Ему еще и не исполнилось одного года, как забрали его отца Шайжунуса на тыловые военные работы. Вскоре семья получила похоронку о гибели кормильца семьи под Петроградом. Не выдержав тяжких испытаний и навалившегося горя, мать Жакии, Латипа слегла и в 1922 году ее не стало. В 8 лет мальчик – несмышленыш остался круглой сиротой. Его дядя Ильяс Байсалбайулы  с супругой Кайни, проявив душевность и простое человеческое участие, не оставили на произвол судьбы маленького мальчика, взяли к себе на воспитание, несмотря на то, что сами еле-еле сводили концы с концами.

Шли годы. Жакия вырос, возмужал. После окончания школы поступил в Семипалатинский педагогический техникум. В 1933 году получив диплом о средне-специальном образовании, по путевке прибыл воспитателем в Кокпектинский детский дом. С первого взгляда молодому педагогу в глаза бросились  отрешенный вид воспитанников детского дома, прохудившая на них одежда, безразличие ко всему. Данное детское  учреждение считалось недавно открытым, еще не совсем была сформирована материально-техническая база. Жакия сам прошел суровую школу жизни безотцовщины, которую в то время диктовали трудные времена, и ему не сразу удалось растопить сердца детей – сирот, которые  по волею судьбы оказались  под одной крышей  детского дома.  Молодой педагог приложил немало усилий, чтобы подобрать «ключик» к каждому ребенку, подростку, сердцем почувствовать их состояние, перенести через себя их переживания и радости. Начиная свою деятельность воспитателем, затем завучем, а с 1938 по 1976 годы - бессменным директором детского дома,  вплоть до выхода на заслуженный отдых, позволили ему подняться до таких высот, которые заслуживают всяких похвал.

Вся кипучая деятельность великого педагога была связана с детьми разных национальностей, совместно с воспитателями и работниками детского дома, в котором он проработал 43 года. Он  посвятил свою жизнь служению подрастающего поколения, их успешной учебе и должного воспитания.

Для того, чтобы  дети были всесторонне развиты, нужен был  креативный руководитель. Жакия ага в своем кабинете оформил небольшую библиотеку и методический уголок. Наряду с организацией и контролем работы воспитателей,  в детском доме действовал и  Совет детей. Первым председателем совета был избран Алжан Исабаев, затем Ануар Ибрагимов, Кабден Нурмуханов, Кумар Раев, Виктор Речной, которые стали по-настоящему организаторами всех добрых дел. 

За многолетний труд в деле воспитания детей-сирот, для которых детский дом стал родным, Ж.Шайжунусову были присвоены звания «Заслуженный учитель Казахской ССР», Героя Социалистического Труда. В пору своей  деятельности он вырастил плеяду прекрасных людей, настоящих патриотов, которых мы можем с гордостью перечислить -  Орсаева Галина, Солтанбек Уреспаев, Угизбаева Гульнар, Кабден Нурмуханов, Алексей Трунов, Кумар Раев, Халел Акимжанов, Толеш Ахатов, Жанна Оразбекова,  М.Сополева  и многие другие. Светлый и милый образ своего учителя они пронесли через всю свою жизнь, как светоч, дающий им силы и уверенность в будущем.

В трудные послевоенные годы директор детского дома создал все условия, чтобы занять свободное время своих воспитанников. Он  сумел увлечь детей предметом, развить в них любознательность, привычку преодолевать трудности, формировать у них потребность в знаниях. Невозможно по этому поводу  вспомнить об оркестре духовых  музыкальных инструментов. Во время  праздничных демонстраций оркестр всегда находился в первых рядах. Хотя и возглавляли кружки специалисты своего дела, но Жакия ага  сам руководил мероприятиями. Когда дело касалось детей, для него ни в чем не было мелочи. Под пристальным вниманием директора детдома  находились санитарное состояние и гигиена девочек, надлежащая обувь мальчиков, обеспечение всех детей школьной формой. Естественно, такая колоссальная работа не под силу одному человеку, поэтому рядом с ним всегда находились его коллеги Галина Федоровна Винтовкина, Солтанбек Уреспаев, Менташ Жакуповна Искакова, М.З.Кусайынова и другие.

Одним  из благовидных дел Жакии Шайжунусова является результат ведения подсобного хозяйства при детском доме, в котором трудились управляющий Абдилманов Жумажан, коневод Журсин Корлыбаев  и его супруга Шарипжамал апа, Базарбай Иманбаев, Сергей Нестеронко.

В детском доме трудовое воспитание проводилось по трем направлениям – труд самозанятости, учебный труд  и общественно-полезный труд. Привлечение к труду детей начиналось с небольших конкурсов, состязаний, в ходе которых у них формировалась ответственность за общественное имущество, недопущения их порчи.

 В летнее время формировались строительные бригады по изготовлению кирпичей, перед началом нового учебного года были введены мастерские по обработке дерева, пошиву одежды. Мастера своего дела, руководители этих цехов Амина Шалабаева и Чилажитден Махмутов прививали детям любовь к труду, оказывали ориентацию в выборе профессии.

Опытный педагог Жакия ага с огромной ответственностью подходил к вопросам по формированию кадрами воспитателей и работников детдома. Он никогда не нарушал своих принципов, придерживаясь жизненного кредо: «Чтобы быть воспитателем, будь сам воспитанным». Он не мог допустить и мысли, чтобы в воспитании детей, которые с детства и так были обделены судьбой, принимали участие непорядочные, случайные люди. Если такое и случалось, то беспокойный учитель вел с ними непримиримую борьбу.

Со временем детский дом рос, на глазах менялся его облик, облик его обителей, и  в результате многолетнего труда он превратился в одно из образцовых, известных учреждений, завоевавших непререкаемый авторитет.

В результатах труда Жакии ага, становления его как  известной личности, огромную роль и помощь оказала его милая супруга – Александра Викторовна Хлыновская. Представители того поколения ласково называли ее «тетя Шура». Чета Шайнусовых была образцовой, счастливой семьей, в которой воспитывалось 8 детей - сыновья Маркен, Токан, Жагыпар, Сержан, дочери Балхис, Надежда, Найля, Гүлсим. Александра Викторовна была женщиной мудрой, тактичной, заботливой, при жизни все  их дети обзавелись семьями, достигли определенных высот в жизни. Одним из достоинств, заслуживающего уважения к Шуре апай, было ее полное овладение казахским языком. Она могла в своей речи применять такие поговорки и пословицы, о которых многие и вспомнить не могли, соблюдала во всем традиции и обычаи казахского народа.  Верная жена и помощница прославленного учителя ушла в иной мир в 2008 году и была похоронена со всеми почестями в городе Семее.

Быть детьми такого знаменитого отца, наверное, было нелегко. Но    дети с честью и достоинством оправдали надежды родителей, получили высшее образование, стали настоящими людьми.  Дочери  - Балхис, пенсионерка, в прошлом работник музея,  Надежда, Найля – врачи, Гулсим – преподаватель бизнес-колледжа; сыновья – Маркен, высокопоставленный чиновник, Токан, президент АО «Казгипроцветмет», Жагыпар – пенсионер, ветеран педагогического труда, Сержан – по профессии врач, работает в сфере бизнеса.

Незаурядная, эрудированная личность, человек с пламенным сердцем – Жакия Шайжунусулы, завершил свой жизненный путь на 70-м году жизни в 1983 году, оставив после себя наследие великого творца – безграничную любовь к детям, в каждом из них он мог разглядел индивидуальную личность, человека,  патриота, гражданина своей страны.

Бакыт МУЛУКОВА

Read more

ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН ҰЛЫ ҰСТАЗ

Социалистік Еңбек Ері, Халық мұғалімі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, Ағарту саласының үздігі. Осыншама жоғары дәрежелі атақтар мен марапаттар бір ғана адамға емес, өз ісіне шын берілген, еңбегі сіңген бірнеше педагогтар мен тәрбиешілерге де жетер еді. Бірақ, Жақия Шайжүнісовтың панасыз қалған жетім балаларға қалай қызмет етіп, оларға өз бойындағы барлық жылуы мен даналығын, рухани күш-қайратын аямастан ақырына дейін жұмсағанын білгеннен соң, оның «Ұстаз» деген биік атқа нағыз лайық жан екеніне көзіңіз жетіп, жаңағы атақ-даңқтың, тіпті де, көптік етпейтінін ұғасыз.

Кейінгі ұрпақққа жарқын да өшпейтін ұлағат қалдырған, тірі кезінде-ақ аты аңызға айналған Жақия Шайжүнісұлы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының тумасы. 1914 жылы табиғаты көркем, ырысы мол Архат тауының баурайындағы Жабағы қыстауы деген жерде дүниеге келген ол, әрине, болашақ тағдырынан бейхабар еді. Аяғын апыл-тапыл басып, енді ғана тілі шығып келе жатқанда майдандағы қара жұмысқа алынған ауылдағы абзал азаматтармен бірге оның әкесі де кетіп, жыл толмай Шайжүністің Петроград түбінде қаза тапқаны туралы қара қағаз келген. Қайғы мен қасіреттен назаланған анасы Ләтипа ауыр науқасқа шалдығып, 1922 жылы дүние салды. Сөйтіп, Жақия 3 жасында әкеден, сегіз жасында анадан айрылған еді. Немере ағасы Ілияс Байсалбайұлы мен ақ ниетті жеңгесі Қайни кедейлігі мен жалшылығына қарамастан, қарапайым адамгершіліктің зор үлгісін көрсетіп, өздерінің шиеттей үйелмелі-сүйелмелі перзенттерінің қасына оны да қосып тәрбиелеп өсірді.

Мектепте алған білімін Семей қаласындағы педагогикалық техникумда жалғастырған Жақия 1933 жылы оқуын тәмамдап, жолдамамен Көкпекті балалар үйіне тәрбиеші болып келеді. Әлі де жұмыс тәсілдері қалыптасып үлгермеген жаңа ашылған, тың мекемеге келген бойда, балалардың дене, киім жүдеулігі мен көңілсіздігін бірден байқаған болатын. Аласапыран өмір талқысынан, оның ауыр сынынан өзі де өткен Жақия жетім балалармен іш тартып, шүйіркелесіп кету оңайға соқпағанмен өз тобындағы балалармен түсінісіп, ортақ тіл табуға бар күшін жұмсаған. Осылайша, уыздай жас жігіт қамкөңіл балалардың жай-күйін жан-жүрегімен сезініп, жауапкершілігі үлкен істі қатардағы тәрбиешіліктен бастап, Көкпекті балалар үйінің оқу ісінің меңгерушісі болса, ал 1938 жылдан бастап 1976 жылға дейін, яғни зейнеткерлік жасқа толғанша осы мекеменің директоры қызметін атқарды.

Өмір бойы тапжылмастан балалармен, тәрбиешілермен қоластындағы қамту қызметкерлерімен әртүрлі ұлттың балалары тұратын үлкен отбасында 43 жыл бойы үздіксіз қызмет еткен ол, бар ғұмырын балалардың тұрмыс-жағдайын жақсартып, тәлім–тәрбиесі мен оқу-білімін жетілдіруге арнады.

Балалардың ісіндегі қабілеттілігін қалыптастыру үшін оған сауатты да шебер басшылық қажет. Жақия аға өзінің жұмыс бөлмесінде шағын кітапхана, методикалық бұрыш ұйымдастырды. Тәрбиеші педагогтардың жұмысын ұйымдастырып бақылаумен қатар өз міндеттерінің бір буыны етіп балалар үйі советінің жұмысын алды. Балалар үйі советінің тұңғыш председателі болып сайланған Әлжан Исабаевтан бастап, буыны қатып, біршама ержетіп қалған Әнуар Ибрагимов, Қабден Нұрмұханов, Құмар Раев, Виктор Речной балалар үйінің сенімді ұйытқысы дәрежесіне көтерілді. Балалар кеңесі, әсіресе, тәрбиеленушілердің ішкі күн режиміне байланысты тіршілік әрекеттерін басқаруды міндеттеріне алып, тәрбиешілерді осы шаралардағы жұмыс бастылықтан жеңілдетуге мүмкіндік жасады.

Аумалы-төкпелі заманда түрлі қиындықтардың салдарынан тағдырдың соққысына ұшыраған қамкөңіл жетімдермен ұзақ жылдар бойы тапжылмастан еткен үздіксіз де қажырлы еңбегі үшін Ж.Шайжүнісовке әуелі «Қазақ КСР-не еңбек сіңірген мұғалім», ал 1968 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазіргі таңда кезінде Жақия Шайжүнісұлының шарапатына бөленген, ел шаруашылығының сан саласына кірпіш болып қаланған түрлі ұлт өкілдерін құрайтын азаматтар мен азаматшалар жүздеп, мыңдап саналады. Мәселен, Орсаева Галина, Солтанбек Өріспаев, Өгізбаева Гүлнар, Қабден Нұрмұханов, Алексей Трунов, Құмар Раев, Халел Әкімжанов, Төлеш Ахатов, Жанна Оразбекова, М.Сополева және тағы да басқа жүздеп саналатын түлектердің есімдерін мақтанышпен атай аламыз.  Ұстаздың жарқын бейнесі олардың санасынан ешқашан өшпек емес.

Соғыстан кейінгі ауыр жылдардың өзінде балаларды бос уақытында түрлі үйірмелерге қатыстыруға мүмкіндік жасап, олардың өнерге, білімге деген құлшыныстарын оятуы ұстаздың үлкен жетістігі екені белгілі. Балалар үйінің үрмелі аспаптар оркестрін еске алмай кету мүмкін емес. Мерекелік шерулерде үрлемелі аспаптар оркестрі үнемі топтың алдында жүретін. Көркемөнерпаздар үйірмесін өз ісіне шебер мамандар басқарғанмен, Жақия аға бас дайындықтарды, көбінесе, жеке өзі жүргізетін. Оған ұсақ-түйек деген болмайтын, ол үшін балалар өмірінің барлық жағы басты болды. Қыздардың шаштарын тексеріп, ұлдардың етіктерінің ішіндегі шұлғауларын қарап, мектеп формаларын киюін үнемі қадағалайтын. Әрине, бұл жалғыз кісінің ғана қолынан келетін іс емес, ол кісінің жанында үнемі әріптестері Галина Федоровна Винтовкина, Солтанбек Өріспаев, Менташ Жакуповна Искакова, М.З.Құсайынова т.б. болды.

Көкпекті балалар үйінің атын бүкіл Одаққа паш еткен қосалқы шаруашылықтың болуы Жақия Шайжүнісовтың ерен еңбегінің нәтижесі еді. Қосалқы шаруашылықты дамытуда ерен еңбегімен көзге түскен адамдарды айтар болсақ, олар қосалқы шаруашылықты ұйымдастырушы Әбділманов Жұмажан, жылқышы Жүрсін Қорлыбаев ақсақал мен оның жұбайы Шәріпжамал апа, Базарбай Иманбаев, Сергей Нестеронко сынды қарттар белдіктерін бір ағытпады деуге болады.

Балалар үйіндегі еңбек тәрбиесінің үш бағыты қалыптасты. Олар – өзін-өзі қамту еңбегі, оқу еңбегі және қоғамдық пайдалы еңбек. Еңбекке үйрету шаралары алғаш қарапайым әрекеттерден басталған. Мәселен, «түйме», «жаға», «оқулық», «дәптер» атты арнаулы операциялар, жиі-жиі мақсатты конкурстар өткізіп отыру әдетке айналдырылды. Олар балалардың қоғам мүлкіне деген жауапкершілігін арттыруға көп септігін тигізді.

Сондай-ақ, ересек балалардан құрылыс бригадаларын құрып, жазғы каникул кезінде кірпіш құйдырып, жаңа оқу жылы қарсаңына ағаш және тігін цехтары бар шеберхана іске қосылған. Осы цехтарда арнайы дайындығы бар мамандар Әмина Шалабаева мен Чилажитден  Махмутовтың жетекшілігімен, өз істеріне тиянақтылығы мен шеберліктерінің арқасында балалар еңбек пен кәсіпке жетік үйрене бастады.

Өз тәжірибесінде Жақия аға балалар үйіне педагогтық және қамту қызметшілерін қабылдауға ерекше жауапкершілікпен қарады. «Тәрбиеші болу үшін тәрбиелі бол» деген қағидаға Жақия Шайжүнісұлы ешқашан қиянат жасаған ұстаз емес. Басына сәбилік күнінен тағдырдың өзі берген аяусыз жазасы аздай, тәрбиешіден  жәбір көрген жарым көңіл балалардың келешегі оны қатты алаңдатты. Ол кісі балаларға жәбір көрсеткен, дене жазасын қолданып, балалардың ар-абыройына тіл тигізген адамдармен аяусыз күресті.

Уақыт өте келе балалар үйі, тұтас алғанда, қанша күш пен қабілет жұмсалған тынымсыз еңбектің нәтижесінде танымал тәрбие мекемелері қатарынан орын алып, қалыпты арнасына келді.

Жақия ағаның жан-жары – Александра Викторовна Хлыновская атты орыс қызы. Көкпекті өңірінің үлкендері құрметпен Шура апай деп  атап кеткен. Жақия аға мен Шура апай 4 ұл - Мәркен, Тоқан Жағыпар, Сержан, 4 қыз - Балхис (1934ж.т.), Надежда, Найля, Гүлсім атты 8 баланы өсіріп, тәрбиелеген бақытты отбасы. Александра Викторовна ұлын ұяға, қызын қияға қондырған өмірден түйгені мол, үлкен-кішіге қадірлі, өте байсалды жан болды. Қазақ тілінде еркін сөйлейтін, тіпті айтатын ойын мақал-мәтелді қосып, әрлендіре жеткізетін, қазақы салт-дәстүрді қалт жібермейтін-ді. Ұлағатты ұстаздың өміріне серік , демеу болған абзал ана 2008 жылы дүниеден қайтқанда қазақ салтымен Семей қаласында жерленді. Ардақты әке атын арқалап жүру балаларына оңай соқпасы рас. Алайда, балалары әке атына кір келтірмей, бәрі де жоғары білімді мамандық алып, еліміздің әр жерінде жауапты да мәртебелі қызметтерін адал атқара білді. Оқырмандарымызға түсінікті болу үшін айта кетсек, үлкен қызы Балхис Алматыдағы мұражайда еңбек еткен, қазір зейнеткер. Ұлы Мәркен республикада, Семей, Павлодар, Маңғыстау облыстарында,  Москвада жоғары лауазымды қызметтерде болған. Қазір зейнеткер Астанада тұрады. Надежда - дәрігер болған, қазір Алматыда, зейнеткер. Тоқан (1944 ж.т.)Өскеменде, «ҚАЗГИПРОЦВЕТМЕТ» АҚ Президенті. Жағыпар (1947 ж.т.) – педагогтық еңбекпен шұғылданған, зейнеткер Семейде тұрады. Найля – (1950 ж.т.) Семей медициналық университетінде сабақ береді, дәрігер. Гүлсім – Алматыда бизнес колледжде сабақ береді, Сержан (1957ж.т.) – мамандығы дәрігер, Семей қаласында бизнеспен шұғылданады.

Артына өшпес із қалдырып, мың баланың әкесі атанған еңбегі жанған ұлы ұстаз 1983 жылы 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз